Сынып: 5 Пән:Жаратылыстану. Күні :
Тақырыбы: Бөлме және дәрілік өсімдіктер.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға табиғаттағы барлық өсімдіктер қоршаған орта жағдайымен,бір-бірімен байланыста тіршілік ететіні жайлы айта отырып,бөлме және дәрілік өсімдіктері жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
1
|
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады.
|
Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.
|
2
|
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау.
1.Төменгі сатылы өсімдіктерді ата.
2.Жоғарғы сатылы өсімдіктерді ата
3.Табиғатта және адам өмірінде өсімдіктердің қандай маңызы бар?
4.Флора деп нені атаймыз?
|
Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға қыскаша жауап береді.
|
3
|
Бөлме өсімдіктері жарық сүйгіш, жылу сүйгіш,көлеңкеге бейім өсімдіктер болып бөлінеді.Жарық сүйгіш өсімдіктерді бөлменің жарығы мол түсетін жерлеріне орналастыру керек.Егер терезенің алдына қойсаңдар әйнекке тимеуі керек.
Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін Ежелгі Египетте, Үндістанда, Қытайда,Грекияда және т.б.елдердің емшілері білген.Дәрілік өсімдіктерді дайындаған кезде арнайы ережелерді білу қажет.Қай кезде өсімдіктердің қайсы бөлігін жинау керек.Себебі өсімдіктің әр түрлі органдарындағы дәрілік заттардың мөлшері бірдей бола бермейді.
|
Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.
|
4
|
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды.
1.Адамдар бөлмеде гүлді не үшін өсіреді?
2.Гүлге қандай күтім қажет?
Медицинада дәрілік өсімдіктердің пайдаланылуы және олардан қандай препараттар дайындайды?
Одан кейін тақтаға сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс.
|
Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды.
|
5
|
§47-48 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру.
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
6.
|
Сабаққа қатысқаны бойынша бағалау..
|
|
Сынып: 5 Пән:Жаратылыстану. Күні:
Тақырыбы: Еліміздегі мәдени өсімдіктер.Саңырауқұлақтар.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға еліміздегі мәдени өсімдіктер жайлы түсінік беру және саңырауқұлақтардың көптүрлігін олардың адам үшін маңызымен таныстыру.
Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Қосымша материалдар,оқулық т.б.
Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.
2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.
3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
1
|
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады.
|
Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.
|
2
|
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау.
1.Адамдар бөлмеде гүлді не үшін өсіреді?
2.Гүлге қандай күтім қажет?
Медицинада дәрілік өсімдіктердің пайдаланылуы және олардан қандай препараттар дайындайды?
|
Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға қыскаша жауап береді.
|
3
|
Адамдар үшін мәдени өсімдіктердің маңызы шексіз. Бау-бақшадағы, егін алқабындағы өсіп тұрған өсімдіктер азық-түліктің ,дәрі –дәрмектің ,мал азығының негізгі көзі.
Республикамызда мәдени өсімдіктер көп түрлі.Олардың арасында негізгі орында астықтұқымдастар-бидай ,қарабидай, сұлы ,жүгері, күріш,тары, және арпа. Олар Қазақстанның көп жерлерінде өсіріледі.
Саңырауқұлақтың маңызы.
Табиғатта
|
Адам өмірінде
|
1.Топырақтың құнарлылығын арттыруда қатынасады.
2.Өсіп тұрған және қураған ағаштарды шірітеді.
3.Тамақтану шеңберінің бір құрамдас бөлігі.
|
1.Адамдардағы ауруды қоздырушы.
2.Биологиялық активті заттарды қалыптастырады.
3.Тағам.
4. Дәрі-дәрмек.
|
|
Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.
|
4
|
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды.
1.Мәдени өсімдіктер дегеніміз не? Оларды қандай мақсатқа қолданады?
2.Саңырауқұлақтың өсімдіктен қандай айырмашылығы бар?
3.Саңырауқұлақтар қайда өседі?
Одан кейін тақтаға сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс.
|
Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды.
|
5
|
§49-50 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру.
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
6.
|
Сабаққа қатысқаны бойынша бағалау..
|
|
Сарамандық жұмыс №4
География 6-сынып. Күні:
Сабақтың тақырыбы: Мұхиттар мен теңіздер.
Сабақтың мақсаты: Картаның көмегімен жоспар бойынша мұхиттар мен теңіздерді сипаттай білу.
Дамытушылық : Кескін картамен жұмыс істеуге дағдылану.
Тәрбиелік : Суды үнемдей білуге және ластамауға үйрету.
Сабақтың әдісі : Мәтінмен, көрнекіліктермен ,атласпен,физикалық және кескін картамен ,өз беттерінше жұмыстар,қосымша материалдармен жұмыс.
Сабақтың түрі: бекіту
Сабақтың көрнекілігі: Жарты шарлардың физикалық картасы,кескін карта,қосымша материалдар.
Жұмыс барысы
1.Картаның көмегімен төмендегі жоспар бойынша мұхиттар мен теңіздерді сипаттау.
-географиялық орны
-ауданы
-ең терең жері
-ағысы
-жиектейтін материктер мен аралдар.
-шаруашылықты пайдалану мүмкіндіктері.
2. Кескін картада мұхиттарды ,теңіздерді, аралдарды белгілеу.
3. Қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: |