Сабақ түрі: лекция сабақ Сабақ типі: аралас сабақ Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап



Дата22.08.2017
өлшемі32,4 Kb.
#24599
түріСабақ
Пән Информатика

сынып 9

Тақырып: Цикл операторлары.

Мақсат: Оқушылардың Паскаль тіліндегі циклдік операторлар жайлы білімдерін қалыптастыруды жалғастыру. Циклдік программалар құрып үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды циклдік алгоритмдерді программалауды үйрету.

Дамытушылық –Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;

2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;

3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»

4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»
Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

1 Циклдік алгоритм дегеніміз не?

2 Қандай циклдік операторлар бар?

3 FOR операторының жазылу форматы қандай?.

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

REPEAT қайталау операторы WHILE операторына ұқсас, айырмашылығы – қайталану шарты цикл соңында тексеріледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі – цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады.

Бұл оператор REPEAT және UNTIL түйінді сөздерін пайдаланып орындалады. Жазылу пішімі:

REPEAT

<оператор 1>;

<оператор 2>;

…………


<оператор n>;

UNTIL <шарт>;

Бұл жерде операторлар REPEAT және UNTIL сөздерінің арасына орналасқандықтан, мұнда BEGIN және END сөздері жазылмайды.

REPEAT операторының циклі ішінде оның орындалу шартына әсер ететін кем дегенде бір оператор болуы тиіс, әйтпесе, ол шексіз қайталана беруі мүмкін.

Алдын ала берілген шарт бойынша қайталауды жүзеге асыратын оператор WHILE және DO түйінді сөздері қолданылып орындалады. Жазылу пішімі:

WHILE <қайталану шарты> DO <цикл тұлғасы>;

Мұндағы қайталану шарты – логикалық өрнек, цикл тұлғасы – қайталанып орындалып отыратын қарапайым немесе құрама оператор. Цикл әрбір орындалар алдында қайталану шартының мәні есептеледі, егер ол ақиқат болса, цикл тұлғасы орындалады да, шарт қайта тексеріледі. Қайталану шарты жалған болса, циклдің орындау доғарылып, WHILE операторынан кейінгі жолдар атқарыла бастайды. Егер шарт бірінші тексерілгеннен–ақ жалған болса, онда цикл орындалмайды. Егер цикл тұлғасы қарапайым оператор емес, құрама оператор болса, онда оператордың жазылу пішімін келесідей жазуға болады:

WHILE <шарт> DO

BEGIN

<1-оператор;>

<2-опреатор;>

…….



<N-опреатор;>

END;
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

1 REPEAT қайталау операторның жазылу форматы?

2 WHILE операторының жазылу форматы?

3 Циклдік операторларын ұйымдастыру жолдары?

Тапсырма №1.

y=cos10+cos20+cos30+….+cos200 функциясын есептейтін программа құрыңдар. Компьютерде орындап, нәтижені көрсет.

Тапсырма №2.

А) 21 + 23 + 25 + .. .+ 215 суммасын есептейтін программа құрыңдар.

Б) 21 * 23 * 25 *...* 215 көбейтіндісін есептейтін программа құрыңдар.

Компьютерде орындап, нәтижені көрсет.

Тапсырма №3.

Күрделі циклдың құрылымын пайдаланып, 2-ден 9-ға дейінгі көбейту кестесін экранға шығаратын программа құрыңдар.

Компьютерде орындап, нәтижені көрсет.
6)Сабақты қорытындылау

Оқушыларға циклдік операторлары туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма

REPEAT циклдік операторы. WHILE циклдік операторы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет