ІІ Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)
Өткен сабақ тақырыбын еске түсіру.
Студенттерге семантикалық карта беріп, үй тапсырмасын тест тапсыру арқылы тексеру.
Семантикалық карта (топтың 1 жартысы)
|
Радакциялау дегеніміз не
|
Блокнот қандай бағдарламаға жатады
|
Мәтінмен жасалатын операция
|
CTRL + X
пернелер комбинациясының қызметі
|
Редактор
|
|
+
|
|
|
Процессор
|
|
|
|
|
Мәтінді өңдеу
|
+
|
|
|
|
Қиып алу
|
|
|
|
+
|
Мәтінді көшіру
|
|
|
+
|
|
Семантикалық карта (топтың 2 жартысы)
|
Пунктуациялық қате қандай қате түріне жатады
|
Орфографиялық қате қалай белгіленеді
|
Мәтінмен жасалатын операция
|
CTRL + V
пернелер комбинациясының қызметі
|
Грамматикалық
|
+
|
|
|
|
Қызыл сызықпен
|
|
+
|
|
|
Мәтінді көшіру
|
|
|
+
|
|
Қою
|
|
|
|
+
|
Қиып алу
|
|
|
|
|
Бүгінгі сабақ тақырыбын айту. Өткен сабақ пен бүгінгі сабақ арасында байланысты анықтау.
Үй тапсырмасы ретінде MS Word мәтіндік редакторының секреттерін біліп келу берілген болатын. Сол секреттерді сұрап, тескеру. Мысалы, SHIFT + F3 клавишалар комбинациясының мүмкіндіктері, буфер алмасу дегеніміз не ? ....
ІІІ Теориялық мәлімет (13 мин)
MS Word мәтіндік редакторында мәтінді форматтау
Мәтіндік ақпаратты енгізу, өңдеу, сақтау және баспаға шығару әркекеттерін тиімді атқаратын бағдарламалар мәтіндік процессорлар деп аталады.
Мәтіндік редактордың негізгі атқаратын қызметі:
•мәтін фрагменттерімен жұмыс - мәтінді енгізу, қиып алу, көшіру, қою, орнын ауыстыру;
•мәтінді редакциялау (редакциялау кезінде мәтінді өзгерту, өңдеу және толықтыру);
•мәтінді форматтау (мәтіннің келбетін өзгерту).
Мәтінді форматтау дегеніміз - мәтіндік құжаттарды рәсімдеу (оформление) бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады.
Мәтінді форматтау әдістері:
- шрифт гарнитурасын өзгерту (шрифт аты);
- шрифтің өлшемін (размерін) өзгерту;
- шрифт түсін өзгерту;
- шрифт начертаниесін өзгерту (жартылай қарайтылған, курсив, асты сызылған);
- мәтінді туралау (ортасы, оң жақ, ені, сол жақ шеті бойынша туралау);
- абзац орнату;
- тізім жасау (маркерленген, нөмірленген).
- колонкаға бөлу;
- стилін өзгерту;
-беттің параметрлерін орнату;
- бетті нөмірлеу;
- колонтитулдар қою және т.б.;
IV. Практикалық тапсырма орындау (32 мин)
Жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтап, әрбір компьютер жанындағы жұмыс журналын толтырыңыз.
Microsoft Word офистік бағдарламасын Пуск - Все программы -MS Office - MS Word командасын орындау арқылы іске қосыңыз. Практикум 1,2,3 тапсырмаларын орындаңыз. Тапсырмалардың барлығын бір құжатта орындап, өз бумаңызда сақтаңыз.
Практикум 1 «Адасқан әріптер»(ағылшын тілімен байланыс) – жеңіл деңгей (7 мин)
Берілген ағылшынша сөздердің дұрыс жазылуын тауып, оны қазақшаға аударып, форматтаңыз. Мысалы, шрифттерді түрлі –түсті етіп бояу, астын сызу, начертание (курсив, жирный, подчеркнутый), гарнитурасын (шрифт аты) өзгерту.
lepAp -
oWdr -
eNobotok -
Ria -
plepeo-
Үлгі: Book- кітап
Практикум 2(қазақ тілі, әдебиеті пәнімен байланыс) - орташа деңгей (10 мин)
Мәтінді форматтау әдісі – нөмірленген, маркерленген тізім құру,мәтінді туралау, мәтінді граница/ жақтаумен қоршау.
/Өлеңнің әр жолы алдына Enter батырмасын басыңыз/
Ана тілі
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Практикум 2 тапсырмасын орындауға методикалық нұсқау.
Өлең мәтінін теріңіз. Өлеңді белгілеп алып, беттің ортасы бойынша туралаңыз.
Өлеңнің алғашқы екі жолына нөмір орнатыңыз. Ол үшін: Алғашқы 2 жолды белгілеп алып, Главная – Абзац – Нумерация командасын орындаңыз. Главная – Абзац –Маркеры жолымен келесі 2 жолды маркерлі тізіммен белгілеңіз.
Өлеңге жақтау орнатыңыз. Ол үшін: өлеңді ерекшелеп алып, Разметка страницы - Границы страниц командасын орындаңыз. Өзіңізге ұнаған жақтауды орнатыңыз.
Дайын болған жұмысты Office батырмасы – сохранить немесе Быстрый доступ панеліндегі дискета суретіне басыңыз.
Практикум 3 (Қазақстан тарихы пәнімен байланыс). Күрделі деңгей (15 мин)
Мәтінді форматтау әдісі – абзацты орнату, жоларалық интервал орнату, мәтінді түралау, колонкаға бөлу.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі - Елтаңба
Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттік бастауы – отбасы ошағын бейнелейді.
Елтаңбаның екі жағында қатты пырақ бейнеленген. Ол халықтың рухани байлығының белгісі.
Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болу керек.
Елтаңба авторлары - сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.
Практикум 3 тапсырмасын орындауға методикалық нұсқау.
Берілген мәтінді MS Word бағдарламасында теріңіз.
Мәтінді келесідей етіп пішімдеңіздер:
1-ші азат жолды ерекшелеп алып, Разметка страницы Абзац командасының көмегімен мәтінді келесідей пішімдеңіздер:
Общие бөлімінде Туралау (Выравнивание) – ені бойынша,
Отступ бөлімінде оң жақтан шегіну - 1см, бірінші жолдан шегіну - 1,5 см,
Интервал бөліміндегі аралық алдыңғы (перед) және кейінгі (после) өрістеріне 0пт. және 0 пт.мәндерін, жоларалық интервал – бір жарым параметрлерін енгізіңіз;
Главная Қаріп (Шрифт) командасының көмегімен мәтінді пішімдеңіздер:
Мәтіннің тақырыбына келесі параметрлерді тағайындаңыз: Қаріп (Шрифт) гарнитурасы - KZ Arial, Мөлшері (Размер)- 18 пт, Түсі(Цвет) - қызыл түс, ортада орналасқан.
Негізгі мәтінге келесі параметрлерді тағайындаңыз: Қаріп (Шрифт) KZ Times New Roman, Мөлшері(Размер) 14 пт., Түсі (Цвет) қою қөқ.
Мәтінді ерекшелеп алып, Разметка страницы Бағандар /Колонки/ командасын орындаңыз. Ашылған өрістен2 мәнін тандап алыңыз.
Дайын болған құжатты сақтаңыз. Қорытынды жазып, мұғалімге көрсетіңіз.
V. Қорытындылау: бүгінгі сабақта «не үйрендім?» деген сұраққа 3-5 сөйлеммен жауап жазу (5 мин).
Өткен сабақтаMS Word мәтіндік редакторында мәтінді редактрлеу, бүгінгі сабақта мәтінді форматтау тақырыптарын өттік. Осы тақырыптар арасында қандай байланыс, ұқсастық бар деп ойлайсындар? Ұқсастық бар болса, венн диаграммасы арқылы көрсетініздер (2 мин).
VІ. Бекіту сұрақтары (7 мин )
Форматтау дегеніміз не?
Форматтау әдістері қандай?
VІІ Практикалық жұмыс орындаған, үй тапсырмасына жауап берген студенттерді 4 балдық (2-5) жүйемен бағалау (7 мин).
VІIІ Үй тапсырмасын беру (3 мин). MS Word мәтіндік редакторында мәтінді форматтаутақырыбын оқу. Информатикадан 30 сабақ. Е.Қ. Балапанов, Б.Б. Бөрібаев, А.Б. Дәулетқұлов. Алматы, 2005ж.202-214 бб.
Кроссворд сұрақтары (көлденеңінен)
Сөз, мәтін құраушы элемент
Символ сөзінің баламасы
Мәтін сөзінің баламасы
Мәтінмен жасалатын операция
Клавиатурадағы символдар не арқылы енгізіледі?
|
1
|
с
|
и
|
м
|
в
|
о
|
л
|
|
|
|
|
2
|
ә
|
р
|
і
|
п
|
|
|
|
|
3
|
т
|
е
|
к
|
с
|
т
|
4
|
к
|
ө
|
ш
|
і
|
р
|
у
|
|
|
5
|
п
|
е
|
р
|
н
|
е
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |