Мақсаты: оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Оқушылардың естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі:сынып сағаты
Әдісі:әңгімелеу, сұрақ-жауап .
Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақылсөздер.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу назарын аударту.
Отбасы – мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына дегенсүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенгеқызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.