Сабақ№1 Сыныбы 7а Күні Мақсаты: Білімділік


Еуразия жағалауларын д.ж. мұхиттың қаншасы шайып жатыр?



бет11/25
Дата25.08.2017
өлшемі2,71 Mb.
#25958
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25

6.Еуразия жағалауларын д.ж. мұхиттың қаншасы шайып жатыр?

а) 4

ә) 2

б) 1

в) 3

7.Мұнай, газ қоры мен оларды өндіру жөнінен д.ж. жетекші орын алатын мұхит?

а) Тынық

ә) Атлант

б) Солтүстік мұзды

в) Үнді

8.Еуразияның оңтүстік–батысынан Азияның оңтүстік–шығысына дейін созылып жатқан сейсмикалық белдеу?

а) Альпі–Гималай

ә) Тынық–Мұхиттық

б) Альпі

в) Гималай

9.Биік Азия тауына қайсысы жатады?

а) Верхоян

ә) Бурея

б) Памир

в) Орал

10.Сапфир, рубин сияқты асыл тастар Еуразияның қай аймағында өндіріледі?

а) Сахалин аралы

ә) Үндістан түбегі

б) Крит аралы

в) Камчатка түбегі

11.Еуразияның ең көп бөлігін алып жатқан климаттық белдеу?

а) Қоңыржай

ә) Арктикалық

б) Тропиктік

в) Экваторлық

12.Үндістан, Үндіқытай түбектері мен оларға жалғас жатқан аралдар қандай климаттық белдеуде жатыр?

а) Субтропиктік

ә) Субарктикалық

б) Субэкваторлық

в) Қоңыржай

13.Еуразияның оңтүстік шығысындағы аралдар қандай климаттық белдеуде жатыр?

а) Қоңыржай

ә) Арктикалық

б) Тропиктік

в) Экваторлық

14.Еуразияның Атлант мұхиты алабына жататын өзендері?

а) Дунай, Рейн, Висла

ә) Амур, Хуанхэ, Янцзы

б) Үнді, Ганг, Тигр

в) Еділ, Жайық Әмудария

15.Пайда болуы жағынан Еуразияда қандай көлдер кеңінен тараған?

а) Жанартаулық көлдер

ә) Бөген көлдер

б) Қалдық көлдер

в) Тектоникалық көлдер

16.Еуразиядағы ең ірі мұздық:

а) Корженевск

ә) Федченко

б) Тибет

в) Гималай

17.Арктикалық шөл зонасы қандай климаттық белдеуге жатады?

а) Қоңыржай

ә) Субарктикалық

б) Экваторлық

в) Арктикалық

18.Зубр, бұлан, марал, елік қандай табиғат зонада мекендейді?

а) Тундра

ә) Саванна

б) Шөл

в) Тайга

19.Арабиядағы қандай шөлде тіршілік жоқтың қасы.

а) Такла–Макан

ә) Руб–эл–Хали

б) Гоби

в) Қызылқұм

20.Саванналар мен ауыспалы ылғалды ормандарда топырақтың қандай түрі тараған?

а) Қара, қара қоңыр

ә) Қоңыр, сұр қоңыр

б) Қызыл, қызыл қоңыр

в) Сары

21.Гималайдың оңтүстік беткейіндегі ең төменгі белдеу қалай аталады?

а) Терая

ә) Прерий

б) Самбо

в) Саванна

22.Таулардың 4500–5000 м. биіктікте қандай белдеу басталады?

а) Қылқан жапырақты ормандар

ә) Шалғындар

б) Қатты жапырақты ормандар

в) Мәңгі қар мен мұз

23.Еуразияда қаншаға жуық егеменді елдер және дамыған мемлекеттердің иеліктері орналасқан?

а) 110

ә) 90

б) 50

в) 75

24.Экваторлық нәсілге жататын халықтар Еуразияның қай аймағында кездеседі?

а) Шри–Ланка мен Үндістанның оңтүстігінде

ә) Ұлыбритания мен Апенин түбегінде

б) Тайвань аралы мен Корея түбегінде

в) Кипр аралы мен Арабия түбегінде

25.Еуропа елдері қанша аймаққа бөлінеді?

а) 3

ә) 5

б) 4

в) 6

26.Италия қай аймаққа кіреді?

а) Солтүстік Европа

ә) Оңтүстік Европа

б) Шығыс Европа

в) Батыс Европа

27.Чехияның астанасы қай қала?

а) Берлин

ә) Рим

б) Париж

в) Прага

28.Азия елдері қанша аймаққа бөлінеді?

а) 3

ә) 6

б) 4

в) 5

29.Қазақстан қандай аймаққа кіреді?

а) Орталық және Шығыс Азия

ә) Оңтүстік Азия

б) Оңтүстік–Батыс Азия

в) Оңтүстік–Шығыс Азия

30.Индонезияның астанасы қай қала?

а) Дели

ә) Джакарта

б) Пекин

в) Пномпен
Қорытындылау.

ІІІ. Қорытындылау, бағалау.

ІV. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Қайталау.


Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________



Тақырыбы: Солтүстік Америка географиялық орны, ашылуы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Солтүстік Американың географиялық орны, ашылуы және зерттелу зерттелу тарихы, жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Солтүстік Американың географиялық орнымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Кестемен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс.



3. Топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Топтастыру.

3. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Азия елдері қандай аймақтарға бөлінеді?

2. Оңтүстік-Батыс Азия елдері?

3. Оңтүстік Азия елдері?

4. Шығыс және Орталық Азия елдері?

5. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері?

Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Солтүстік Америка құрлығының шеткі нүктелерін түсіндіру.








2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Солтүстік Америка құрлығының зерттелу тарихын түсіндіру.


1492 ж

Х. Колумб аяқ басқан.

Х ғ.

Нормандар Гренландияға дейін жетіп, 100 жылдай тұрған.

ХV ғ.

Джон Кабот Ньюфаунленд аралы мен Лабрадор түбегінің жағалауын ашқан.

1519 ж.

Эрнан Кортес Мексика жерін басып алды.

ХVІІ ғ.

Генри Гудзон, Александер Макензи материктің солтүстік және шығыс жағалауларында көптеген жаңа жерлерді ашты.

1741 ж.

Витус Беринг, Алексей Чириков Алеут аралдарын бойлай жүзіп, Аляска жағалауын зерттеді.

1778 ж.

Джеймс Кук Нортон шығанағын зерттеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет