Жаңа сабақты түсіндіру
«Сен білесің бе»
1. Үстелдің үстіне машинаның, глобус,бақаның моделі т.б қойылады.
2.Ситуациялық сұрақтар:
Сыныпта тағы қандай заттардың моделін көріп тұрсыңдар?
Қалай ойлайсыңдар біздің бүгінгі сабағымыз не жайлы болмақ ?
3. Сонда модельді жасаушылар қандай мақсатпен жасап шығарды бұл машинаны?
«Модель» дегеніміз не ?
1.Мұғалім:
-Балалар, менің қолымдағы не нәрсе? (мұғалім қолында автомобиль ұстап тұрады)
-Бұл шынымен автомобиль ма ?
-Автомобиль не үшін қажет?
( қозғалыс үшін)
Қалай ойлайсыңдар мына машинамен қазір бір жерге барып келуге болады ма ?
Сонда бұл нәрсе не деп аталады? (ойыншық,макет,автомобиль моделі)
Әрине олай болса,біз бұл нәрсені автомобильдің модельі деп атаймыз.
2.Мұғалім:
Үстел үстіндегі моделдерді ұстап оқушыларға көрсетеді. Олай болса әрине, сабағымыздың тақырыбы:
«Модел ұғымы. Модель түрлері. Моделдеу».
Мақсатымыз қандай болмақ?
Модель ұғымымен танысу,түрлерін білу және моделдеуді үйрену. Дұрыс айтасыңдар балалар, дәптерді ашып бүгінгі күнді және тақырыпты жазып қойыңдар.
3.Мұғалім:
Автомобиль моделіне қайта оралайық. Қараңдаршы, автомобильдің рульі бұрылады ма ? Фары жанады ма ?,оған бензин құюға болады ма ? Шынымен де руль бұрылмайды, фары жағылмайды және бензин де құя алмаймыз.
Сонымен модель-дегеніміз не екен?
4. Мұғалім:
Сонымен модель ұғымына тоқталайық.
Модель-ол нақты нысанды,құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіру. Модель нысанның барлық қасиетін түсіндіре алмауы да мүмкін. Өздерің көргендей машинаның моделі жәй сол нысанның кішірейтілген түрі. Бірақта нақты машинадағындай барлық құрылғылары жинақталмаған. Модель -сол нақты нысанның қасиетін қайталайды немесе кейбір жағдайларда оны ауыстырады. Үлкен заттың өлшемін кішірейтіп жасаған.
Оқушылар жаңа сабақ бойынша негізгі анықтамалар мен сызбаларды дәптерлеріне жазып алады.
Достарыңызбен бөлісу: |