Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенің түсіну.
1.2.4.1. Шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау
1.3.3.1. мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату.
1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды иллюстрациялы шағын мәтіндерден тауып алу.
1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.
|
Сабақтың ортасы (6-35 минут)
|
(МК,Ұ) Мұғалім оқушыларға ертегі сөзінің мағынасын түсіндіреді, себебі осы бөлімде оқушылар бірнеше ертегі үйренеді әрі осы бөлімнің соңында олар қандай ертегі білетіндерін айта алады. Содан кейін мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады. Сурет бойынша «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің кейіпкерлерімен таныстырады. Оқушылар берілген үлгі бойынша ертегі кейіпкерлерін атайды. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің мазмұны өзге тілді аудиторияда үйретуге жеңіл болу үшін бейімделіп алынды. Бейімделген мәтін бойынша: Мақта қыз бен мысық жақсы дос болады. Бір күні мысық сүтті төгіп алады. Мақта қыз оған ренжиді. Содан мысық сүт әкелуге кетеді... соңында мысық Мақта қызға сүт әкеліп береді.
Сөйтіп екеуі қайта жақсы дос болады (оқушылар ертегі мазмұнын толық түсіну үшін, ертегі мазмұнын слайд арқылы толық айтып беруге болады). Оқулықта берілген екі сабақ көлемінде оқушылар осы ертегінің негізгі үзінділерін ғана үйренеді.
(МК,Ұ) Осы сабақтағы 2-тапсырмада оқушылар мысықтың сиырға (ағашқа, қыздарға, дүкеншіге, тауыққа, тышқанға) барғанын кесте бойынша айтып үйренеді. Мысалы: Мысық сиырға барады. Мысық ағашқа барады т.с.с.
(МК,Ұ) 3-тапсырма бойынша мұғалім оқушыларды жаңа сөздер қатарымен таныстырады. Олар: су, жапырақ, сағыз, жұмыртқа, дән. Оқушылар берілген сөздерді тыңдайды, қайталайды, сурет бойынша атайды.
(МК,Т) 4-тапсырмада ертегі бойынша 6 сюжетті сурет берілген. Оқушылар сурет бойынша үзіндіні толық тыңдайды, содан кейін мұғалім әр сюжет бойынша оқушыларға мазмұнын толық түсіндіреді. Соңында оқушылар өз қалауы бойынша рөлдерді бөліп алып, осы үзіндіні ойнайды.
(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.
Сондай-ақ АКТ-ны қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
|
№2 жұмыс дәптері
Слайд
Қосымша тапсырма: 6.4.
|