Сабаққа қатысқан оқушылар саны: Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: Сабақ мақсаты



Дата08.03.2018
өлшемі84,69 Kb.
#38381
түріСабақ

Тақырыбы:

Мерекелік дастархан



Мектебі: Мектеп-гимназия

Күні, айы: 29.11. 2016

Мұғалімнің аты-жөні: Мурат Сунхар

4 А сыныптары

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ мақсаты

Білімділік – жаңа сөздермен танысу, сөз тіркесі мен сөйлем құрастыру барысында қолдана білу. Мерекелік дастархан туралы мәтінді тыңдау арқылы,берілген тапсырманы орындай білу, сөз қорын байыту. Сын есім мен септік жалғауларын қайталау.




Жеке, топпен жұмыс жасай отыра, диалогтік әңгімеге қатыса отыра бір - бірінің жұмысын бағалай білуге үйрену; Мерекелік дастархан туралы мәлімет беруге, септіктерді қолдануға үйрену.




Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған және қастерлей білген,асқа байланысты салт-дәстүрлерді,ырымдарды біліп,сыйлауға үйрету. Қазақтың дәстүрлерін құрметтеу,дастарханға дегене сүйіспеншілік сезімін арттыру.

Күтілетін нәтиже

Оқытудың нәтижесі (табыс критерийлері):
1) Төмен деңгейлі оқушы үшін: жаңа сөздерді игеру,сөз тіркестерін және сөйлем құрастыра білу, грамматикалық тапсырманы орындау.
2) Орта деңгейлі оқушы үшін: Өзі ойларын жеткізе білу, сөйлем құрастыру, сұрақтарға жауап беру, септік жалғауларын қолдана білу, мәтінді тыңдау арқылы тапсырманы орындау.
3) Жоғары деңгейлі оқушы үшін: септік жалғауларын қолданады, өз ойларын толық жеткізіп, сұраққа толық жауап береді, дәлелдейді, ақпаратты жүйелейді, мәтінді тыңдау барысында тапсырманы орындау.
Түйінді идеялар:
1) тақырып бойынша өз ойларын жеткізу
2) өз идеяларын ұсыну
3) сабақ бойынша рефлексия жаза білу
4) уақытты тиімді пайдалану




Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

суреттер

Сабақтың басы

(5 минут)



А) Оқушылардың сабаққа дайындығы

Б)Кезекшінің рафарты.

Ә) Психологиялық дайындық:Қайырлы күн! Сіздермен кездескеніме қуаныштымын.Бүгінгі сабағымызды бір-бірімізге жақсы,жағымды сөздер айтуды бастаймыз.Мысалы: Бүгін сен ерекше әдемісін! Мен саған сәттілік тілеймін! (Шаттық шеңбері).

Оқушыларды 2 топқа бөлу. 1топ- Алмалар. 2 топ- Алмұрттар.

Сабақтың тақырыбын анықтау, сурет арқылы.

Ай күнді, тақырыпты дәптерге жазып қою.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

1. Үй тапсырмасын орындау арқылы, мерекелік дастарханымызды ыдыс-аяқпен жабдықтау. (жеке жұмыс, тапсырманы өзара тексету)

2.Жаңа сөздермен танысу, қайталау, сөз тіркестерін және сөйлем құрау арқылы дастарханға негізгі ас бауырсақ пен нанды қою;(топтық жұмыс).

3.Мәтінді тыңдау арқылы берілген тапсырмаларды орындап, негізгі тағам қазақша ет пен мәнтіні және қымызды дастарханға жайғастыру.

4.Берілген сөздерді септеу арқылы тәтті тағамдарды дастарханға жайғастыру (жеке жұмыс).

5. Сөйлемнің орын тәртібін дұрыс орналастырып постерге жазу.( дастарханға жеміс-жидектерді орналастыр, жұптық жұмыс).топтардың өзара бағалауы.Конец формы




5 минут

Үйге берілген жаңа сөздерді, оқушылардың қалай жаттап келгенін тексеру.карточка арқылы




Негізгі кезең

Жаңа сөздермен 6 минут

8 минут

10 минут


5 минут

2 минут


Негізгі

Бөлім

  1. Жаңа сөздермен танысу, дауыстап айту, сөз тіркестері мен

сөйлем құрастыру.

Қуанышты- радостный, керекті азық-түлікті- необходимые продукты , мерекелік- праздничный, дастархан- стол, скатерть, кеш соңында- в конце вечера, тәтті тоқаштар-сладкие булочки.



  1. Мұғалім мәтінді аудиода тыңдату және мағанасын орысшаға аудару.

Түсіну. Топтық жұмыс. Тапсырманы орындау

Мәтінмен жұмыс

Мерекелік дастархан

Бүгін біздің отбасында қуанышты күн. Анам мерекелік дастарханды жасады. Мен анама дастархан жасауға көмектестім. Мерекелік дастарханға көп қонақ келді. Кеш соңында атам қонақтарға ақ батасын берді. Маған бүгінгі кеш ұнады.



  1. Мәтінді 1 рет тыңдағанда мағанасын түсіндіру

  2. 2 рет тыңдап тапсырмалар орындап дәптерге жазу

Тапсырмалар:

1)тапсырма

Мәтіннің тақырыбын тап.

А) 22 наурыз

Ә) мерекелі дастархан

Б) жаңа жыл

2) тапсырма

Анам қандай дастархан жасады?

А) мерекелік

Ә) үлкен


А) ақ дастархан

3) тапсырма

Кеш соңында атам қонақтарға не берді?

А) кәмпит

Ә) ойыншық

Б) ақ батасын


Дұрыс жауаптары: 1-ә, 2-а, 3-б

Оқушылар дұрыс жауапттарды дәптерге жазады, парақшаны келесі топқа беріп, өзара байланыс арқылы тексеру.



Сергіту сәті: Мерекелік дастархан әнін орындау(2 минут)

Ережені қайталау

Заттың сыны сапасын, түсін білдіріп Қандай? Қай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: ақ, тәтті, сары тағы басқа.

Имя прилагательное — часть речи, которая обозначает признак предмета и отвечает на вопросы какой? какая?

Мәтінмен жұмыс



3.Алдарына берілген мәтінді оқу арқылы тапсырмаларды дәптерге орындау

Мерекелік дастархан

Бүгін біздің отбасында қуанышты күн. Менің сүйікті сіңлім Айтолқынның туған күні. Анам таңертең дүкенге барып керекті азық-түліктерді сатып алып келді. Анам бауырсақ, тәтті тоқаштар пісірді.

Қонақттар кешке жеті сағаттакелді. Анам мерекелік дастарханды жасады. Мен анама дастархан жасауға көмектестім. Кеш соңында атам қонақтарға ақ батасын берді.


Тапсырмалар:

  1. Мәтіндегі сын есімдерді (прилагательные) тап.

  2. Анам қандай дастархан жасады?

  3. Бүгін кімнің туған күні?

  4. Қонақтар неше сағатта келді?


Дұрыс жауаптар:

1. Мәтіндегі сын есімдер: қуанышты, сүйікті, тәтті, мерекелік, ақ.

2. Анам мерекелік дастархан жасады.

3. Бүгін сүйікті сіңлім Айтолқынның туған күні.

4. Қонақтар кешке жеті сағатта келді.

Ережені қайталау
4.Жеке жұмыс

1-топқа Бауырсақ сөзі.

2-топқа Тоқаштар сөзі

А.с бауырсақ, тоқаштар

І.с бауырсақтың, тоқаштардың

Б.с бауырсаққа, тоқаштарға

Т.с бауырсақты, тоқаштарды

Ж.с бауырсақта, тоқаштарда

Ш.с бауырсақтан, тоқаштардан

К.с бауырсақпен, тоқаштармен


Жасалған дастархандарын қорғау (топ басшылары)
Мәтінді түсініп тыңдау, тапсырманы дұрыс орындау;

Алдыларында берілген сөйлемдерді дұрыстап құрап, постерлеріне жазады;

Орындарында отырып берілген сөздерге септік жалғауларын жалғап;

Белсенділігі, ойының нақтылығы, тұжырымдылығы, сөз саптауы, топтағы ынтымақтастық деңгейі.

Тапсырмалардың дұрыстығы,қатесіз, таза, орындаулары, жазулары.

Оқулықтары, карточкалар, бағалау парағы

Бағалау

Әдісі: өзара бағалау .



Орындалуы: бағалау парағы арқылы бір-бірін бағалайды

Қорытынды баға қояды.

Топ басшысы өзінің тобындағы бағалаған оқушылардың бағаларын айтады.

бағалау парақтарын жинап алу.



суреттер

аудио


Дәптерде жазбаша жұмыс

Сабақтың соңы

3 минут


Қорытынды

Орындалуы: Сабақта не ұнады, нені білдіңдер, сабақ несімен ұнады.



Рефлексия

Оқушыларға түрлі түсті стикерлер беріледі.

Оқушылар өздерінің ойларын стикерлерге жазып, жапсырып кетеді

Түрлі түсті стикерлер






Үй тапсырмасы

Бағалау


2 минут

Өз сүйікті тағамдары жайында сөздіктерді пайдалана отырып шағын әңгіме жазу, көптік жалғауларын қайталау

Үй тапсырмасын қалай орындау керектігін түсіндіру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады

Үйге тапсырма: сөздікті жаттау, 5 сөйлем құрастырып, жазу





Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?







Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?



1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет