Түзулердің параллельдік белгілері .
Інұсқа
1.Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда ... тең болса , онда бұл түзулер параллель болады.
( Параллельдіктің І белгісі орындалатындай етіп , көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар. )
2.Егер қайсыбір түзу параллель екі түзудің біреуін қиса , онда ол екіншісін қиюы мүмкін бе ?
3.Параллель екі түзу мен қиюшыдан жасалған ішкі тұтас екі бұрыштың айырмасы 300 тең .Осы бұрыштар неге тең?
4.Параллель екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштардың біреуі 750 –қа тең. Осы бұрыштар неге тең?
ІІ нұсқа
1.Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда ... тең болса, онда бұл түзулер параллель болады.
( Параллельдіктің ІІ белгісі орындалатындай етіп, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар. )
2.Егер параллель екі түзуге үшінші түзу параллель болса, онда үш түзу өзара параллель болуы мүмкін бе ?
3.Параллель екі түзу мен қиюшыдан жасалған ішкі айқышш екі бұрыштың қосындысы 1500-қа тең. Осы бұрыштар неге тең ?
4. Параллель екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштардың біреуі 650 –қа тең. Осы бұрыштар неге тең?
Топтық жұмыс
1- теорема (§8, 2-теоремаға кері теорема). Егер параллель екі түзуді үшінші түзу қиып өтсе, онда пайда болған айқыш бұрыштар тең болады.
2-теорема (§8, 3-теоремаға кері). Параллель екі түзу үшінші түзумен қиылысқанда а) ішкі тұтас бұрыштардың қосындысы 1800-қа тең; ә) сәйкес бұрыштар тең болады.
3-теорема. Сәйкес қабырғалары параллель екі бұрыш өзара тең немесе олардың қосындысы 1800-қа тең болады.
Салдар. Сәйкес қабырғалары бірдей немесе қарама-қарсы бағытталған екі бұрыш тең болады.
Жеке жұмыс
№108. Екі параллель түзу үшінші түзумен қиылысады. Ішкі бұрыштардың бірі мен оған вертикаль бұрыштың қосындысы 2400-қа тең. Берілген бұрышқа сәйкес бұрышты табыңдар. Жауабы. 1200
№3 а және в параллель түзулері с түзуімен қиылысады. Ішкі тұстас бұрыштарды табыңдар:
2) 1 – 2 = 300; 3) 1 : 2 = 1 : 2
Жауабы: 2) 1050; 750 3) 600; 1200
№4 АВ және СД түзулері КL түзуімен О және Е нүктелерінде қиылысады. Егер КОВ бұрышы КЕС бұрышының төрттен бір бөлігін құраса және
КЕС = 1440 болса, онда АВ және СД түзулерінің параллель болатынын дәлелдеңдер. Жауабы:КОВ = АОЕ себебі вертикаль бұрыштар. АОЕ + КЕС = 1800,
АОЕ = 1800 – 1440 = 360, сондықтан параллель.
№5 а және в параллель түзулері с түзуімен қиылысады. Ішкі тұстас бұрыштарды және ішкі тұстас бұрыштың біреуіне вертикаль бұрышты табыңдар:
1) 2 = 1/2* 1; 2) 3 + 2 = 700; 3) 3 : 1 = 2 : 3
Жауабы: 1) 600; 1200 2) 350; 350 3) 720; 1080
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. Егер а мен b және b мен с түзулері қиылысса, а мен с түзулері қиылысады деп айтуға бола ма?
2. с түзуін жүргізіп, оған тиісті емес А нүктесі белгілеңдер. Осы нүктелердің әрқайсысы арқылы с түзуіне параллель болатын түзу жүргізіңдер. Ол түзулер қалай орналасады?
3. а,b түзулері берілген. Егер а‖b болса, b‖а бола ма? Жауабын түсіндіріңдер.
4. а мен b түзулері бір нүктеде қиылысады. Олардың әрқайсысына параллель түзулер бола ма? Жауабын түсіндіріңдер.
ІІ деңгей тапсырмалары
1. а.b,c түзулері берілген. а‖b, ал b мен с қиылысады. А мен с түзулерінің де қиылысатынын дәлелдеңдер.
2. Сәуле жазыңқы бұрышты 1:4 қатынасқа бөлсе, пайда болған бұрыштардың шамалары қандай?
ІІІ деңгей тапсырмалары
1. а түзуі мен осы түзуге тиісті емес а нүктесі берілген. А нүктесі арқылы өтетін үш түзудің ең болмасы екеуі а түзуін қиятынын дәлелдеңдер.Топтық жұмыс.
Парталас сыныптастарыңмен үшінші деңгей есебін шығарыңдар.
|