Сабаққа қатысушылар: Қатыспағандар: Сабақтың тақырыбы



бет2/6
Дата08.02.2022
өлшемі143,12 Kb.
#98144
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 сабақ Өмірдің өзі театр

1-тапсырма.




Оқушылар актер, халық әртісі Сәбит Оразбаевтың « Өмірдің өзі – театр» естелік әңгімесін тыңдайды және автордың көзқарасын анықтайды:


«Камал ағамыз нан жемейді»

«Әй, ақсақал, не сен ойна,не мен ойнайын…» Сахнаға Қодар шыққан кезде жұртшылық та шулап кетеді. Халықтың ұғымында ол өте жауыз адам ғой. Әсіресе, Қозы мен Қодардың қылыштасатын жері бар. Енді кездеспеуге серттесіп, екеуі екі жаққа кетеді. Сөйтсе залда отырған бір көрермен шал: «Әй, атаңа нәлет, Қодар, атаңа нәлет, ақыры осының түбіне жетесің-ау», деп, қайта-қайта айқайлап отыратын көрінеді. Бір кезде шыдамы таусылған Жантөрин сұсты көзін шалға қадап: «Әй, ақсақал, не сен ойна, не мен ойнайын. Неменеге менімен жағаласа бересің?» дейді. Шал: «Ойнай бер, ойнай бер, бірақ, бәрібір түбіне жетесің ғой» деп қоймайтын көрінеді. Ақырында Қозыға пышақ салып, өлтіріп жатқанда Қозының: «Баян, Баян. Арманда кеттім-ау, Баян» деп шалқасынан құлайтын жері бар ғой, соған келгенде әлгі шал орнынан атып тұрып: «Атаңа нәлет, Қодар, ақыры өлтіріп тындың ба?» дейді бар даусымен. Жұрт қой десе қоймайды. Содан Нұрмұхан қолында пышағы бар, тура әлгі шалға қатулы қабағымен қараған ғой. Әлгі шал: «Айттым ғой. Бұл енді мені өлтіреді», – деп сыртқа қарай тұра қашыпты.




Автордың көзқарасын анықтау мақсатында төмендегі сұрақтарға жауап береді:

  1. Автор неліктен өмірдің өзі театр дейді?

  2. Көрермен қарттың әрекеті дұрыс/бұрыс па? Неліктен

  3. Қазіргі актерлер өз кейіпкерлерін қалай сомдайды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет