Сабаққа қатысушылар: Қатыспағандар: Сабақтың тақырыбы


Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөйлем лепті сөйлем деп аталады



бет5/6
Дата08.02.2022
өлшемі143,12 Kb.
#98144
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 сабақ Өмірдің өзі театр

Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөйлем лепті сөйлем деп аталады.


Мысалы,
Шіркін, Абай ролін сомдасам ғой!

айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылады: күйіну, таңдану, өкіну, сұқтану, сүйсіну, қорқу, қуану, қапалану, наразылық білдіргенде, т. б.

лепті сөйлем ерекше эмоциямен, сезіммен айтылады.



Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:
1) сөйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы: Көзі мұндай өткір болар ма!
2) сөйлемге -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы: Балам, қонақтарға бір күй тартып бере ғой! Қарағым-ай, қатты толқып тұрсың-ау!
3) көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы: Пай-пай, дауыс деп осыны айт! Уһ, жеттім ғой ақыры!
4) Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады



Бұйрықты сөйлем

Негізгі белгілері



Біреуге бұйыру не талап ету мақсатында айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады.


Мысалы, Шуламай, көңіл қойып тыңдаңдар!

біреуге бұйыру, талап ету мақсатында айтылады

бұйрықты сөйлем етістіктің бұйрық райының 2, 3-жағында айтылады

бұйрық не шартты райға -шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалады

бұйрықты сөйлемнен соң нүкте немесе леп белгісі қойылады



Тілдік бағдар тапсырмасы:


Оқушылар мәтіннен жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне қарай ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет