Сабаққа дайындалуға арналған негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата26.02.2022
өлшемі239,78 Kb.
#133491
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3 параграф клет.биология

Гольджи 
кешені
– 
жасушаның 
негізгі 
органелласы.Б
ір-
біріменқабаттасатығызорналасқанжалпақ мембраналы 5 – 10 «цистернадан» 
жәнеолардыңшетіндегіұсақкөпіршіктерденқұралған органелла. Ол тегіс эндоплазмалық 
тормен жалғаса орналасқан. Мұнда заттардың биохимиялық модификациясы іске 
асырылады. Лизосомаға, пероксисомаға, плазмалық мембранаға немесе секреторлы 
көпіршіктерге бағытталған барлық аққуыздар, липидтер және мембраналық 
компоненттер осы кешен арқылы өтеді. 
Әртүрлі органеллалар үшін тағайындалған
белоктар Гольджи торабына жеткенде, SNAP белоктарының көмегімен қажетті 
органеллаларға өзінің сұйықтығын беретін арнайы көпіршіктер бөлініп қапталып 
шығады. Кейбір белоктар цитоқаңқаның микротүтікше компоненттері бойынша 
тасымалданады. Гольджи кешеніне қарай эндоплазмалық торда синтезделген заттар 
жеткізіледі. 
Эндоплазмалық 
тор 
цистерналарынан, 
Гольджи 
кешенінің
цистерналарымен бірігетін көпіршіктер босатылып шығады. Осы жерде заттар 
түрленіп, жетіледі. Гольджи кешенінің көпіршіктері лизосома, сүт безінің белогы, 
бауырдағы өт түзілуіне т.с.с. қатысады. Гольджи кешенінің цистерналары
цитоплазмадан моносахаридтерді белсенді түрде алады оны күрделі олиго, 
полисахаридтерге белсенді түрде синтездейді. Гольджи кешені жәнеэндоплазмалық тор 
өзара тығыз байланысты. Оның біріккен әрекеттері жасушада синтезді қамтамасыз 
етеді, оны оқшауландырады және тасымалдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет