Ядро тесіктері–
алпауыт макромолекулярлық кешен.
Кешен арқылы белоктар
мен рибонуклеопротеидтердің белсенді алмасуы жүреді. Бұл кешен- ядро ішіненжәне
одан үнемі алмасып отыратын заттар үшін негізгі ақпа болып есептеледі.Мысалы:
мРНК,
рибосома суббірліктері, гистондар,
рибосомды белоктар, транскрипция
факторлары, иондар мен ұсақ молекулалар тез алмасады.
Ядродан молекулалар
эндоплазмалық тормен және цитозольмен тез алмасып отырады және алмасу белсенді
тасымалдану арқылы жүзеге асырылады. Пассивті диффузия және белсенді
тасымалдану ядролық табалдырықтық кешен арқылы жүзеге асырылады.
Белсенді
ядролық импорт кезеңдері:
Цитозолда еріген рецептор импортталған молекуланы таниды. Рецептор мен
молекула кешенге байланысады.
Рецепторлық кешен ядролық табалдырық кешенінің
цитоплазмалық бетімен
байланысады.
Лиганд рецепторының кешені ЯПК орталық каналына жақынырақ ығысады.
Ядролық матрикс –
тор тәріздес талшықты құрылымдықалыптастыратын
арнайы аралық филаменттердің торлы құрылымы. Ол
ядролық мембрананың
липопротеинді кешенімен байланысты.
Жасуша ядросының қызметі:
Жасушада заттардың алмасуын реттейді
Тұқым қуалау ақпарат сақталады және оның өнімі жүзеге асырылады. РНК
синтезі жүреді
Рибосомалар жиынтығы жүреді