Сабақтың жалпы педагогикалық талдауын жасау үлгісі
Осы сабақтың бір тақырыпты басқа сабақтардың жүйесіндегі орны; сабақ мақсатының дұрыс қойылуы;
Сабақты ұйымдастыру:
а) сабақтың типі;
ә) сабақтың құрымы, оның бөлек элементтері, оның жүйелігі және уақытты мөлшерлеу; сабақтың құрастырылуы оның мазмұны мен мақсатының сәйкестігі;
б) сынып оқушыларының сабаққа дайын болуы;
в) сабақ бойы оқушылардың белсенділігін ұйымдастыру; сабақта жаппай, топтық, ұжымдық жұмыстарды үйлестіру;
г) сабақтың тығыздығы; уақытты ұтымды қолдану.
Сабақтың мазмұны:
а) материалдың ғылымилығы;
ә) оқушылардың әр түрлі әрекет түрлері мен сабақтың кезеңдерінде материалдарды дұрыс қолдану;
б) сабақ мазмұны мұғалім жұмыс істейтін бағдарлама талаптарына сәйкес болуы;
в) сабақтың тәрбие бағыттылығы;
г) теорияны тәжірибемен байланыстыру; мұғалім теорияның тәжірибелік қажеттілігін ашу; оқушыларды алған білімін практикада (тәжірибеде) қолдануды үйрету;
д) жаңа оқып жатқан материалды алдында өткенмен байланыстыру; өткенді қайталау жолдары;
е) пәнаралық байланыс;
ж) мұғалімнің тілі: сауаттылығы, сезімділігі, тіл байлығы;
з) оқушының білім, біліктілік және дағды сапасы;
и) оқушылар тілі.
Сабақ өткізу әдістемесі:
а) сабақ жабдықтары, сабақтың әр кезеңінде көрнекі құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану;
ә) сабақтың әр кезеңінде мұғалім қолданатын әдістері мен жолдары;
б) сабақтың мазмұны мен мақсатарына, оқушылардың жасы мен деңгейіне әдістерднің сәйкес болуы; қолданған әдістердің тиімділігі;
в) оқушылар алдында сабақ мақсатын қою және қорытындысын шығару;
г) сабақта үлгермейтін және нашар үлгеретін оқушылармен атқарылған жұмыстар;
д) мұғалім белсенді оқыту әдістерін меңгеруі; осы әдістерді сабақта қолдануы мақсатқа лайықтылығы;
е) мұғалімнің оқушылар білім сапасын бағалау жүйесі; оның педагогикалық құндылығы.
5. Мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасы: үні, қарым-қатынас стилі, жеке оқушылармен және сыныппен қатынас мәнері.
6. Оқушылардың сабақтағы жұмысы мен тәртібі:
а) жеке оқушылардың және сыныптың белсенділігі;
б) оқушылардың сабаққа деген көзқарасы, сабақ материалына қызығушылығы;
в) оқушылардың мұғалімге көзқарасы;
г) оқушылардың тәртібі мен ұйымдасқандығы;
д) оқушылардың тілі; қойылған сұрақтары.
7.Сабақ бойынша жалпы қорытындысы.
Сабақтар модельдерінің суреті
Қызмет түрлері бойынша
Қызмет түрлері мен сабақ кезеңдері бойынша
Аспектілер мен көрсеткіштер бойынша
Сабақты өзі талдау жасау жаднамасы
Сабақты өткізу ой және жоспар алғашында қандай еді, неге?
Сабақтың осындай таңдау жасауға не негіз болды?
Ол алдындағы сабақтармен қалай байланысты, нені тірек етеді?
Осы сабақ қалай келесі сабақтарға, тақырыптарға, тарауларға ықпал етеді?
Қалай сабақ дайындағанда бағдарлама талаптары, білім беру стандарты, осы мектептің даму стратегиясы есептелді?
Осы сабақтың ерекшелігі, бірегейлігі неде?
Қалай және неге осы сабақ формасы таңдалған?
Сабақ дайындалғанда сыныптың, оқушылардың ерекшеліктері есепке алынды?
Сабақтың негізгі мақсаттары.
Сабақтың құрамы мен жылдамдығының таңдалуы неге негізделеді?
Сабақтың нақты барысы, мұғалім мен оқушының байланыс сипаттамасы неге негізделеді? Не себепте осындай мазмұн, әдістер, тәсілдер, формалар қолданылды?
Сабақ өткізу үшін қандай жағдайлар жасалған (әлеуметтік-психологиялық, оқу-материалдық, гигиеналық, эстетикалық, темпоритмикалық)?
Достарыңызбен бөлісу: |