Сабақтарды бақылау бағдарламасы:
I тип. Үйрену (зерделеу) және жаңа білім мен қызмет тәсілдерін алғашқы бекіту сабағы.
Мақсаты:оқушылардың қабылдау, мәнін түсіну және жаңа білім мен қызмет тәсілдерін алғашқы есте сақтауларын ұйымдастыру.
II тип. Жаңа білім мен қызмет тәсілдерін бекіту сабағы.
Мақсаты: оқушының білімін және қызмет тәсілдерін бекітуді қамтамасыз ету.
III тип. Білім мен қызмет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы
Мақсаты:оқушылар кешенді білімдері мен қызмет тәсілдерін өз беттерімен қолдануларына мазмұнды және ұйымдастырылған жағдай жасау.
IV тип. Білім мен қызмет тәсілдерін жинақтау және жүйелеу сабағы.
Мақсат:оқушылардың білім мен қызмет тәсілдерін жинақтауды ұйымдастыру.
V тип. Білім мен қызмет тәсілдерін тексеру, бағалау, өңдеу сабағы.
Мақсаты:оқушылардың білім мен қызмет тәсілдерін тексеруді және бағалауды ұйымдастыру; оқушыларды өз білім мен қызмет тәсілдерін өңдеуін ұйымдастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |