Сабаққа керекті құралдар-жабдықтар: Әр түрлі биіктіктегі арыс, гимнастикалық төсеніш, гимнастикалық скамейка



бет6/18
Дата07.05.2017
өлшемі3,24 Mb.
#16024
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және

жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы

бұрылыстар.
Сабақтың мақсаты: 1. Саптық дайындық кезіндегі бұйрықтар

түрлерімен таныстыру. Саптық және жорықтық

адыммен қозғалыс жасауға үйрету.

2. Қозғалыстағы бұрылыстар туралы білімдерін

толықтыру. Топтық жұмыс жасауды дамыту.

3. Отанын қорғай алатын, елін, жерін сүйетін

жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Өтетін орны: Мектеп алаңы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сапқа тұрғызу.

2. Взвод командирінің баяндамасы.

3.Сәлемдесу.

4. Сырт келбетін тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:



  1. Сап дегеніміз не?

  2. Қатар дегеніміз не?

  3. Қаптал дегеніміз не?

  4. Мандайшеп дегеніміз не?

  5. Аралық дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Орында тұрғандағы бұрылыстар: «Оң-ға!», «Сол-ға!», «Артқа бұ-рыл!» пәрмендері бойынша орындалады.

Артқа және солға бұрылу – сол қол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.

Бұрылыста екі тәсілде орындалады:



  • Бірінші тәсіл – дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылуы керек, алдыңғы тұрған аяққа дененің салмағын салу керек;

  • Екінші тәсіл – қысқа жол арқылы екінші аяқты қою керек.

Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.

Адыммен қозғалыс жасау минутына 110-120 адым адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады, адымның шамасы 70-80 см.

Жүгірумен қозғалыс жасау минутына 168-180 адым адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады, адымның шамасы 85-90 см.

Адым саптық және жорықтық болады.

Саптық адым бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өтуі кезінде; олардың қозғалыс кезінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде; әскери қызметші саптан шыққанда және сапқа қайта келгенде, сондай-ақ саптық даярлық жөніндегі сабақтарды қолданылады.

Басқа жағдайларда жорықтық адым қолданылады.

Саптық адыммен қозғалыс жасау: «Саппен адым бас!» (қозғалыс кезінде: «Саппен – адымда!») пәрменімен, ал жорықтық адыммен қозғалыс жасау: «Адым – бас!» пәрмені бойынша басталады.

Алдын-ала пәрмені бойынша денені біршама алға ұмсындырылады, оның салмағы орнықтылығын сақтай отырып, оң аяққа салу керек; орындалатын пәрмен бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.

Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшын жерден 15-20 см жоғары көтеріп, аяқ алға созылады және табанға нық қойылады. Иықтан бастап қолдармен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға – оларды шынтақта денеден алақанның еніндей ұстап, белдіктен жоғары көтерілетіндей бүгіп, ал шынтақ қолдың білегінің деңгейіндей болу керек; артқа – иық буынның шегіне жеткенше. Қолдың саусақтарын жартылай бүгіп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарай қарау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғалу керек және оны жерге әдеттегі жүрістегідей қою керек; қолмен дененің айналасында еркін қозғалыс жасау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Тік тұр!» пәрмені бойынша саптық адымға көшу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Еркін тұр!» пәрмені бойынша жорықтық адыммен жүру керек.

Орында тұрып адым жасауды көрсету: «Орында адым – бас!» (қозғалыста: «Орында!») пәрмені бойынша жүргізіледі.



ІV. Сабақты бекіту.

Практика жүзінде орындау.

V. Сабақты қорыту.

1. Адыммен қозғалыс жасау минутына қанша адым?

2. Жорықтық адыммен қозғалыс жасауда қандай пәрмен беріледі?

3. Саптық адыммен қозғалыс жасағанда аяқтың ұшы жерден қанша см

көтерілуі керек?

4. Адыммен қозғалыс жасағанда адымның арасы, шамасы қанша см?


VІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Гимнастикалық жаттығулар

Сабақтын мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға саптағы гимнастикалық жаттығуларды үйрету.

2. Денсаулық сақтау : Шапшандық , икімділік және күш сапаларын дамыту.

3. Тәрбиелеу: Сабақтағы жүктемені дұрыс орындау. Тәртіпке тарту.

Қолданатын спорт құралдары: ысқырғыш, гимнастикалық маттар, секіртпе.

Өткізілетін күні: _________________



Сабақ барысы:



Сабақтың мазмұны

Жүктеме

Әдістемелік нұсқаулар

1

Кіріспе бөлімі


Сапқа тұрғызу. апорт тапсыртқызу.

Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Саптағы жаттығулар:

Оңға, солға, айналып бұрылу.

Секіріп бұрылу.

Жүру:


Аяқтын үшімен, өкшемен.

Аяқтын ішкі, сыртқы жағымен .

Отырып, жартылай отырып жүру.

Назар аудару жаттығулары:

- жүріс

- жүгіріс



- 360 градусқа айналып жүру

Спорт жүрісі.

Жүгіру :


  • Түзу аяқты алға көтеріп жүгіру.

  • Түзу аяқты артқа лақтырып жүгіру.

  • Түзу аяқты жан-жаққа лақтырып жүгіру.

  • Он жағымен жүгіру.

  • Сол жағымен жүгіру.

  • Теріс қарап жүгіру.

Жалпы дамыту жаттығулар жүрісте жасау:


- Ж.Б: Қол құлыпта.

1-4 қолды оң жаққа айналдыру.

1-4 қолды сол жаққа айналдыру.

- Ж.Б: Қол құлыпта.



  1. құлыпты ашпай алға жіберу.

  2. Ж.Б.

  3. – 1.

  4. Ж.Б.

- Ж.Б: Қол иықта.

1-4: алға айналдыру.

1-4: артқа айналдыру.

- Ж.Б: Оң қолды көтеру.

1,2: қолды артқа сермеу.

3,4: қолды ауыстырып арқа сермеу.

- Ж.Б: Қолды жан-жаққа жіберу.

1,2: қолдын үшін айналдыру.

3,4: шынтақты айналдыру.

5,6: қолды алға айналдыру.

7-8: қолды артқа айналдыру.


13-15 мин

1 мин


30 сек

30 сек


1 мин

2 мин


30 сек

3 мин
2 рет

2 рет

2 рет
2 рет



2 рет

2 рет
3 мин


6-8 рет

6-8 рет


6-8 рет

6-8 рет


6-8 рет

Спорт киіміне назар аудару.


Бір адымдай істеу.

Арқаны түзу ұстау.

Оқушылар мұғалімге қарап бұйрықты орындайды:

Қолды алға жіберсе - айналып бұрылу, қарама қарсы жаққа жүру.

Қолды жан-жаққа жіберсе - жүгіру.

Қолды көтерсе – 360 градусқа айналып жүру.


Спортзалдын бір бұрышынан екінші бұрышына дейін.

Қол белде.

Қол белде.

Қол белде.


Қол белде.

Қол белде.

Сол иықтан алға қарау.

Арқаны түзу ұстау.

Құлыпты ашпай қолды түзету.

Әр қадамға бір айналдыру.

Әр қадамға бір сермеу.

Әр қадамға бір айналдыру.






- Ж.Б: Қолды бүгіп кеуденің алдында ұстау.

1,2: қолды артқа жіберу.

3,4: қолды түзетіп артқа жіберу.

Жалпы дамыту жаттығуларын бір орында жасау:

- Ж.Б: Аяқты ашып қол белде.

1-4 басты оң жаққа айналдыру.

1-4 басты сол жаққа айналдыру.

- Ж.Б: Аяқты ашып қол белде.

1,2 денені он жаққа бұру.

3,4 денені сол жаққа бұру.

- Ж.Б: Аяқты аласа ашып қол белде.

1 - оң аяққа еңкею.

2 - ортаға еңкею.

3 - сол аяққа еңкею.

4 - Ж.Б.

- Ж.Б: Аяқты ашып матта отыру.

1 – қолмен он аяқтын бақайын тигізу.

2 – қолды алға жіберу.

3 – қолмен сол аяқтын бақайын тигізу.

4 – Ж.Б.

- Ж.Б: Арқада жатып, қолдар жан-жақта.

1 – сол аяқпен он қолды тигізу. 2 –Ж.Б.

3 – оң аяқпен сол қолды тигізу. 4 –Ж.Б.

- Ж.Б: Ет бетінен жатып, қолдар жан-жақта.

1 – сол аяқпен он қолды тигізу. 2 –Ж.Б.

3 – оң аяқпен сол қолды тигізу. 4 –Ж.Б.

- Ж.Б: Н.Т.

1-4 : оң аяқта секіру

1-4 : сол аяқта секіру

1-4 : екі аяқта секіру



6-8 рет

6-8 рет


6-8 рет

6-8 рет


6-8 рет

6-8 рет


6-8 рет

6-8 рет

Аяқты бүгпей түзу үстау.

Аяқты бүгпей түзу үстау.

Аяқты бүгпей түзу үстау.

Аяқты бүгпей түзу үстау.

Қол белде.


2

Негізгі бөлім


Оқушыларға саптағы гимнастикалық жаттығуларға үйрету: Бір орында.

- Бір қатардан екі қатарға тұру.

- екі қатардан бір қатарға тұру.

- Бір қатардан үш қатарға тұрып,қ айта бір қатарға тұру.

Жүрсте:

- Бір колонадан ортадан екі колонамен жүру.



- Бір колонадан ортадан үш колонамен жүру.

- Бір колонадан ортадан төрт колонамен жүру.

Содан сон екі, үш, төрт колонадан бір колонаға шығу.

Секіртпемен секірту.


Ойындар ойнау :

- Жылан.


  • Ұзын секіртпе жасап, топпен секірту.




27 мин
15 мин

12 мин

Айту , дұрыс көрсету.

Қателіктерін жою.



3

Қорытынды бөлім

1. Сапқа тұрғызу.


2. Сабақтын қортындысын жасап бағалау.
3. Ұйымдастырып қайтару.

3 мин

Үйге тапсырма беру.


Сынып:


Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық жүгірулер

Мақсаты: а) Жүгіру элементтері бар эстафета ойындарын оқушыларға

орындату. Жүгіру кезінде қосымша жаттығулар орындауға үйрету.

ә) Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

б) Күш пен ептіліктің дамуын арттыру. Қимыл қозғалысының жалпы үйлесімділігін жақсарту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабаққа керек құралдар: Доп, жалауша,шеңбер, секіртпе, кедергілер, үлкен

доп, асық, қоржын.

Өтетін уақыты:

Сабақтың барысы

Жаттығудың орынд.уақыты

Ұйымдастыру,

әдістемелік нұсқау




І.Ұйымдастыру бөлімі
1.Сыныпты сапқа тұрғызу.

Мәлімдеме қабылдау


2.Саптық жаттығулар.
3.Жалпы дамыту жаттығуы.

а)жүру,жүгіру жаттығулары

ә)құралсыз орындалатын

дамыту жаттығулары.


ІІ. Негізгі бөлім

Сабақтың тақырыбы. Эстафеталық жүгірулер.

1.Оқушылардың өздеріне таныс эстафеталық ойын түрлерін сұрау. (Толағай;Намыс дода)

Барлық эстафеталық ойындар адам денсаулығы үшін маңызды әрі көңілді.

Оқушы тез,тура жүгіру кезінде бар күшін салуға дағдыланады. Шапшаң епті қимылдауға үйренеді. Ұйымшыл болып, команда мүддесі үшін жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Айналаны бағдарлап аз уақытта өзінің және қарсыласының әрекетін байқап үлгереді.Сонымен қатар ойыншының икемділігі мен төзімділік қабілеттері арта түседі

2.Сыныпты екі топқа бөлу,

Эстафеталық жүгірулердің түрлерін таныстыру.

(Әр ойыннан кейін сергіту жаттығуы ойнатылып тұрылады)



  • Команда болып жүгіру( пойыз)

  • Кедергілер арқылы жүгіру

  • Доп тасу ойыны

  • «Бақалар» ойыны

  • Секіртпемен жүгіру ойыны

  • «Допты ұста» ойыны

  • «Қос аяқтар» ойыны

  • «Теңге алу» ойыны

«Мергендер» ойыны

ІІІ. Қорытынды
Әр қоржындағы асықтар санын қосып, жеңімпаз топты анықтап,мадақтау.

Үйге тапсырма: Эстафеталық ойындарды түрлендіру.


Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды бағалау. Ойын кезіндегі кемшіліктерді ескертіп түзету.



15 минут
2 минут

3 минут
10 минут



25 минут

5минут
3минут

Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын бақылау.

Жаттығуларды қатесіз орындату.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқушыларды сұрақ қою арқылы сабаққа тарту.

Екі топтағы ойыншылардың теңдігін бақылау.


Ойын кезіндегі қауіпсіздік ережесін ескерту.
Мұғалімнің орындап көрсеткен жаттығу элементтерін, ойын түрлерін мұқият бақылап, тыңдауын қадағалау.
Әр ойынды бағалап,қоржынға асық салынып тұрады.

Сабақты қорытындылау.


«Дарабоз» топты мадақтау.

.





САБАҚ ЖОСПАРЫ


І

Пәні

Дене тәрбиесі

ІІ

Сабақтың тақырыбы

Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар.

ІІІ

Сабақтың типі

Жаңа білімді қалыптастыру сабағы.

ІV

Сабақтың әдісі

Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан - жақты түсіндіру

V

Құрал-жабдықтар

Ысқырық, доптар, қаптар, кеглилер, орындықтар, сақина, арқан т.б.



Өтілетін уақыты




VІІ

Сабақтың мақсаты

а) теориялық

Ойын түрлерін, мазмұнын, ережелерін, ерекшелігін меңгерту.

ә) жетілдіру

Өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттігін арттыру.

б) тәрбиелік

Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару.

Кезең



Сабақтың мазмұны

Уақыт, мөлшер

Әдістемелік ескерту

Д

А

Й

Ы

Н

Д

Ы

Қ

К

Е

З

Е

Ң

і

1

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

10 минут

Спорттық киімдеріне назар аудару.

2

Сынып санын түгелдеу.

Себепсіз оқушыларды анықтау.

3

Рапорт қабылдау.

Рапортты дұрыс тапсыруын қадағалау

4

Оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындау.

Бұрылыстарды дұрыс орындауын қадағалау

5

Қозғалмалы бой жазу жаттығулары

- Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру.

- Екі қол белде өкшемен жүру.

- Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.

- Бір қалыпты жеңіл жүгіру.

- Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру.

- Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру.

- Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру.

- Қол алақанына аяқтың ішкі, сыртқы қырын тигізе жүгіру.

- Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.

- Екі қол тізеде, толық отырып жүру.

- Отырып секіре жүру.

- Дем алу,дем шығару.

Аяқ ұшымен, өкшесімен, сыртқы, ішкі қырымен жүруін ескерту.

Оң және сол бүйірмен жгіруін ескерту.

Алақанға аяқтың ішкі, сыртқы қырының, өкшенің тиюін ескерту.

Отырып жүру, жүгіруін ескерту.

6

Саптағы бой жазу жаттығулары

- Саппен келіп бірнеше қатарға тұру.

- Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру.

- Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.

- Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру.

- Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.

- Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.

- Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.

- Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.

- Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру

- Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру.

- Дем алу, дем шығару.


Қатарға дұрыс тұруын ескерту.

Қолды белге ұстауын ескерту.

Дұрыс иілулерін ескерту.

Қолдың Аяққа тиюін ескерту.

Арқы тізенің бүгілмеуін ескерту.
Аяқтың қолға тиюін ескерту.

Тізені дұрыс айналдыруын ескерту.

Н

Е

Г

І

З

Г

І

К

Е

З

Е

Ң

Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар.
Доппен жарысу

Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрғандардың қолында доп болады. Мұғалім белгі берісімен доп ұстаған екі ойыншы жүгіре шығып, допты баскетбол ойынының тәсілімен тездете алып жүріп, жалаушаны айналып келіп, допты өз командасының келесі ойыншысына береді де, өзі саптың ең соңына барып тұрады. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді. Қай команде бірінші келсе, сол команда жеңіске жетеді.

Доп қолдан шығып кеткен жағдайда, сол жерден қайта жалғастыру қажет. Белгі берілмей тұрып алаңға жүгіріп шығуға болмайды. Допты өз әріптесіне беру мәре сызығында орындалады.

Ойынның мақсаты-мәреге өзгеден бұрын жетуге тырысу арқылы жылдамдықты арттыру.

Допты түсірме

Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрған ойыншы допты екі тізесінің арасына қыстырып алып жалаушаны айналып келу қажет. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді.

Қап киіп жарысу

Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Мұғалім белгі берісімен Саптың ең алдында тұрағн ойыншылар екі аяғын қапқа тез кигізіп, екі қолымен жоғары жағынан ұстап ілгері қарай секіректей жүгіріп, жалаушаны айналып келеді.Осы ретпен ойын қайталана береді. Қай команда бірінші болып аяқтаса, сол команда жеіңке жетеді.

Кім жылдам

Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады. Саптың ең алдында тұрған ойыншы кері бұрылмастан допты бассынан асырып келесі ойыншыға береді де өзі саптың соңына барып тұра қалады. Доп келесі ойыншыға, сосын одан кейінгі ойыншыға беріліп кете береді. Бастапқы тұрған оқушы қайтадан өз орнына келгенге дейін ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші болса сол команда жеңеді.

Көп болып жүгіру.

Ойынға екі команда бір уақытта қатысады. Олар сөре сызығының жанында бір бағытқа қарап лек түзеп тұрады. Әр команданың сөре сызығынан 10-15 м қашық жерден айналып кері қайтатын белгі (жалауша) қойылады.

Белгі берілгеннен кейін командалардың ең алдында тұрған бір-бір ойыншысы жүгірген күйі қойылған белгіні айналып өтіп, өз командасына оралады да, өзінен кейінгі ойыншының қолынан ұстайды. Енді олар қол ұстасқан күйі бірге жүгіріп, белгіні айналып өтіп, тағы да өз командасына оралады. Бұларға енді үшінші ойыншы қосылады. Сөйтіп, ақыры команданың барлық ойыншылары қол ұстасып бірге жүгіретін болады. Жүгіруді ойын тәртібін бұзбай бірінші болып аяқтаған команда жеңеді.

Бір топ үйрек

Ойыншылар бір қатарда бір-бірінен қашықтау тұрып, тізелерін аздап бүгіп, қолдарын тізелерінің артынан біріктіріп ұстайды. Белгі берілгенде ойыншылар қолдары мен аяқтарының қалпын өзгертпестен жалаушаны айналып келеді. Осы ретпен ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші болып аяқтаса сол команда жеңіске жетеді.

Тақия тастамақ

Балалар, шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреулеріңнің артыңа білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер сезіп қойсаңдар, жүргізушіні қуып жетулерің керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына келіп тұра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.

Орындықтар айналасында

Спортзалдың ортасына бір-біріне тигізіп төрт орындық қойылады. Алдымен 5 оқушы шығады. Мұғалім белгі берісімен ойыншылар орындықты айнала жүгіреді қайта белгі берілгенде ойыншылар орындыққа отырып үлгеруі тиіс. Үлгермеген ойыншы ойыннан шығады. Орнына басқа ойыншы қосылады. Ойыншылар таусылғанға дейін. Соңында орындықтар біртіндеп алына береді. Қалған бір орындыққа, қалған екі ойыншының қайсысы отырса сол ойыншы жеңіске жетеді.

Сақина жасыру

Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.

Арқан тартыс

Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан дайындалады. Арқанның қызыл мата байлаған жерін еденге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді. Команда екі топқа бөлініп, арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа тартады. Ойынның мақсаты–екі команданың бір ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып шығару. Ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншының командасы жеңіледі


30 минут


Ойын ережесін түсіндіру.
Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.


Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.


Ойын ережесін түсіндіру.
Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.
Ойын ережесін түсіндіру.
Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.
Ойын ережесін түсіндіру.
Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

Ойын ережесін түсіндіру.

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

Ойын ережесін түсіндіру.

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

Ойын ережесін түсіндіру.
Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.
Ойын ережесін түсіндіру.
Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.
Ойын ережесін түсіндіру.
Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.


қорытынды

кезең

1

Сабақты қорытындылау.

5 минут

Түгел тындауын қадағалау.

2

Оқушыларды бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Толық сапқа тұруларын қадағалау

3

Үйге тапсырма беру.

Үй тапсырмасын тыңдауын қадағалау

4

Оқушыларды бағалау.

Сабаққа қатысуына байланысты бағалау

5

Қоштасу.

Түгел қоштасуын қадағалау.

6

Бір саппен спорт алаңынан немесе залдан шығару.

Бір саппен шығуын қадағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет