Сабаққа кешігіп келген оқушылармен жұмыс және кейбір оқушылардың сабаққа қатыспай қалған себептерін анықтау



бет4/4
Дата06.07.2018
өлшемі136,38 Kb.
#47721
түріСабақ
1   2   3   4
«Отаным –бақыт ордасы»-атты танымдық сынып сағатында оқушыларға туған елдің қадірі туралы түсінік беріліп, топтық тапсырмалар орындатылды. Оқушыларға мәтін оқылып, сол бойынша түсініктерін айтып,тақырып бойынша мақал-мәтелдер ашылып,көрініс қойылып, талданды.

«Отбасым-күншуағым»-өнеге сағатытүріндегі сынып сағатын «Менің отбасым»атты сауалнамадан басталып,өз жалғасын тапты.Сынып сағатына ата-аналар қатыстырылды.Балалар мен ата-аналар біріге отырып,әртүрлі қызықты жағдаяттар орындады.Қорытынды бөлімде оқушылар ата-аналарына хат жазып тапсырды

«Заң білмеген зардап шегеді»-кеңес сағатында «Мұны әрбіроқушы білуі тиіс» айдарымен оқушы құқықтары,міндеттері,заңдардың баптары туралы айтылды.Топқа бөлініп «болашақ заңгерлер» жағдаяттар орындады.Тренинг оздырылды.
Сынып жетекшісі: Темірғалиева Н.Ф.


Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебінің

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Г.Ф. Сарбаеваға ІҮ сыныптағы сынып

сағаттарының оздырылуы туралы



м ә л і м е т

қазан. 2012

4-сынып бойынша сыныпта барлығы 6 оқушы. Ұлы-2, қызы-4.

Сынып бойынша қазан айында жоспарланған тәрбие сағаттары оздырылды.

«Эколгия және біз»-танымдық сағатында оқушылар экология сөзінің анықтамасын меңгерді.Шара барысында еліміздегі әртүрлі экологиялық жағдайлар туралы білді.»Табиғатты қалай қорғауға болады?»деген сауалға жпуап іздеді.Тапсырмалар көлегейленіп тұрған күннің бетін қою бұлттардан ашу негізінде беріліп,бұлттарға жазылған тапсырмаларды орындады.Ең соңында ашылған күннің аясындағы әсем кемпір қосаққа балалар табиғатты қорғау туралы үндеулерін жазды.

«Еңбек неден басталмақ?»-әңгіме сағатында еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беріліп, көрініс қойылды, еңбек туралы оқушылар бір-біріне мақал айтып,сол мақалдың жалғасын табу,түрлі шығармашылық тапсырмалар орындады.

Тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы»-өнеге сағатында балалар отбасыларымен қатысып,отбасындағы бала құқығы,тәртібі сөз болды.Оқушылар мен ата-аналар топқа бөлініп,әртүрлі тапсырмалар орындады. «Болашағымыз білімді ұрпақ қолында»атты пікір алысу болды. «Тығырықтан шығу»тапсырмаларын орындады.

«Оюмен түстік жарысқа»-жарыс сағатында оқушыларға қазақтың ою-өрнек түрлері туралы түсінік беріліп,олар туралы аңыз-әңімелер айтылды.Оқушылар 2топқа бөлініп,ою түрлерінен жарысқа түсті.Соңында «Алтын қолды шеберлер» тобы және «шебер қолды шеберлер»тобы деген номинациялар берілді

«Дос және достық»/ашық сынып сағаты/-ұжымдық қарым-қатынас түріндегі сынып сағатында тренингтер мен ойындар сұрақ-жауап әдістері, рөлдік ойындар мен достық туралы пікір алысу, достық тақырыбындағы мақал-мәтелдер айтусияқты жұмыс түрлері қамтылды. Сынып сағатының соңында оқушылар «Жүректен-жүрекке» тренингімен бір-біріне кішкене жүрекшені ұсыну арқылы ақ тілектерін айтып, «Достық» әнімен аяқтады.Сын тұрғысынан ойлау элементтері қолданылылды.Атап айытсақ,РАФТ,5жолды өлең.т.б.

Сынып сағаты респпубликалық «Тәрбие сағаты»журналында жарық көрді.
Сынып жетекшісі: Темірғалиева Н.Ф.
Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебінің

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Г.Ф. Сарбаеваға ІҮ сыныптағы сынып

сағаттарының оздырылуы туралы


м ә л і м е т

қараша. 2012
4-сынып бойынша сыныпта барлығы 6 оқушы. Ұлы-2, қызы-4.

Сынып бойынша қараша айында жоспарланған тәрбие сағаттары оздырылды.

«Менің сыныбым-менің ұжымым»-қарым-қатынас сағатында оқушыларға сыныптағы қарым-қатынас жайлы айтылды.Барысында «Біздің сыныпқа қандай оқушылар керек?»деген сауалға оқушылар бірлесе отырып,жауап берді.Жауаптардан олар өз кемшіліктерін байқап, «өзім үшін жазамын» стратегиясын орындады.Соңында «Мен қандай оқушымын?»сауалнамасына толтырды. «Біздің сынып осындай»әнімен аяқтады.

«Алтын қақпа»-сайысы 5кезеңнен тұрды Оқушылар ұйымшылдықпен қатысты.Ікезең -өзін таныстыру

ІІ.Сұрақ-жауап

ІІІ.сандарды сөйлету

ІҮ.Капитандар сайысы

Ү.жанкүйерлер сайысы

Сайыс өте жақсы өтті. «Алтын қақпаға» мүдірмей жеткен сыныптың оқу озаты А.Қабошева болды. Сайыс соңында «сынып білгірі» деп танылған оқушы алғыс хатпен марапатталды.

«Мен өскенде кім болам?»-әңгіме сағатында оқушыларға мамандық түрлерімен таныстырылды. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керектігі,сапалы білім алу керектігі айтылды. Осы тақырыпта өз ойлары ортаға салып,эссе жазды.Мамандық түрлері туралы көрінісқойылды.

Сынып жетекшісі: Темірғалиева Н.Ф.

Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебінің

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Г.Ф. Сарбаеваға ІҮ сыныптағы сынып

сағаттарының оздырылуы туралы


м ә л і м е т

желтоқсан. 2012
4-сынып бойынша сыныпта барлығы 6 оқушы. Ұлы-2, қызы-4.

Сынып бойынша желтоқсан айында жоспарланған тәрбие сағаттары оздырылды.

«Тәуелсіздік-Желтоқсанның жемісі»-өнеге сағаты желтоқсан құрбандарын еске алып,үнсіздік жариялаудан басталды. «Тәуелсіздік шежіресі»атты слайд арқылы мұғалім түсіндірмесі тыңдалды. «Желтоқсан жаңғырығы» атты монтаж қойылды.Шара барысында шығармашылық тапсырмалар орындалды.Шығармашылық тапсырмаларды орындау кезіндңЕ.Ибраимовтің «Тәуелсіздік»атты өлеңі мектепішілік мәнерлеп оқу сайысына ұсынылды.Сонымен қатар бала қиялын дамытуда «біздің ауыл 15жылдан соң... суреттер байқауы болды.Сынып сағаты Әнұран орындаумен аяқталды.

«Сөздің басы-сәлем»-қарым-қатынас сағатында оқушылар сәлемдесу түрлерімен танысты. «Байлық пен ақыл», «Бабалар өсиеті» деген көріністер сахналанды.Тыйым сөздердің түрлерімен,маңызымен танысты

«Бала құқығы-асыл қазына»- қарым-қатынас сағатында оқушылар «Бала құқығы туралы Конвенция»туралы айтылды. «Сыныптағы оқиға»атты көрініс қойылды,жағдаяттар шешілді.Сынып сағатына құқұықтану пәнінің мұғалімі Е.Қадырғалиев шақырылып,балалардың сұрағына жауап берді.

«Ұлттық ойындардың пайдасы»-сайыс сағатында оқушылар қазақ халқының бірнеше қлттық ойын түрлерімен танысып,бірнешеуін сайыс барысында ойнады.Сынып сағаты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі О.Қабдоловпен бірлесе отырып оздырылды. Өте жақсы өтті.Асық ойындарын,арқан тарту,жамбы ойындарын ойнады.

Сынып жетекшісі: Темірғалиева Н.Ф.



Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебінің

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Г.Ф. Сарбаеваға ІҮ сыныптағы сынып

сағаттарының оздырылуы туралы


м ә л і м е т

қаңтар. 2013
4-сынып бойынша сыныпта барлығы 6 оқушы. Ұлы-2, қызы-4.

Сынып бойынша қаңтар айында жоспарланған тәрбие сағаттары оздырылды.

«Түйір нан-тамшы тер»-атты сынып сағатында нан қадірі,дастарханға келуі,адамдар еңбегі,нан түрлері,жалқаулық туралы айтылды.Нан туралы тақпақтар айтылды. «Ақ бидай»атты ертегі сахналанды.Балалар нан қасиетті ас екенін ұғынды.

«Табиғат-алтын бесік»-қарым-қатынас сағатында оқушылар табиғат дегеніміз не?деген сұраққа жауап берді. «Мейірімділікті табиғаттан йрен»атты ойын ойналды. «Табиғатпен сырласу»бөлімінде 1.»егер табиғатқа тіл бітсе...,2. «егер мен суретші болсам...., «егер мен ақын болсам...» атты айдармен өз ойларын ортаға салды.

Соңында табиғатқа тілек айтып қорытындыланды.

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»- қарым-қатынас сағатында оқушылар «Бала құқығы туралы Конвенция»туралы айтылды. «Сыныптағы оқиға»атты көрініс қойылды,жағдаяттар шешілді.Сынып сағатына құқұықтану пәнінің мұғалімі Е.Қадырғалиев шақырылып,балалардың сұрағына жауап берді.

«Сұлулық сыры»-әңгіме сағатында оқушылар сұлулық сыры туралы білді.Жан сұлулығы мен тән сұлулығының айырмашылықтарын ұғынды.Қыздар бірнеше шаш үлгілерін жасап үйренді.Ақын аға-апаларының қыздардың сұлулығы туралы өлеңдерін оқыды. «Қыз сыны»әні орындалды.

Сынып жетекшісі: Темірғалиева Н.Ф.


Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебінің

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Г.Ф. Сарбаеваға ІҮ сыныптағы сынып

сағаттарының оздырылуы туралы


м ә л і м е т

ақпан. 2013
4-сынып бойынша сыныпта барлығы 6 оқушы. Ұлы-2, қызы-4.

Сынып бойынша ақпан айында жоспарланған тәрбие сағаттары оздырылды.

«Жарасымды қарым-қатынас»-қарым-қатынас сағатында «сыйластық», «құрмет»деген құндылықтар туралы түсінік берілді. «үш дос»атты әңгімеден көрініс қойылды.Қорытынды бөлімде «Менің айтар ақылым»деген айдармен 1-топ бауырларына хат жазды.Ал 2-топ «Менің тыңдар ақылым»деген айдармен отбасында үлкендердің айтатын ақылық жазды. «Дос болайық бәріміз» атты әнмен сынып сағаты аяқталды.

«Ойландырар 15сұрақ»-шығармашылық сайыс сағатында әрбір оқушыға тосын 15сұрақ дайындалды. Сұрақтар әртүрлі бағытта болды. Оның ішіне СТО технологиялары да қолданылды,шығармашылық қабілеттері жетілдірілді.Оқушылар қызыға жауап берді. Оқушылар ойларынан сұрақтарға сай эсселер,өтірік өлеңдер ,санамақтар құрастырды.

«Тамақ ішу әдебі»-әңгіме сағатында «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата-аналармен,дәрігермен бірлесе отырып тұжырымдау мақсат етіп қойылды. Шара барысында оқушыларға тамақ ішу әдебі туралы түсіндірілді. Әртүрлі жағдаяттар шешілді.Тазалық,қанағатшылдық сөз болды.Қорытынды бөлімде балалар әртүрлі тағамдардың атынан РАФТ жазды.

Сынып жетекшісі: Темірғалиева Н.Ф.



Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебінің

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Г.Ф. Сарбаеваға ІҮ сыныптағы сынып

сағаттарының оздырылуы туралы


м ә л і м е т

Наурыз. 2013
4-сынып бойынша сыныпта барлығы 6 оқушы. Ұлы-2, қызы-4.

Сынып бойынша наурыз айында жоспарланған тәрбие сағаттары оздырылды.

«Нұр себеле Ұлыстың Ұлы күні!»атты сынып сағаты мерекелік концерттік бағдарлама түрінде өтті. Шараны сынып оқушылары өзін-өзі басқару бағытында өз күштерімен дайындады. Сынып ата-аналары ұлттық тағамдардан көрме дайындалды. Салт-дәстүрлер туралы айтылды. Жаңа жылға байланысты әндер шырқалып,наурыз бата берілді. «Тұсау кесу»рәсімі көрсетілді. Ата –аналар тартылды. Жарапазан айтылды. Жақсы дәрежеде өтті.

«Ұлықты да,алыпты да дүниеге әкелетін –АНА»атты мерекелік сынып сағатына аналар шақырылып,балалар өз өнерлерін көрсетті.Қолдарынан дайындаған сыйлықтарын ұсынды. Аналары мен қыздары біріге отырып,тағамдар дайындады,ән айтты,тосын сұрақтарға жауап берді. Оқушылар аналарына жүрекжарды тілектерін жолдады.Соңы «Тілек шамы»тренингімен аяқталды.

«Татулық –өмір тірегі»-тағылым сағатында оқушыларға «ынтымақ»ұғымы туралы түсінік берілді. «Даналар деген екен...»бөлімінде би-шешендеріміздің татулық тжөнінде айтылған әңгімелері оқылып талданды.Татулық,бірлік,ынтымақ туралы мақал-мәтелдер айтылды.Соңы «жарасымды қарым-қатынас»тренингімен аяқталды. 5ата-ана қатысты.
Сынып жетекшісі: Темірғалиева Н.Ф.

Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебінің

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Г.Ф. Сарбаеваға ІҮ сыныптағы сынып

сағаттарының оздырылуы туралы


м ә л і м е т

Сәуір. 2013
4-сынып бойынша сыныпта барлығы 6 оқушы. Ұлы-2, қызы-4.

Сынып бойынша сәуір айында жоспарланған тәрбие сағаттары оздырылды.

«Құстар –бақ сәні»- танымдық сағаты көктем мезгілінің келіп,құстардың жылы жақтан оралуына орай өткізілді.Жыл құстары,елімізідегі құстардың түрлері туралы айтылды.Құстар жөнінде «халық болжамдары» сөз болды. «Оқушы шығармашылығы» бөлімінде оқушылар бірі құстарға арнап хат жазса,енді бірі суреттер салды,тақпақтар айтты.

«Гүлдер әлеміне саяхат»-атты шарада гүл түрлері,үй өсімдіктері,оларды күтіп – баптау сөз болы. «Гүл тілі» айдарында әрбір гүлдердің ерекше қасиеттері айтылды.Қағаздан гүлдер жасалып,бір-біріне жақсы ниетпен табыстады.

«Мен қоғам үшін құндымын ба?»пікір алмасу тренинг сағатында «өміршеңдік ержелері»,туралы айтылды. «Мейірімділік алаңы»жаттығуы, «Ақиқат орындығы»деген тапсырмалар орындалды. «Меніңс таңбам» аты тапсыпма орындады.Онда өзім туралы естігім келетін 3сөз,мені жақсы көретін орта,мен жақсы істей алатын іс деген бөлімдерін толтырды.Соңында өздерінің құндылықтарын оқушылар сезінді.

«Балам бол,басқа бол бәріңе заң біреу»-кеңес сағатында оқушыларға заңдар,баптар туралы әңгімеленді.Жағдаяттар шешілді. Көріністер қойылып,талданды.

«Жол атасы-Бағдаршам»-танымдық сағаты бағдаршамның атқаратын қызметі туралы айтылы. Жолда жүру ережесі курсымен байланыстыра өткізілді. «Абайла, балдырған!»атты тараудабалалар әртүрлі жағдаяттар шешті.Жануарлар болып киінген оқушылар жол ережесіне қатысты көріністер қойды.

Сынып жетекшісі: Темірғалиева Н.Ф.



Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебінің

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Г.Ф. Сарбаеваға ІҮ сыныптағы сынып

сағаттарының оздырылуы туралы


м ә л і м е т

Мамыр. 2013
4-сынып бойынша сыныпта барлығы 6 оқушы. Ұлы-2, қызы-4.

Сынып бойынша мамыр айында жоспарланған тәрбие сағаттары оздырылды.

«Жеңіс рухы мәңгі есте»- әдеби-сазды кеш 9-мамыр Жеңіс күніне арналды. Оқушылар батыр бабалармыз бен қыздарымыздың ерен ерліктері туралы білді.Сонымен қатар жерлес аталарымыздың өмірдерегімен танысты.Патриоттық әндер шырқап,көріністер қойылды.М.Мақатаевтің «соғыс жауы жер- көктің»атты өлеңін Г.Қапиетова мәнерлеп оқыды. Ұлы Отан соғысы туралы тарихи деректермен Тарх пәнінің мұғалімімЕ.Қадырғалиев таныстырды.Оқушылар өз Отандарын қадірлеу керек екендігін,батырларымыздың рухына мәңгі бас ие білу керектігін ұғынды.

«Ұлы бабалар тағылымы»-тағылым сағатының мақсаты кешегі өткен ғұлама ойшылдардан,сал-серілерден мирас болып қалған даналық сөздерді оқушыларға ұғындыру.3бөлімнен тұрды:

1.Ата тәлімі./шешендік сөздерден көріністер/

2.Ескірмейтін есті сөз./даналар айтқан нақыл сөздердің мәнін ұғындыру./

3.Сен білесің бе?/ырымдарды жинастыру,бір-бірін толықтыру/.Сынып сағатына оқушылар қызыға қатысты және көптеген жақсы сөзедерді өз бойларына дарытты деп ойлаймын.

«Экономикалық зияткерлік»- аукцион сағатына 3адамнан тұратын 2топ қатысты.

1тур: «Білім аукционы.»Онда оқушылар еңбек туралы бар білетіндерін ортаға салды./200теңге/

2тур: « Сыйлықтар аукционы»/500теңге/

3тур: «Эрудиттер сайысы»/1000теңге/Осындай турлар бойынша жоспарланды.Нәтижесінде 1топ 1200теңге,2топ 1500теңге жинады. Ол ақшаларын құнды сыйлықтарға айырбастады.Өте жақсы өтті.

Сынып жетекшісі: Темірғалиева Н.Ф.


Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебінің

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Г.Ф. Сарбаеваға мектепішілік бастауышпен

қоштасу ертеңгілігінің оздырылуы туралы


м ә л і м е т

Мамыр. 2013

Мамыр айында /18.05.2013/ 4-сынып оқушыларының бастауыш сынып курсын аяқтауына орай «Жаққан білім шырағын,Бастауыш-балбұлағым»атты ертеңгілігі оздырылды. Шараға пән мұғалімдері,ата-аналар,оқушылар қатысты. Шара сынып жетекшінің құттықтау сөзінен басталып,өз жалғасын тапты. «Түлектер вальсі», «Қуыршақтар»биі биленді. «Жақсы қарым-қатынас»тренингі, «Тілек шамы» жаттығулары орындалыды. Мектепке,ұстаздарға ата-аналарға арнап әндер шырқалды. «Еркем-ай» атты қыздардан құралған КВНтобы көріністер қойды. «5-сыныпқа бірге барамыз»атты көріністер қойылды. Ата-аналарға тосын сұрақтар қойылып,назардан тыс қалмады.Оқушылардың 5-сыныпқа бару кезіндегі қорқыныштарын сейілту мақсатында тапсырмалар орындалды. «Оқушы шығармашылығы» бөлімінде сынып оқушыларының жазған эсселері мен өлеңдері таныстырылды.Шара соңында қатысушы мұғалімдер газет бетіне ұсынуға ұсыныс жасады. Қорытынды бөлімде сабақ беретін пән мұғалімдеріне ризашылықтарын білдіріп,әртүрлі номинациялар табыстады. 4-сынып оқушылары арнайы дипломдармен марапатталды.Ата-аналардың құттықтау сөздері тыңдалды. Шара бейнетаспаға түсіріліп алынды.Соңы фотаға түсу және шағын банкетке ұласты.Шараға оқушылар өте жақсы қатысты.Өз дәрежесінде өтті.
Сынып жетекшісі: Темірғалиева Н.Ф.

Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебінің

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Г.Ф. Сарбаеваға мектепішілік шараның

оздырылуы туралы


м ә л і м е т

Мамыр. 2013

Мамыр айында бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен «Отбасым-жайлы ,Ақ Ордам» атты мектепішілік шарасы оздырылды.Ұйымдастырушы бастауыш сынып мұғалімі Н.Ф.Темірғалиева.Шараның негізгі мақсаты Оқушыларға қоғамдағы отбасы жөнінде түсінік беру, отбасы тәлім-тәрбиенің негізі екенін ұғындыру, ата-ана, бала жөнінде Ата Заңымыздан мағлұмат алуға жағдай туғызу, мектеп пен ата-ананың байланысын арттырып, балаға тәрбие беріп, өз ойларын айтуға үйрету,жауап беру қабілеттерін дамыту.

Тәсілдері: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, пікіралысу.

Барысы.

І « Тренинг Тез орында» (әрбір топ өздерінің туған айлары бойынша шеңбер құрады).

ІІ Қызығушылықты ояту. 2 Слайд.

*Отбасы деген сөзді қалай түсінесіздер?/топтастыру құр/

*Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек.Осы сөздің төркінін ұғындыру мақсатында ата-аналардың ойын тыңдау.

Аладымен Г.Қапиетованың әкесі өз ойын ортаға салды.Қалған ата-аналар оны толықтырып,пікірлерін білдірді.

ІІІ.Қорытындыда балалаларға отбасылырының суретін салу тапсырылды.Ал ата-анала ілінген суреттердің ішінен отбасын табу ұсынылды. 2-сынып оқушысы Е.Ибрагимов «Әкешім» әніе орындады.Оқушылар «Менің анам», «Әкешім», «Менің әжем» деген тақырыптарда эсселерін,шығарған өлеңдерін оқыды. «Ата-анамның аялы алақаны»атты ойынмен аяқталды. Ойын шарты:көзі байланған оқушы өз ата-анасының қолын табады. Шара өте жақсы өтті.

Бастауыш сынып мұғалімі: Темірғалиева Н.Ф.



Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебінің

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Г.Ф. Сарбаеваға мектепішілік шараның

оздырылуы туралы


м ә л і м е т

3-4сынып оқушыларына арналған «Зерек жеткіншек»атты сайыс түрінде мектепішілік шара оздырылды.Шараға 2сыныптан 6оқушы қатысты.

Шараның мақсаты:Оқушылардың негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдету. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Жастарды елін , жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.

Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылығын ояту.

ІІ. Сайыс шарттары:

1. Бәйге сайысы

2. Тіл-өнер сайысы

3. Төрт жұмбақ сайысы

4. Жорға сайысы

Осы сайыстар бойынша өз қабілеттерін көрсетті.Сайыс қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен 4-сынып оқушылар А.Қабошева «Зерек жеткіншек», Г.Қапиетова «Ең тапқыр оқушы», Е.Ибраимов «Ең ізденімпаз оқушы»,3-сынып оқушылары Г.Сансызбаева «Ең талапты оқушы, А.Тлекқабылова «Ең ұғымтал оқушы», А.Серікова «Ең шығармашыл оқушы» номинацияларымен марапатталды. «Сен,мен және бәріміз» әнімен аяқталды.

Бастауыш сынып мұғалімі: Темірғалиева Н.Ф.



Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебінің 4-сынып ұжымына
Мінездеме

Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебінің 4-сыныбында 6оқушы бар,оның 2-еуі ұл,4-еуі қыз бала.Сынып ұжымы 2008/09оқу жылында мектепалды даярлық тобынан бастап қалыптасқан.Сынып оқушыларының ұйымшылдығы мен бірлігі,өзара талап пен көмек көрсету дағдылары жақсы деңгейде.Педогоикалық талаптарға бағынады.Мұғалімге қарым-қатынастары,сыйластықтары жақсы.

Сынып оқушылары оқу әрекетіне де,тәрбиелік шараларға да қызығушылықпен белсене қатысады.Сынып оқушыларының мектеп мотивациялары оң қалыптасқан,сабаққа қызығушылықпен келеді,көңіл-күйлері көтеріңкі.

Әлеуметтік деңгей:Сайланбаған көшбасшы-Қапиетова Г/оқуға қабілетті,ашық мінезді/,белсенділер-Қабошева А,Ибраимова А.Сыныпта шеттетілген бала жоқ.Оқушылардың өзіндік бағалары қалыпты.Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыпты деп айтуға болады.

Мектеп психологі: Темірғалиева Г.М.

Сынып жетекшісі: Темірғалиева Н.Ф.

Қазан,2012жыл
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет