Сабаққа негізделген оқу мақсаттары



Дата25.08.2017
өлшемі101,58 Kb.
#27793
түріСабақ
ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады». (МАН, 48-бет).

Cабақ дүниетану

Мектеп №272

Күні 10.04.2017 ж.

Мұғалімі Нурмуханбетова Сания

Сынып 4 «Ә»

Қатысқандар саны -19

Қатыспағандар саны-1

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

Ғарыш туралы алғашқы түсінік. Күн жүйесі, оның ғаламшарлары, ғарыштық денелер туралы түсініктерін қалыптастыру

Сабақ мақсаттары

Кейбір оқушылар А – өз бетінше білім алуға үйренеді, ең негізгіні бөліп алу, салыстыра білуге дағдыланады;

Оқушылардың басым бөлігі мәтіннің мазмұнын түсінеді, өз ойын жүйелі жеткізуге ұмтылады.

Барлық оқушылар мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар мәтіннің мазмұнын меңгереді, ой - өрісі мен дүниетанымы кеңейеді, пәннің құндылықтарын сезінеді.

Алдыңғы тақырып

Өз жерінің өсімдіктері мен жануарлары туралы іздену, суретін салу, кесте толтыру.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


Басталуы

5 мин


Сергіту сәті.

Қуанамын мен де,


Қуанасың сен де.
Қуанайық , достарым,
Арайлап атқан күнге.
Топқа 4-ке дейін санау арқылы бөлінеді.
-Балалар, бүгін біз топпен жұмыс жасайтындықтан, алдымен топ басшыларын, топ бағалаушысын сайлап алуларың сұралады.
- Енді топпен жұмыс істеу үшін тағы нені ескеру керекпіз? (Топ ережелері).

Топ ережесі

Ортасы

35 мин


3 мин

2 мин


10 мин
2 мин

16 мин



Үй тапсырмасын пысықтау. Дәптерлерін қарап шығып, ерекше жұмысты көрсетіп, атап өтемін. Өздері бағалайды.

-Балалар «Ғарыш» сөзіне топтастыру аймағын құрады.


Мұғалім тақтаға тірек сөздерді жазады. 
1. Жұлдыз  2. Күн жүйесі  3. Галактика  4. Ғарыш 

ЖИГ СО әдісі.


Оқушылар мәтінмен топпен жұмыс жасап, берілген ақпаратты оқиды,

тірек сөздердің мағынасын ашады, әр топтан біроқушы түсінгендерін айтады.


Сергіту сәті.

Топтық жұмыс.



Шығармашылық тапсырмалар:

  1. топ: Кестедегі әріптерден ғаламшар аттарын тауып жазады.

2-топ: Сұрақтар дайындайды.

3-топ: Күн жүйесіндегі ғаламшарларды ретімен орналастыр.

4- топ. Жұлдыз бен ғаламшарларды салыстыр, айырмашылығы неде?


Смайликтер

Бағалау парағы

Оқулық

Бас бармақ арқылы бағалау



Аяқталуы

5 мин

Рефлексия:

1. «Сөйлемді аяқта» әдісі.

2. -Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?
- Сабақ сендерге ұнады ма? Несімен?

- Нені әлі түсіну керек деп ойлайсың? Оқушылар ойларын стикерге жазып «Даналық ағашына» жапсырады.

Үйге тапсырма

1. Мәтінді түсініп оқу.


2. Ғарышкерлер туралы ізденіп келу.

Бағдаршам, бағалау парағы.



Cабақ қазақ тілі

Мектеп №272

Күні 13.04.2017ж.

Мұғалімі Нурмуханбетова Сания

Сынып 4 «Ә»

Қатысқандар саны -19

Қатыспағандар саны-1

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

Оқушыларға Ма (ме),ба (бе),па (пе) шылауларының емлесін меңгерту. Жазылу ережесімен таныстыру.

Сабақ мақсаттары

Кейбір оқушылар А – шылауларды басқа сөз табымен салыстырады, талдайды, жаттығулар орындауда қолданады.

Оқушылардың басым бөлігі шылаулардың емлесін түсінеді, дұрыс жаза алады, шылаулардың қызметін түсінеді.

Барлық оқушылар шылаулардың жазылу емлесін түсінеді.

Күтілетін нәтиже

Да (де), та ( те), ма (ме),ба (бе), па (пе) шылауларын ажырата және дұрыс қолдана біледі, шылаулардың қызметін түсінеді.

Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары өздері қатысты сөздерге сұраулық мағына үстейтінін, олардың арасына үтір, соңғысынан кейін сұрақ белгісі қойылатынын біледі.



Алдыңғы тақырып

Мен, бен, пен, және шылаулары

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


Басталуы

5 мин


Топқа фигуралар арқылы бөлінеді.
«Сиқырлы сандық» ойынын ойнату арқылы өткенді пысықтау. 8 сұрақ, әр топқа 2 сұрақтан.

Сандар, сұрақтар

Ортасы

35 мин


3 мин

2 мин


7 мин

5 мин


2 мин

16 мин


1-тапсырма:

1.Оқыту мақсатын ашу үшін оқушыларға тапсырма беріледі. Сөйлемдерді оқыту, шылауларды табу, емлесіне мән беру, қорытынды жасату.

2. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтан ережені оқыту, салыстыру.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 15-жаттығу. Өлеңді жатқа жазу, шылаулардың сөзге қандай мағына үстеп тұрғанын түсіндіру. Өзара тексеру. Топ басшысы бағалайды.

16-жаттығу. Берілген шылауларды қатыстырып 2-3 сөйлем құрау.

17 –жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. Әр топтан 1 оқушы тақтада орындайды.

Сергіту сәті. «Алақан» жаттығуы

Топтық жұмыс.

1-топ. Тест тапсырмалары.

2-топ. 18-жаттығу. Жұмбақтың шешуін тауып, шылаулардың мағынасын анықта.

3-топ. 20-жаттығу. Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылауларымен 3-4 сөйлем құрастырып жаз.

4-топ. 21-жаттығу. Сөйлемдерді салыстыр, сұраулық шылаулардың мағынасы туралы қорытынды жаса.


Таратпалар, слайдтар, оқулық.


Бағалау парағы

Тест тапсырмалары


Оқулық

Аяқталуы

5 мин

Балалар, бүгін біз не үйрендік? Да, де, та, те шылаулары қандай қызмет атқарады екен? 

Сабақ ұнады ма?

Рефлексия. «Табыс баспалдағы». Стикер жапсыру.


Стикерлер,

«Табыс баспалдағы» кестесі.





Cабақ әдебиеттік оқу

Мектеп №272

Күні 14.04.2017 ж.

Мұғалімі Нурмуханбетова Сания

Сынып 4 «Ә»

Қатысқандар саны -19

Қатыспағандар саны-1

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

Оқушыларға мәтіннің мазмұнын меңгерту, кейіпкерлер бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету, өзіндік ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін жетілдіру, ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын молайту, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.

Сабақ мақсаттары

Кейбір оқушылар А – кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасап, мінездеме береді, өз ойларын жүйелі жеткізуге дағдыланады, шығармашылық қабілеттері артады.

Оқушылардың басым бөлігі мәтіннің мазмұнын түсінеді, өз ойын жүйелі жеткізе алады, өзіндік ой қорытады.

Барлық оқушылар мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар мәтіннің мазмұнын меңгереді, кейіпкерлер бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алады, өзіндік ой қорытып, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы, ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейеді, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерге баға береді.

Алдыңғы тақырып

К. Сауғабаев. Нан туралы өлең. « Ас атасы – нан»тақырыбында шығарма жазу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

5 мин


Сергіту сәті. «Үш өзгеріс» ойыны.

Топқа 4-ке дейін санау арқылы бөлінеді.


-Балалар, бүгін біз топпен жұмыс жасайтындықтан, алдымен топ басшыларыңды, топ бағалаушысын сайлап алуларың сұралады.
- Енді топпен жұмыс істеу үшін тағы нені ескеру керекпіз? (Топ ережелері).

Үй тапсырмасын пысықтау. Шығармаларын оқыту 3-4 балаға. Бағалау.

-Балалар, біз бүгін сендер сияқты балалардың басынан өткен қызықты оқиға туралы оқитын боламыз. Оқиғамен таныспас бұрын осы оқиғаны жазған автор жайлы біліп алайық.



Топ ережесі

Электронды оқулық



Ортасы 35 мин 3 мин

2 мин
7 мин


5 мин

2 мин


16 мин


-«Сәуле» ұғымын қалай түсінеміз? Не білеміз?
Әр топ ойланып көрейікші,
- Мәтін неге «Түнгі сәуле» деп аталды, қалай ойлайсыңдар? Неге бұлай аталған?
- Бұл мәтіннен не туралы білгіміз келеді?

Мәтінмен жұмыс: 4 топқа мәтіннің бөліктерін бөліп беру.
Сөздікпен жұмыс:
1. Мәтін бөліктерін мазмұндау.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу:

-Сонымен, Жапар неге мазасызданды?


-Жеңіс пен Бауыржан кімге көмектесті?
-Егер Жеңіс машинаға көмек жасамағанда не болар еді?

-Жеңіс пен Бауыржанның диалогін рөлмен оқыту.

- Бауыржанның жалғыз қалғанда қорыққан жерін тауып оқыту.

Сергіту сәті. «Көңілді күн» музыкасын билейді.

Топтық жұмыс.

-Балалар енді сабағымызды «Әдеби үйірме» ойынымен жалғастырайық.
«Әдеби үйірме» стратегиясы
Шығармашылық тапсырмалар:

1- топ: «Сілтеме табушы» топ әңгімені аяқтайды.


2-топ: «Бейнелеуші-суреттеуші» мәтіндегі негізгі кейіпкерлерге мінездеме беру.

3-топ: «Зерттеуші» тобы, мәтін мазмұны бойынша жоспарды ретке келтіріп жазу. 


4-топ: :« Сұрақтар құрастырушы» топ. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.

-Қай үйірменің жұмысы сәтті өтті? Бағалау.




Бағалау парағы

Оқулық

Бас бармақ арқылы бағалау



Аяқталуы

5 мин

-Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер? 
-Мақсатымызға жеттік пе? Сұрақтарымызға жауап алдық па?
-Неге «Түнгі сәуле» деп аталған екен?
Сабақ сендерге ұнады ма? Несімен? 
Рефлексия:1. «Бағдаршам» әдісі арқылы өз-өздерін бағалайды.

2. Топ жетекшілері бағаларын айтады.


Жасыл: Түсіндім.
Сары: Сұрағым бар.
Қызыл: Түсініксіз.
Үйге тапсырма

1. Мәтінді түсініп оқу.


2. «Қайырымдылық» тақырыбында эссе жазу.

Бағдаршам, бағалау парағы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет