Қорғалатынжағдайлар – деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері.
Жаңашылдығы – деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті 3 деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Болашақта оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік талап-тілектерді ескере отырып дамыту, ғылыми жетістіктер мен педагогикалық тәжірибелерді жаңартуға, мұғалімдерді ақпараттық қамтамасыз етуді, біліктілігін үздіксіз көтеруді қажет етеді.
Мен өз тәжірибем арқылы сыныптағы оқушылардың білім дәрежесіне қарай топтық оқытудың нәтижелі болатындығына, балалардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі арта түсетіндігіне анық көзім жетті.