Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)



бет3/3
Дата06.02.2022
өлшемі373,08 Kb.
#79702
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Ұзақ
Ұзақ, 1525489834, 7777, академ.9сож, 1517121010, ENT IK Po temam Avtosokhranenny, Наурыз - бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі., transfer-receipt-13 12845819419, 1 е сабақ кестесі
Тілдік мақсаттар

Оқушылар әдеби тіл нормасына сай сөйлеуге дағдыланады, ойын анық та жүйелі жеткізе алады.

Құндылықтар

  • Өмір бойы білім алу.

  • Ынтымақтастық.

  • Азаматтық жауапкершілік.

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Әлем бойынша гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар.

АКТ дағдысын қолдану

Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады.

Өмірмен байланыс

Оқушыларға дұрыс тамақтану тәртібін ұғындыру.

Пәнаралық байланыс

Биология, химия.

Алдыңғы білім

Жастар және мәдениет.

Сабақтың барысы:

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
3 минут

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, дәптерлеріне бүгінгі күнді жазғызу.
Қызығушылықты ояту. «Гендік модификация» туралы бейнемәлімет көрсетіледі. Оқушылар осыдан кейін сабақтың тақырыбын болжайды. «Гендік модификация» туралы анықтамаларды жазып алу ескертіледі.
https://twig-bilim.kz/kz/film/genetic-modification
Кіріспе тапсырма. Тыңдалымалды тапсырма.
Оқушыларға бірнеше суреттер беріледі. Мысалы:
– Суреттерден нені байқадыңыз?
– Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар дегенді қалай түсінесіздер?
– Қандай тағамдар гендік өзгеріске ұшырайды деп ойлайсыздар?
– ГМО-ның әсеріне ұшыраған тағамдар қаншалықты зиянды?


https://twig-bilim.kz/kz
/film/genetic-modification


Сабақтың ортасы
5 минут
10/қорғауға 7 минут
15 минут
3 минут

Мағынаны тану кезеңі.
Негізгі тапсырма. Тыңдалым. «Гендік өзгеріске ұшыраған жемістер» жайында бейнемәлімет көрсетіледі. Бейнемәлімет бойынша керекті ақпараттарды жазып отырады.
https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/uchebnye-filmy/biologiya/lesson/gendik-ozgeriske-ushyrahan-zhemister
ТЖ. Тыңдалым тапсырмасы. «Балық қаңқасы» әдісі. Тыңдалым материалын тыңдайды, тыңдалым бойынша ұсынылған тұжырымдардың факті немесе көзқарас екенін ажыратады, келісетінін немесе келіспейтінін дәлелдер арқылы жеткізеді.
Гендік модификация немесе өзгеріске ұшыраған жемістердің қолданысының маңызды мәселелерін анықтайды.
Орындалу барысы:
басы – тақырыптың мәселесі, 
үстіңгі сүйектері – тақырыптың негізгі түсініктері,
астыңғы сүйектері – себептері,
құйрығы – мәселенің шешімі.
Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек, олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын сөйлем болуы мүмкін.
Талқылау. Кері байланыс. Топтар бірін-бірі бағалайды.
Бағалау критерийлері:
Берілген тақырып төңірегінде жеке көзқарастарын басқалардың көзқарасымен салыстырады;
Салыстыруларды диалогта/монологта тиімді қолданып, келісетінін немесе келіспейтінін дәлелдер арқылы жеткізеді.
Жаһандық байланыс. Гені түрленген өсімдіктердің егіс алқабы көбейіп кетті. 1996 жылы әлемде трансгенді өсімдіктердің егіс алқабының көлемі — 1,7 млн. гектар болса, 2002 жылы бұл көрсеткіш 52,6 млн. гектарға жетті (оның ішінде 35,7 млн. гектары — АҚШ-тың үлесінде), ал 2006 жылы 102 млн. гектарға гені түрлендірілген дақылдар егілген.
Деректерге сүйенсек, 2006 жылы әлемнің 22 елінде гені өзгеріске ұшыраған өсімдіктер өсіріліпті. Гендік өзгеріске ұшыраған дақылдар, әсіресе, АҚШ, Аргентина мен Канадада көп. Жалпы, бұл елдерден бөлек, Румыния, Болгария, Испания, Бразилия, Уругвай, Үндістан, Индонезия, Испания, Мексика, Германия, Австралия, Филиппин, Оңтүстік Африка, Колумбия, Жапония, Қытайда гені түрлендірілген дақылдар өсіріледі.
Қорытынды тапсырма. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Жұптық жұмыс. Алдымен хат жазудың ерекшелігі туралы бейнебаян көрсетемін. https://imektep.kz/kz/hat-zhazip-uirenu
«ГМО-ның әсеріне ұшыраған жемістер зиянды ма?» тақырыбында өзіңіздің пікіріңізді білдіре отырып, сыныптас досыңызға хат жазып көріңіз. Көлемі 100-120 сөз.
Білгенге маржан!
Гендік модификация дегеніміз не?
Гендік модификация бір түрдің генін алып, оны басқа бір түрдің генімен біріктіру арқылы жүзеге асады. Мысалы, адам генін алып, оны нәтижесінде экспрессияланатын бактерия жасушасына енгізу. Өйткені, ДНҚ – барлық тірі ағзалар қолданатын әмбебап код. Жаңа және белсенді әдістерді қолдана отырып, әралуан түрлердің гендерін біріктіруге болады. Ғалымдар геномында бактерия гені кезігетін қойды, геномында саңырауқұлақ гені кезігетін өсімдіктерді және құрамында жануарлар гені бар бактерияны жасап шығарды.
https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/cells-and-dna-using-genetics/51

Бағалау критерийлері:
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып,жазады;
Қосымша тапсырма. 7.ӘТН5. Пунктуациялық норма
Тест тапсырмасы. https://itest.kz/kz/exam_test?test_id=623151986#
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді белгілеңіз.
– Рахмет, ақсақал, қош болыңыз деп, меңгеруші бізді шығарып салды
– Рахмет ақсақал қош болыңыз! – деп меңгеруші бізді шығарып салды.
– Рахмет ақсақал, қош болыңыз – деп, меңгеруші бізді шығарып салды.
– Рахмет, ақсақал, қош болыңыз, – деп, меңгеруші бізді шығарып салды.
Жауабы: – Рахмет ақсақал қош болыңыз, – деп меңгеруші бізді шығарып салды.
Қосымша ақпарат.
Кейде сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің де сөзін, айтқан ойын келтіріп отырады. Сөйтіп, бір сөйлемнің ішінде екі адамның сөзі, пікірі, ойы қолданылады. Міне, осындай өз сөзінің ішінде біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз берілуін төл сөз дейміз. Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана сақтап беруін төлеу сөз дейміз. Төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейміз.
Төл сөз бен автор сөзі қалай орналасса да, олардың жігінде әрқашан кідіріс болып отырады. Жазуда төл сөз автор сөзінен белгілі бір тыныс белгілері арқылы бөлінеді. Төлге сөзге байланысты қойылатын тыныс белгілерін ішінара екі топқа бөлуге болады: а) төл сөздің интонациясына байланысты қойылатын тыныс белгілері (төл сөзді сөйлемнен кейін қойылатын үтір, сұрау, леп белгісі және көп нүкте); ә) төл сөзді автор сөзінен айыратын тыныс белгілері (қос нүкте, тырнақша, сызықша).
Төл сөз бірде тырнақшаға алынса, екінші бір жағдайда диалог ретімен жазылып, алдына сызықша қойылады. 
Бағалау. Кері байланыс.
Бағалау критерийлері:
Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсінеді;

Bilimland.kz
«Гендік өзгеріске ұшыраған жемістер» видео
https://bilimland.kz/kk/content/
lesson/12020gendik_ozgeriske_
ushyrahan_zhemister

Слайд
https://imektep.kz/kz/
hat-zhazip-uirenu

https://twig-bilim.kz/kz/
earning-materials/cells-
and-dna-using-genetics/51
https://itest.kz/kz/exam_test?test_id=623151986#

Слайд
Слайд

Сабақтың соңы
2 минут

Рефлексия


Слайд

Үй жұмысы




Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау




Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ/оқыту мақсаттары шыншыл ма?
Барлық оқушылар ОМ жетті ме?
Егер жоқ болса, неге?
Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?
Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?


Жалпы бағалау
Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойларыңыз)
1:
2:
Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойларыңыз)
1:
2:
Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет