Басталуы
|
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Үй тапсырмасын «Допты лақтыру» әдісімен сұрақтарға жауап беру арқылы сұраймын. Осы тәсіл арқылы оқушылар өткен тақырыптардың ережелерін қайталайды (оқушылар бір – біріне доп лақтыру арқылы өтілген оқу мақсаты бойынша сұрақтар қояды, ережелерді қайталайды).
Қоршаған ортаның ластанудың неше түрі бар?
Пайдалы қазбаларды өндірудің қоршаған ортаға қалай әсері қандай?
Пайдалы қазбаларды өндіру жер қабатының қайсысына кері әсерін тигізеді?
Пайдалы қазбаларды өндірудің жолдарын ата?
Техникалық немесе өндірістік қалдықтарға нелер жатады?
Қазақстандағы кен орындарына мысал келтіріңіз?
ҚБ: «Жұлдызша» арқылы бағалау.
Топқа бөлу. Оқушыларды топқа бөлу үшін «Алтын себет» әдісін қолданамын. Оқушыларға конверт таратылады, конверттің ішінде «Атмосфера», «Қоршаған орта» және «Пайдалы қазбалар» сөздері берілген, бірдей сөздері бар оқушылар бір топқа жайғасады. Оқушылар өз топтарын атауларына мағлұматтар береді.
Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қоя отырып, бүгінгі сабақтың оқу мақсатын анықтаймын:
Пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру үшін, алдымен қандай қадам жасаймыз?
Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін күтілетін нәтижені анықтаймыз:
Пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді.
1 топ - «Атмосфера»
2 топ - «Қоршаған орта»
3 топ - «Пайдалы қазбалар»
|
Айналмалы доп, сұрақ - жауап
Конверттер, үлестірмелік тапсырмалар
|