|
Мектеп: Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейі
|
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 9.2.С Координация және реттелу
|
Сабақ тақырыбы:
|
Нейрогуморалбды реттелу механизмдері және оларды салыстыру
|
Күні: 11.12.2019ж – 9в
12.12.2019ж – 9 а, г
|
Мұғалімнің есімі:
|
Сынып: 9
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
9.1.7.4. Нейрогуморальды реттелудің механизмін түсіндіру
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар: Нейрогуморальды реттелудің механизмін түсінеді
Оқушылардың басым бөлігі: Жүйкелік және гуморальдық реттелуді сипаттайды
Кейбір оқушылар: Ағзаның күйзеліске бейімделуін анықтайды
|
Ойлау деңгейі
|
Білу, Түсіну, Қолдану
|
Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
|
1.Нейрогуморальды реттелудің механизмін түсінеді.
2.Тынысалу мен тынысшығарудың реттелуін жүйке және гуморальдық реттелу механизмінің айырмашылығын анықтайды.
3.Жүйкелік және гуморальдық реттелудің адам ағзасына әсерін түсінеді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік дағдылар:
Оқушылар:
Жүйке және гуморальдық реттелудің механизмін кезең кезеңімен тиісті терминологияны қолдана отырып ауызша, жазбаша түрде сипаттай алады.
Жүйкелік және гуморальдық реттелудің қызмет әрекеттерін салыстыра отырып, түсіндіре алады
|
Терминология:
Нейрогуморальды реттелу - Neurohumoral regulation
Тыныс алу оралығы – Respiratory tract
Гипоталамус – Hypothalamus
Хеморецепторлар – Hemoreceptors
Күйзеліс – Stress
Гипофиз – Pituitary gland
Адреналин – Adrenalin
Гликоген – Glicogen
Глюкоза - Glucose
|
Сөз тіркестері:
Хеморецепторлар өз кезегінде қандағы көмірқышқы газы мөлшерінің артуынан ....
Қандағы глюкоза мөлшері артқанда...бөлінеді.
Қанда глюкоза мөлшері жеткіліксіз болғанда ...бөлінеді.
Глюкагон ...затын ...затына айналдырады.
Күйзеліс – жүйке және гуморальдық механизм арқылы гомеостазды сақтауға бағытталған төтенше жағымсыз факторлардың әсеріне ағзаның ....
|
Құндылықтарды дарыту
|
Қарым-қатынас жасау қабілеті, өзгелердің көзқарастарына құрметпен қарау, жауапкершілікті болу. Денсаулық сақтауға бағыттау
|
Пәнаралық байланыстар
|
Медицина – Күйзеліске ағза қалай бейімделетіні жөнінде айтады
Химия - Гормондардың табиғаты және ағзадағы мөлшерін реттейтін заттардың түрлері туралы қарастырған кезде химия пәнінен алған білімдерін қолданады
|
|