1. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің – у жұрнағы дауысты болып жалғанады: бар-у, қайт-у, көр-у, кел-у. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің – у жұрнағы дауыссыз болып жалғанады: ойнау, сөйлеу, бармау, келмеу.
2. Дауысты ы, і дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің – ужұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і дыбыстары жазылмай, - у дыбысының құрамына еніп кетеді де, ол (у) дауысты дыбыс болып есептеледі.
Мыс: Оқы + у оқу, тасы +у тасу, кемі + у кему т.б
3. Қатаң п,қ,к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің – у жұрнағы жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б - ға, қ, к дыбыстары ғ, г дыбыстарына айналады.
Мысалы: ақ+у-ағу, кеп+у-кебу,тап+у-табу, үк+у-угу, ық+у-ығу.
263-жаттығу. Тұйық етістіктерді тауып, олардың қай септікте тұрғанын ажыратыңдар. Үлгі: Ұнауымен: ұнау-тұйық етістік, -ы-тәуелдік жалғау, -мен-көмектес септігінің жалғауы.
Мына сөйлемдегі көп нүктенің орнына тұйық етістікті қойып жаз.
Тапсырманы уақытында .............. керек. Мектепте және үйде тәртіпті ....... керек.Үлкендерді .......... керек. Ұйым жұмысына ...... керек. Мәдениетті ...... керек. Сабаққа белсенді ........... керек.