Сабақтан тыс іс-шара Мақсаты: 8 сынып оқушыларының химия пәніне деген қызығушылығын арттыру. Осы негізде оларға сабақтан тыс қызықты химиялық тәжірибелер көрсетіледі. Химиялық реактивтердің қасиеттерін бір-бірінен ажырата білуге үйренеді



бет5/6
Дата14.04.2023
өлшемі31,05 Kb.
#174567
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ХИМИЯЛЫҚ АССОРТИ

3-бөлім. “Жұмбақ аралы
Ережесі: химиялық элементерге қатысты жасырылған жұмбақтардың жауабын қазақша оқылуын айтасыздар. Әр сұраққа 10 балмен есептеледі. Толық болмаса 5 балмен есептеледі.
І топ
1.Күміс түсті металл өзі
Ақ бор, әктас, мәрмәр еді
Жер металы десек те
Сан құрылыстың өзегі (кальций, кальций)

ІІ топ
2.Жануарда да адамда да болатын
Талай снаряд, бомбаларды ж аратын.
Полиграфияда да сенім артып,
Жапырақта хлорофилді түзетін (магний, магний)

І топ
3.Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,
Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсететін суықты, жылуды анық
Қандай зат құрал жасар соны құйып (сынап, гидраргирум)

ІІ топ
4. Тағады оны төсіне
Алтыннан басқа алдына
Салмақты та сабырлы
Теңеу айтып оған да (күміс, аргентум)

І топ
5. Иісі, дәмі де жоқ ұсталмайды,
Ол болмаса тіршілік өмірде жоқ.
Ол болмаса, отын да тұтанбайды,
Қалады қарауытып көмір боп шоқ (оттек)

ІІ топ
6.Алғаш болды белгілі
Күнде қандай элемент?
Одан кейін біз оны
Жерден зерттеп тауып ек? (гелий, гелий)

І топ
7. Қолданамын электр желісінде
Осы менің негізгі ж еңісім де
Жарқыратып үй – үйге жарық берем
Бағалымын адамға сол үшін де (алюминий)

ІІ топ
8.Өзі сұйық, иісі де жағымсыз,
Ғалымдар да сондықтан
Сасық деген ат беріп,
Қолданады дәріге (бром, бром)


І топ
9. Өзім газбын, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (оттегі)

ІІ топ
10. Су бетінде қалықтап қандай металл жүзеді
айтшы ойланып денеңде жетпейтін қандай тұз еді? (натрий, ас тұзы)


4-бөлім. «Формулалар сыры»
І, ІІ топқа Формулаларын жаз
1. Күкірт (ІV ) оксиді - SO2
2. Кальций оксиді - CaO
3. Магний гидроксиді - Mg(OH)2
4. Азот қышқылы - HNO3
5. Кальций силикаты - CaSiO3
6. Натрий дигидрофосфаты - NaH2PO4
7. Магний гидрокарбонаты - MgHCO3
8. Аммиак - NH3
9. Фосфин - РH3
10. Метан - CH4
11. Күкірт қышқылы – H2SO4
12. Натрий гидроксиді – NaOH


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет