СабақТАҚол жеткізілуге тиісті оқу мақсаты



Дата26.06.2018
өлшемі131,25 Kb.
түріСабақ

Оспанова Жанат Нуроллаевна,

Жалпы білім беретін №24 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

Қарағанды облысы,Балқаш қаласы



ТАҚЫРЫБЫ:

Жүсіп Баласағұн «Құтты білік»

САБАҚТАҚОЛ ЖЕТКІЗІЛУГЕ ТИІСТІ ОҚУ МАҚСАТЫ (SMARTМАҚСАТТАРЫ/СТАНДАРТПЕН БАЙЛАНЫСТЫРУ)

Жүсіп Баласағұн туралы түсінігін кеңейту, трактаттан үзінді оқыта отырып, шығарманың құндылық мазмұндарын айқындау, идеясын ашу;

САБАҚ МАҚСАТТАРЫ


Барлық оқушылар (А, В, С оқушы жасай алады):

Мәтін бойынша түсінгендігін айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі (А, В (көптеген оқушылар жасай алулары керек):

Мәтін бойынша негізгі тапсырмаларды орындай алады,Шығарма бойынша кесте толтыра алады.

Кейбір оқушылар (А (кейбір оқушылар жасай алуы тиіс)): Шығарма талдауды түсінбеуі мүмкін.

Берілген тапсырма бойынша өз ойын толық жеткізе алады. Мәтіннің мазмұнын өмірмен байланыстыра алады

Күтілетін нәтиже

ТІЛДІК МАҚСАТ

Топтық, деңгейлік тапсырмалар, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым - қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденеді.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Танымдық, шығармашылық қабілетін, ізденістерін арттыру; өздігінен білім алуға жетелеу.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер (Тілдік стратегиялар: оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым):

Талқылауға арналған тармақтар:

Ақыл,нақыл, өсиет,адал достық, амал достық.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Постер қорғау,топпен жұмыс ,сәйкестендіру,құрылысына қарай талдау, шығармашылық жұмыс ,«Адамтану диаграммасы»

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың білім алуға деген құштарлықтарын арттыру.Функционалды сауаттылық артады алған білімдерін өмірмен ұштастыра алады. Шығарманы оқи отырып адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады.

АКТ қолдану

Интерактивті тақта. Видео.Аудио.Рефлексия.


АЛДЫҢҒЫ ОҚУ

1.Ежелгі дәуір әдебиеті қай ғасырларды қамтыған және неше кезеңге бөлінеді?

2.Ислам дәуіріндегі әдебиетке қандай ақын-ғалымдар жатады?





ЖОСПАР

ЖОСПАРЛАНҒАН УАҚЫТ (Сабақтың жүру барысы/40м.)

Жоспарланған жаттығулар

РЕСУРСТАР

Басталуы (Қызығушылықты ояту)

1.Топқа бөлу (2 мин)

2. Үй тапсырмасын тексеру (3 мин)
«Алтын сандық»

3. Миғашабуыл

стратегиясы(3 мин)I Ой қозғау

Постер қорғау

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

АКТ

Оқулық


Сабақ басында:

- Балалардың сабаққа қатысуын тексеру, зейінін мақсатқа бағыттау - Сабақтың оқушылармен бірлесе атқарылар жұмыс бағытын анықтау

-жаңа сабақ тақырыбын анықтауға байланысты сұрақтарқою,үй тапсырмасын тексеру.
Сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық.

Ұлы ғұламалардың суреттері арқылы бөлінеу

1.Әл-Фараби

2.Ахмет Иасауи

3.Ахмет Иүгнеки


Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Оқушылар шығармадан үзінді оқи отырып кейіпкерлерді анықтайды.




Бүгінгі сабағымызды болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін Мәңгілік Ел идеясымен бастамақпын. «Қазақ елі –мәңгілік» деген ұлттық идеямыздың темірқазығын осыдан мыңдаған жылдар бұрын ғұлама ғалымдарымыз жазып кеткен.Бұл жазуды тасқа қашалынып жазылған «Күлтегін» жырынанда кездестірген болатынбыз.Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Міне, сол армандар ақиқатқа айналды.Мәңгілік Елдің іргетасы қаланды. Өйткені біз ұлы тұлғалар үміт артқан ұрпақпыз.
Сандықша ішіндегі сұрақтарға жауап беру.

1.Ахмет Иасауидің еңбегі қалай аталады? «Диуани хикмет»

2.Қожа Ахмет Иасауи өзінің әйгілі еңбектерін қай қалада жазған? Испиджабта

3.Ахмет Иасауи қандай отбасында дүниеге келген? Көрнекті дін қайраткерінің

4.Қожа Ахметке алғаш білім берген ұстазы кім? Бахаул-дин Испиджаби

5.Диуани хикмет» қай тілде жазылған?. Орта Азиялық түркі тілінің қыпшақ диалектісінде

6.Ахмет Иүгнеки қай ғасырда өмір сүрген? ХІІ ғ аяғы мен ХІІІ ғ басында

7.«Ақиқат сыйы» кітабының қанша көшірмесі сақталған?3

8.Ақын «Ақиқат сыйы» еңбегінде нені дәріптейді? Барлық нәрсе бір Алланың еркінде екендігін

9.Ахмет Иүгнекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі неге негізделгенін айтыңыз? Ислам құндылықтарына

10.Ахмет Иүгнекидің

бізге жеткен жалғыз туындысы?«Хибуатул-хақайқ» «Ақиқат сыйы»

11.Әл-Фарабиге Аристотельден кейінгі Екінші ұстаз деген атақты ким берген? Шығыс ғалымдары

12.Әл-Фараби қай жылы ,қай қалада дүниеге келген? 870-950ж Отырар қаласында дүниеге келген.

13.«Тіршілікте құрыштай бол төзімді» кімнің шығармасы?



Әбу Насыр Әл-Фараби

14.Әл-Фараби қандай ғылым саласымен айналысқан?



Музыка,математика,логика,философия,астрономия,әдебиеттану ғылымдарымен айналысқан.

15.Ақындарды үш топқа бөліп,поэзияның қыр-сыры туралы байыпты пікір айтқан кімнің, қай еңбегінде? Әл-Фарабидің « Өлең өнерінің қағидаттары» атты еңбегінде.



Аудио , видео

Жүсіп Баласағұн

1.топ «Ж.Баласағұнның өмірбаяны»

2.топ «Ж.Баласағұнның еңбектері»

3 топ «Құтты білік» дастанының тақырыбы.

Оқушылар видеодан не көргендігін баяндайды?



Ортасы

Кітаппен жұмыс
Құрылысына қарай талдау жасау
Топтық жұмыс

Жұппен жұмыс

Сәйкестендір

Шығармашылық жұмыс




Жүрсін бектер // бес нәрседен алыстап, а
Есі болса, // жұрнақ болса намыстан. а
Ұшқалақтық - бір, // екіншісі - сараңдық, б
Үшіншісі - ашу, //оған егіз надандық. б

12 шумақты, 4 тармақты, 2 бунақты, буынды егіз ұйқас



І топ.
Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,
Есі болса, жұрнақ болса намыстан.
Ұшқалақтық - бір, екіншісі - сараңдық,
Үшіншісі - ашу, оған егіз надандық, - деген үзіндіден
адам бойындағы ғұлама көрсеткен адамгершілік, асыл қасиеттер мен азғындық жолға түсірер жағымсыз қылықтарды топтастыр. Ғұламаның айтпақ ойы қандай, түсіндір.
Жағымсыз қылықтар ІІ - топ.
Төмендегі үзіндіден адал достық пен амал достықтың сипаттарын анықтап, түсіндір. Ақыл, нақыл, өсиет сөздерін жинақта.
Екі түрлі достықтың бар есебі,
Сол үшін жұрт табысады, сенеді.
ІІІ -топ.
Төмендегі келтірілген үзіндіден ақыл, білім, тіл туралы айтқан ойларына анықтама беру.
Ақыл, білім, тілмашы – тіл, бұл кепіл,
Жарық төгіп, елжіретер тіл деп біл.
Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,
Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.


тапсырма

Әл-Фараби

Ахмет Игүнеки

Ахмет Иасауи


















































Ар-ождан алдындағы адалдық өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты. Шыншылдық адалдықпен ағалас Әл-Фараби
Адал дос таңдауда,адал дос таба білу де адамдықтың жоғарғы белгісі.

Әл-Фараби

Уа,дос білімді кісінің жолын қу!

Егер сөйлейтін болсаң, біліп сөйле.

Егер мақтағың келсе, жомарт ерді мақта, Ахмет Игүнеки Білім сияқты пайдалы Білімнің арқасында ғылым жоғары көтеріледі.



Ахмет Игүнеки

Үлкен –кіші адамнан ибалық әдет кетті,

Қыз –бозбала жастардан әдеп кетті.

Ахмет Иасауи
Дүние –дүние дей берме,бір Алла болсын айтарың

Кісі ақысын жей көрме ,ысырат көріпбар,байқаған.Ахмет Иасауи

1. Дос туралы эссе жазу
2. Адамгершіліқасиеттертуралы эссе жазу
3. Тілтуралы эссе жаз


Топ оқушылары жасаған жұмыстарын

Әр топқа барын түсіндіреді

Әр топ өзіне берілген тақырыпты аша отырып қорғайды.




Оқулық



Аяқталуы

Рефлексия. 2 мин

«Адамтану диаграммасы»

Үй тапсырмасы беру (1мин)

Бағалау (1 мин)


Бекіту кезеңі Айтыңдаршы балалар,. адам бойындағы ғұлама көрсеткен адамгершілік, ақыл қасиеттер мен азғындық жолға түсірер жағымсыз қылықтарды осы өмірдегі адамдар бойынан табылама?

- Иә, дұрыс айтасыңдар,барлығы адамдарға тән қасиеттер.Сабағымызды қорыта келе адам бойындаға жақсы қасеттерді топтастырайық


Жақсы қасиеттер- Адамгершілік, кішіпейілдік, татулық, парасаттылық, мейірімділік, жарасымдық қайырымдылық, инабаттылық. Бұл қасиеттер адамның жанын жадыратады, көңілін көтереді.
- Осы жақсы қасиеттерді жанымызға жақын ұстап, жаман қасиеттерден аулақ болайық.

Ж.Баласағұнның «Құтты білік» мәтіні бойынша зиянды нәрсесін Абай Құнанбайұлыны «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес дұшпанмен Венн диаграммасы арқылы салыстыру


Оқушылар сабақ барысында алған білімдерін қорытындылай келе өз ойларын жинақтайды.



Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Топ басшысы өз топтарын бағалайды?

Стикерге, сурет қиындылары.


Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу