С деңгейіндегі оқушының жұмысы
Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша төртінші сабағым Қайнекей Жармағамбетовтың «Ормандағы оқиға» мәтіні. Мәтінді «Ой шақыру» әдісі арқылы жүзеге асырдым. Оқушыларды айнала шеңбер етіп жинап, жаңа тақырыпты ашу мақсатында сұрақтар бердім.
Қайың, қарағаш, тобылғы жайында не білеміз?
Орман дегеніміз не?
Мұнда оқушылар ой шақыру мақсатында берілген сұрақтарға жауап береді. Сыныпты зерттеу барысында тағы бір байқағаным оқушылардың сұрақты жүйелі әрі мәнді құру дағдысы қалыптасқанын және де естиярлар ретінде көршісінің сұрағын қайталап қоймайын деп туындаған тыңдай білу дағдысының алға жылжуына септігім тиді деп ойлаймын.
Кейінгі әрекетімде оқушыларды жаңа тақырыпқа сәйкес үш топқа топтастырып алдым. І топ: «Қайың», ІІ топ: «Қараағаш», ІІІ топ: «Тобылғы» тобы арқылы топтастырылды. Әр топқа плакат беріліп, ортасынан сызып, бір жағына суретін, бір жағына сол берілген ағашты сипаттап жазады. Жасалған жұмыс қорғалып, мадақтау арқылы бағаланды. Әрі қарай оқушылармен оқулықпен жұмыс жасаттым. Оқулықпен жұмыс барысында оқушылар берілген мәтінді өз бетінше түсініп оқиды. Мәтінмен жұмыс жасалынып болған соң, оқушыларға топтық жұмыс берілді. І топ: 1-бөлім бойынша постер қорғау, ІІ топ: 2 – бөлім бойынша постер қорғайды, ІІІ топ: 3 – бөлім бойынша берілген мәтінді сахналайды. Топтық жұмыс «А бақылау парағы» арқылы бағаланады. Бұл тапсырма барысында ІІІ топтың сахналаған жұмысы оң нәтижесін берді. ІІІ топтың мәтін бойынша сахналаған жұмыстарына мұқият зейін салып тыңдап, қызыға тамашалады. Топтық жұмыс өз деңгейінде жүргізілді.
Оқушылар топтық жұмыс жүргізіп болған соң, жұптық жұмыспен жұмыс жасады. Жұптық жұмыста «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісін пайдаландым. Ертегіден мәтелді тауып, мәнін түсіндіріп жазады. Ертегіден мәтелді тауып, сол мәтелді өмірмен байланыстырып түсіндірді және қалған оқушылар нақыл сөздермен кіріктіріп түсіндірді. Берілген тапсырманы орындауда үздігін таңдап, сыныптастар бір–бірін «үш шапалақ» арқылы формативті бағалады.
Оқушылар арасында позитивті құлшыныс орнату үшін сергіту сәтін ұйымдастырдым. Сергіту сәті сабақта баланы жалықтырмай сабаққа деген ынтасын жандандыру мақсатында жүргізіледі. Содан соң, оқушылар жеке жұмыс жасады. Жеке жұмысқа «Адасқан әріптер» кестесін толтыруға берілді. Мұнда оқушылар адасқан әріптер арасынан ағаштардың аттарын тауып жазады. Бұл тапсырмаға оқушылар қызыға, ынталана, талпына ат салысады. Әрбір оқушыға жеке жұмыс болғандықтан оқушылардың қаншалықты ағаш түрлерін білетіндігі анықталады. Бұл жеке жұмыс бойынша оқушылар мадақтау арқылы бағалау жүргізілді.
«Адасқан әріптер » кестесі
Қорытындылай келе сабақ соңында Блум таксономиясы бойынша сұрақтар топтамасы берілді. Сабақта өтілген тақырып қорытындысы ретінде әрбір оқушы блум таксономиясы бойынша алты ойлау деңгейіндегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындады. Оқушылар тақырып бойынша алған мәліметтерден интерпретация жасады. Орындалған тапсырманы тексере отырып, әр жұмыстарға ға өз тарапымнан «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» жазып отырдым. Мұғалім тарапынан жазылған жазбаны оқи отырып, оқушы кемшін кеткен тұстарын біліп, ізденімпаздыққа бой ұрады.
Блум таксономиясы
Блум таксономиясының қорытындысы
Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйрену қажет,сондықтан оқушылар өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеуі қажет.Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін өте маңызды да,өзекті. Бағалау – оқу процессінің динамикасын көрсету үшін оның әр кезеңінде оқушы мен оқытушының өзінің жұмысын бақылауы мен бағалауын ауызша не жазбаша түрде келтіруі. Сабақ барысында жүргізілген бағалау түрлері «А», «В», «С» деңгейдегі оқушылардың бір саты болса да ілгерілеуіне әкелді.
Алдағы уақытта сабақ берудің сапасын арттыру үшін формативті және суммативті бағалаудың түрлерін тиімді қолдану оқушының жеке тұлға ретінде ой-пікірін жетілдірудің тиімді жолы екенін түсіндім. Курс бағдарламасын толық меңгеріп, тәжірибеме енгізу үшін көп ізденіс пен қажырлылық керек екен. Аталған модульдің оқудағы пайдасы ұшан-теңіз болатынын да түсіндім.
Қорыта келе сабақтың тиімді, нәтижелі, жемісті болу үшін бағалаудың маңызы зор. Сыныптағы оқушылар өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды, және сыныптасын шынайы бағалауға дағдыланады.
Ойымды қорыта келе, аталмыш «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модуль идеясын мектеп тәжірибесіндегі сабақтарға енгізуде сәтті шыққан тұстарыма тоқталсам:
- Өз ой пікірлерін ашық жеткізе алатын болды.
- Өзін-өзі бағалауда жауапкершілікпен қарауды үйренді.
-Топтық, жұптық өзара бағалау кезінде оқушылар бағалаушысының -көңіліне қарамай шынайы бағалауды үйренді.
- Бастысы осы бағалаулардың жауапкершілігі мен маңызын түсінді.
сәтсіздіктерді сараласам:
Оқушылардың асыра мақтауға бой алдырулары;
Сынның ұсыныспен алмастырылуы;
Бәсекелестіктің көрініс беруі;
Шынайы бағалауға бағытталмауы;
Жұптардың өзара толық бағалауын іске асыра алмауы;
Алдағы уақытта осы сәтсіздіктерді жою үшін өзіме төмендегідей міндеттемелерді назарда ұстаймын:
Нақты дәлел келтіре отырып, шынайы бағалауды;
Түрлі сыни көзқарас тудыратын тапсырмалардың молдығын;
Сыныптастар ортасында жағымды ахуал туғызуды;
Шынайы деректер келтіруді.
Жұптардың өзара бағалуын толық іске асыру;
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (базалық) деңгей
Төртінші басылым,
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы
2.Таратпа материалдары үшінші апта
3.Әдебиеттік оқу 4 сынып. Алматы « Атамұра» 2015
С. Рахметова, Т.Әбдікәрім, Р.Базарбекова.
Достарыңызбен бөлісу: |