Сабақтарынан арналған әдістемелік өңдеу Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс» Курсы: ІІ семестрі: IV



бет15/16
Дата10.06.2017
өлшемі6,02 Mb.
#18554
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16



Қазіргі деректер бойынша жыныс жасушаларында барлық мүшелері қалыптасқан кішкентай ағза болады деп айту қате, дегенмен, соңғы кездерге дейін преформизм идеясын жаңғыртуға тырысушылар оқтын-оқтын табылып жатты, оларды неопреформисттер деп атайды. Ерте замандардың өзінде-ақ преформизм гипотезасына қарама-қарсы пікірлер айтылған. Бүл пікірлерді эпигенез гипотезасы деп атайды. Эпигенез гипотезасы бойынша жыныс жасушаларында (жұмыртқа жасушасы, сперматозоид) ешқандай дайын, күні бұрын айқындалған кішкентай ағза болмайды, тіпті жыныс жасушаларында ешқандай күрделі күрылымдар да кездеспейді. Олар құрылыссыз, гомогенді — біркелкі массадан тұрады, ал болашақ ағза ұрықтанғаннан кейін күрделі жаңа құрылу құбылыстарының нәтижесінде дамып жетіледі деп айтқан. Яғни жыныс жасушаларының ағза онтогенезі үшін ешкандай рөлі болмайды деп уағыздаған. Эпигенез идеяларының өріс алып дамуы орыс ғалымы К. Вольфтың еңбегімен тығыз байланысты. XVIIXVIІІ ғасырларда осы екі гипотеза жақтастары арасында ұзаққа созылған ымырасыз пікірталас жүріп келген. Бірақ XIXғасырдыц бас жагында К. Бэр өз тәжірибелері негізінде жоғарыда келтірілген гипотезалардыңешқандай шындыққа жанаспайтынын дәлелдеп көрсеткен. К. Бэрдің айтуынша жыныс жасушаларында дайын күні бұрын айқындалған кішкентай ағза болады деп айту әбестік, сол сияқты жыныс жасушалары болашақ ағзаның дамуына ешкандай ұлес қоспайды дұрыс емес. Онтогенез өте күрделі құбылыс, оның әрбір кезсңдері мен сатыларында күрделі өзгерістер, жаңа құрылымдар пайда болып отырады. оның келесі кезеңі мен сатысының қалыпты жүруі одап дейінгі кезеңдер мен сатыларда болып өткен құбылыстар жиынтығына тығыз байланысты болады. Сондықтан да онтогенезді - преформацияланған эпигенез деп қарастыруымыз керек. К. Бэрдің осы болжамы қазіргі кеде де көптеген оқымыстылар тарапынан қолдау табуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет