Сабақтарынан «Түлга психологиясы», «Қарым-қатынас»



бет2/7
Дата01.04.2022
өлшемі1,36 Mb.
#137560
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
психологиялық кеңес туралы

Құзіреттілік – қызмет атқарушының жеке мүмкіншілігі, оның квалификациясы (білімі мен тєжірибесі), шешім қабылдай алуы немесе белгілі бір білім мен дағдыларына сәйкес шешім қабылдауы.
Маманның кәсіби құзіреттілік мєселесі күрделі де көп қырлы. Бұл ғылыми педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кєсіби білім берудің теориясы мен әдістерінде, акмеологияда, андрогикада, гуманитарлық ғылымда әр қырынан қарастырылып жүр. Мәселе кешенді түрде зерттелуде.
Құзіреттілік – жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тєжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен көрінеді.
Н.С.Розов құзіреттіліктің екі жағы болатынын анықтайды да, бірінші жақты танымдық жєне практикалық жањалық енгізуді (инновация) ассимиляциялау мүмкіндігімен, екінші жақты – білім беру жүйелерінің әр түрі, тип, профилі сатыларына қойылатын білім талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады.
Н.С.Розовтыњ пікірінше, құзіреттіліктің мынадай қырлары бар:
мәндік аспект, неғұрлым жалпы мәдени контекстегі ахуалды жете түсінудің бара-барлығын көрсетеді. Бұл контекстің аяғына осы сияқты ахуалды бағалау, ұғыну мен оған деген қарым-қатынас кіреді;
проблемалық-практикалық аспект, бұл осы бір жағдайда ахуалды айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларды алға қою мен орындау тиімділігінің бара-барлығын сипаттайды;
коммуникативті аспект, бұл – осы тәріздес ахуалдағы қатысымның жєне адамның осындай жағдайда қатысын жєне өзара ықпал жасауға тиісті мєдени үлгісі, деңгейінің бара-барлығын қамтамасыз етеді.
Құзіреттілікті оның жалпы мєдени жєне кәсіби көріністерін сипаттау үшін былайша аспектілерге бөлу жасанды екенін көруге болады.
Қазіргі қоғамдық өзгерістердің қарқындылығы жаңа сипаттағы мамандарды қажет етіп отыр. Ондай мамандар дәйім өзгеріп отыратын әлеуметтік-экономикалық үрдістерді талдай білуге, нарықтық бәсеке жағдайына сай шешімдер қабылдап, жүзеге асыра білуге, өндіріс пен жеке адам арасындағы ықпалдастықтың ізгілікке бағытын стереотиптендіруден арылта білуге тиіс. Осы жағдайларға байланысты жоғары оқу орнының ең бір маңызды міндеті кәсіби жағынан білімдар да құзіретті маман даярлау болып отыр.
Педагогтың кәсіби құзіреттілігі туралы айтсақ, педагогикалық міндеттерді өз бетімен тиімді мұғалімнің, педагог-психологтың, тєрбиешінің тұлғалық шеше алу мүмкіндіктерін сөз етеміз.
Кәсіби құзыреттілік термині көне заманнан бері қолданылып, әр кезеңде оныњ мазмұны толықтырылып отырған.
Осындай шарықтап даму кезеңдері Платонның сатылап оқытудың жоғарғы оқу түрлері және барлық жалпы білімнің үйлесімдік базасында кәсіпке оқытудағы жоғары білім туралы Аристотельдің идеялары, ХVІІІ-ХІХ ғасырда зайырлық кәсіби білім берудің ұтымды жолдарын ұйымдастыру туралы ойлар. Содан бері жоғары оқу орындарында кәсіпке оқытуға ерекше көңіл бөлініп және соның арқасында қазіргі жоғары оқу орындарында көп деңгейлі жоғары білім беруде кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру үрдісі жалғасуда.
Жоғары білімді маманның кәсіби құзіреттілігі сол маманның жеке тұлға ретіндегі қасиеттерінің жєне ішкі психикалық жағдайларының күрделі жүйесі, оның кәсіби қызметі мен қабілетін іске асыру дайындығына, былайша айтќанда, іскерлігі мен мүмкіндігіне сай жұмыс істеу қажеттілігінен келіп шығады.
Құзіреттіліктің сипаты қандай?
Кейбір сөздіктерде құзіреттілікке белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдауға, салмақты да беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндірме берілген. Ал, құзіреттілік дербес жєне жауапкершілікпен әрекет етуге, белгілі бір жұмысты орындауға қабілеттілік пен икемділікті меңгеруге жол ашатын психологиялық ахуал, психологиялық сапаның қосылымы ретінде белгіленіп жүр. Құзіретті болу мен құзіретсіз болудың себебі бірдей. Ол адамның жеке тұлға ретіндегі ахуал, эмоциялық тұрақтылығы мен айнымалылығы, денсаулықтың жақсы-жамандығы т.б. осылардың болу-болмау себептерін анықтау үшін құзіреттілікті саралап, кәсіби психологтың қатысуыныњң маңызы зор (Кесте 2).
Құзіреттіліктің бар-жоғын адам еңбегінің нәтижесімен қарап, пайымдау қажет. Кез келген қызметкер өз әрекетімен кәсіби іс-әрекеттің түпкі нәтижесіне сай талаптарға жауап беретін жұмыстарды орындаса ғана кәсіби құзіреті саналады. Жеткен нәтиже емес, белгілі бір жетістікке жету үшін тырысуды құзіреттілікке телуге болмайды. Құзіреттілікті адамның білімдарлығымен жапсарлатуға болмайды. Өйткені, жұрт айтқандай: «… құзіретсіздік оқу орнының шаңырағында шайқалып тұр». Құзіреттілікті адамдардың белгілі бір мєселені шешу қабілетімен шатастыруға болмайды. Бұл мєселені мен шеше аламын, бірақ менің құзырыма жатпайды немесе бұл менің құзырымда, бірақ, білімдарлығым жетпейді т.б. пікірлер айтылды.
Әрбір қызметкер өз орнындағы құзіреттілігінің межесін ғана емес, дєрежесін де білсе ұтар еді. Кәсіби құзіреттіліктің түрлерін ажыратуы міндет болып саналады. Атап айтар болсақ:
арнайы құзіреттілік — өзінің кәсіби іс-әрекетін жеткілікті дєрежеде меңгеру, өзінің кәсіби қалыптасуын жобалай білу;
әлеуметтік құзіреттілік – бірлесе, кәсіби іс-әрекетті атқаруды, ынтымақтасуды, сондай-ақ, осы кәсіпке қарасты қатысымды меңгеру, өзінің кәсіби еңбегінің нәтижелері үшін әлеуметтік жауапкершілік;
жеке тұлға құзіреттілігі — өзін көрсете білу мен қалыптастыру амалдарын, жеке тұлғасының кәсіби қарсы тұру құрамдарын игеру;
дара құзіреттілік — өзінің қабілеттілігін асыру және кәсіп аясында өз даралығын қалыптастыруға қабілеттілік, кәсіби тұрғыдан қартаюға бой бермеу.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заң
ында білім беру тєрбие мен оқытудың үздіксіз үрдісі, ал, оның негізгі мақсаты жоғары деңгейдегі адамгершілік, мәдени даму жєне қоғам мүшелерінің кәсіби құзырлығы деп атап көрсетілген.
(1кесте)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет