Психологиялық кеңес беру дегеніміз не?
Психологиялық кеңес беру – әңгімелесу, әр түрлі «релаксация» тәсілдері және өзіндік анализ әдістері арқылы адамға демеу алуға, негативті эмоциялық кернеуді жеңілдетуге және эмоциялық тепе-теңдікті орнына келтіруге мүмкіндік беретін, психологиялық көмектің қызқа мерзімді түрі.
Психологиялық кеңес берудің міндеттері:
1) адамға өз ойы бойынша таңдау жасауға және әрекет етуге көмектесу;
2) пайда болған мәселелерді өзбетінше шешу үшін, тұлғаның жасырын ресурстарын табуға көмектесу;
3) жаңа мінез-құлықты үйренуге көмектесу;
4) тұлғаның дамуына себепші болу.
Достарыңызбен бөлісу: |