Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж


Топырақтың негіздермен қанығу дәрежесі (V) –



бет33/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt
бағалау, agrohimiya lektsiya zhi nt
Топырақтың негіздермен қанығу дәрежесі (V) – сіңірілген негіздердің қосындысын (S) сіңіру сыйымдылығына (Т) қатынасын пайызбен өрнектеу.



Топырақтың негіздермен қанығу дәрежесі жалпы сіңіру сыйымдылығының қандай бөлігі сіңірілген негіздерге, қайсысы гидролитикалық қышқылдыққа тиетінін көрсетеді. Негіздермен қанығу дәрежесінің шамасы топырақтың қышқылдығы мен сіңіру қабілетінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Топырақ ерітіндісінің реакциясы тұрақты болмайды. Әр түрлі биологиялық, химиялық және физика-химиялық құбылыстардың нәтижесінде топырақта қышқылдар немесе негіздер пайда болып, топырақ реакциясы өзгеріп тұрады.
Топырақ реакциясы енгізілетін тыңайтқыштар әсерінен де өзгереді. Мысалы, физиологиялық қышқылды тұздарды (NH4Cl, (NH4)2SO4 т.б.) енгізгенде топырақ ерітіндісі қышқылданады, ал физиологиялық сілтілі тұздарды (NаNO3, Ca(NO3)2) пайдаланғанда қышқылдығы азаяды немесе топырақ ерітіндісі сілтіленеді.
Физиологиялық қышқылды немесе физиологиялық сілтілі тыңайтқыштарды әрдайым енгізгенде топырақ ерітіндісінің реакциясы күшті өзгере алады да өсімдіктердің және топырақ микроорганизмдерінің тіршілігіне үлкен әсер етеді.
Бірақ әр түрлі топырақтарда реакцияның өзгеруі бірдей болмайды. Біреуінде топырақ ортасы баяу, басқаларында жылдам өзгеріп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет