Калийдің жетіспеуі дақылдардың дамуы мен пісуін кешіктіреді, дәннің солғындығын тудырады, тұқымның өнгіштігі мен тіршілікке қабілеттілігі төмендейді, өнім сапасы нашарлайды. Өсімдіктер әр түрлі аурулармен тез зақымданады, өнім сақталғыштығы нашарлайды. Жапырақтардың шеттері күреңденеді. Жапырақтар «күйген» жыртылған түрге ие болады, оларда тат түсті дақтар пайда болады.
Қоректік элементтердің шығарылуы. Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері, оларды өсірудің климат-топырақ және агротехникалық жағдайлары, топырақтағы қоректік элементтерді әр түрлі дақылдардың өніммен бірге шығаруын анықтайды.
Қоректік элементтерді өніммен бірге шығаруының биологиялық және шаруашылық түрлері болады.
Дақылдардан негізгі және қосалқы өнімдер өндіруге, сонымен бірге аңыз қалдықтары, тамырлары, жерге түсіп қалған жапырақтары үшін қоректік заттарды топырақтан алған жағдайда бұл биологиялық болып табылады.
Ал қоректік заттарды тек қана негізгі және қосалқы өнімдер үшін пайдаланса, бұл шаруашылық болып саналады.
Дақылдардың қоректік заттарды пайдалануы шаруашылықтарда алатын өнімдерге қарағанда биологиялық өнімдерге анағұрлым жоғары болады.
Қоректік заттарды дақылдардың белгілі өнімдері үшін пайдалануы дақыл түрі мен өнім құрылымына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, дәнді дақылдардың биологиялық өнімінде сабанының үлес салмағы көп болған жағдайда, 1 тонна дәніне сәйкес қоректік элементтер көп жұмсалады. Ал картоп, күнбағыс, қырыққабат, қант қызылшасы дәнді дақылдармен салыстырғанда калийді анағұрлым көбірек пайдаланады. Беде мен кенепшөп кальций элементін көп жұмсайды. Дәнді дақылдардың сабанына қарағанда дәнінде азот пен фосфор 4 есе, ал сабанындағы калий мен кальций дәнге қарағанда 2-3 есе артық болады.
Кез келген дақылдардың өсу және пісу кезеңдеріндегі қоректік заттармен қамтамасыз етілу мөлшерін анықтап білу әр түрлі топырақ-климат аймақтарында егілген дақылдардың әр гектарынан алынатын жоспарлы өнімге қаншалықты тыңайтқыш қажет екенін есептеп шығаруға, оның мөлшерін жоспарлауға, оның үстіне тыңайтқыштардың жұмсалуы мен шығынын анықтауға көмектеседі.
2-тақырып. ӨСІМДІКТІҢ ҚОРЕКТЕНУІ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
1. Қоректену - өсімдік тіршілігінің ең маңызды факторларының бірі.
2. Өсімдіктің ауа, тамырдан тыс және тамыр арқылы қоректенуі, олардың мәні.
3. Өсімдіктің қоректенуіне сыртқы орта жағдайларының әсері.
4. Өсімдік қоректенуінің кезеңділігі. Өсімдіктердің қоректену, өсіп-жетілу жағдайларын реттеуде тыңайтқыштардың рөлі.
5. Өсімдік қоректенуін реттеу тәсілдері. Егіншіліктегі қоректік заттардың айналымы мен теңгерімі (балансы).
Достарыңызбен бөлісу: |