Азоттың артықтығы өсімдіктің пісуін кешіктіреді, тамырдың жайылып өсуіне себеп болады, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына (суыққа, құрғақшылыққа) төзімділігін төмендетеді, өнім сапасын нашарлатады, яғни қант, крахмал, дәрумендер (витаминдер) мөлшерін төмендетеді, керісінше адам мен жануарлар үшін зиянды нитраттардың мөлшерлерін арттырады, жемістер мен көкөністердің сақталғыштығын төмендетеді.
Фосфор. Фосфор өсімдік тіршілігіне аса қажетті элементтің бірі болып табылады. Фосфор өсімдікте нуклеин қышқылдары (РНК және ДНК), нуклеопротеидтер, фосфатидтер, қантфосфаттар, фитин, ферменттер мен дәрумендер құрамына кіреді. Сонымен қатар фосфор өсімдік ағзасында энергияны бір жерге жинақтайтын кейбір органикалық қосылыстар, мысалы, АТФ, АДФ құрамына кіреді. Аз мөлшерде фосфор өсімдікте минералды тұздар түрінде кездеседі. Фосфор өсімдікте жүретін түрлі зат алмасу және биосинтез үрдістеріне қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |