Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж



бет30/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt
бағалау, agrohimiya lektsiya zhi nt
Топырақ реакциясы – топырақтың қышқылдығы немесе сілтілігі. Топырақ ерітіндісінің реакциясы оның құрамындағы сутек (Н+) және гидроксил (ОН-) иондарының арақатынасына байланысты. Ерітіндідегі сутек иондарының концентрациясын рН символымен өрнектеп, олардың концентрациясының теріс логарифмін белгілейді.
Табиғи жағдайда топырақ ерітіндісінің реакциясы 3-тен (сфагнум шымтезектерде) 10-ға дейін (сортаң топырақтарда) құбылады, көбінесе 4-8 арасында болады.


Әр түрлі топырақтардағы рН өзгеруі



рН
деңгейі

Топырақ реакциясы

Топырақ түрі

<4

өте күшті қышқылды

сфагнум шымтезек (3-3,5)

4,1 - 4,5

күшті қышқылды

шымды-күлгін (4-5)

4,6 - 5,0

орташа қышқылды

5,1 - 6,0

әлсіз қышқылды

сілтісізденген қара топырақ, сұр орманды

6,1 – 7,4

Бейтарап

кәдімгі қара топырақ, қуатты қара топырақ (6,5-7)

7,5 – 8,5

әлсіз сілтілі

оңтүстік қара топырақ, қара қоңыр (7,5)

8,6 - 10,0

күшті сілтілі

сұр топырақ (8,5), сортаң (9)

>10,0

өте күшті сілтілі

-



Топырақтың актуалды қышқылдығы – топырақ ерітіндісінің қышқылдығы, ол сутек ионының (Н+) гидроксил ионының (ОН-) концентрациясы артық болғанда байқалады.
Топырақта өнебойы СО2 түзіліп тұрады. Ол топырақ ылғалымен әрекеттесіп көмір қышқылын Н2СО3 түзіп, Н+ және НСО3- иондарына диссоциацияланады. Нәтижесінде топырақ ерітіндісінде сутек иондарының концентрациясы артады да ерітінді қышқылданады.
Сонымен топырақ ауасында СО2 концентрациясы неғұрлым жоғары болса соғұрлым ерітінді қышқылданады.
Егер топырақта сіңірілген күйде натрий ионы көп болса (сор және сортаң), онда ерітіндіде көмір қышқылды натрий тұздары түзіліп, ерітінді сілтілі болады.
Егер топырақта кальций мен магний карбонаттары және сіңірілген катиондар арасында кальций көп болса (сұр, қара топырақ), онда топырақ ерітіндісінде кальций бикарбонаты пайда болып, топырақты әлсіз сілтілендіреді.
Қышқылды және күшті қышқылды шымды-күлгін және шымтезекті-батпақты топырақтарда сіңірілген күйде кальций аз, сутек пен алюминий иондары көп, топырақ ерітіндісін көмір қышқылы мен қатар еритін органикалық қышқылдар және гидролиз нәтижесінде қышқыл мен әлсіз негіз пайда қылатын алюминий тұздары қышқылдандырады.
Сонымен топырақ ерітіндісінің реакциясы топырақтың сіңіру кешеніндегі катиондардың құрамына қарай өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет