Жартылай өңделген (шикі) калий тұздары. Жартылай өңделген (шикі) калий тұздарын табиғи минералдарды механикалық жолмен қайта өңдеу (ұнтақтау) арқылы өндіреді. Оларға сильвинит, каинит жатады.
Құрамындағы калийдің аз болуынан шығарылатын жерге жақын орналасқан шаруашылықтарда негізгі тыңайту ретінде қолданады.
Концентрлі калий тыңайтқыштары.Концентрлі калий тыңайтқыштарын табиғи калий тұздарынан химиялық тәсілмен алады. Оларға хлорлы калий, калий сульфаты, калий тұзы, хлоркалий-электролит, калимагнезия, калий-магнийлі концентрат жатады.