Сабақтас, аралас



Дата21.05.2022
өлшемі16,42 Kb.
#144285
түріСабақ
Байланысты:
3-дәріс


Құрмалас сөйлем синтаксисі. 

Мақсаты. Салалас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлемдердің функционалдық ерекшеліктерін меңгерту. 

Негізгі терминдар мен ұғымдар: Құрмалас, салалас, сабақтас, аралас
Құрмалас құрамындағы компоненттердің бір-бірімен салаласа байланысуы – жай сөйлемдерді құрмаластырудағы негізгі және бастапқы тәсілі. Салаласа құрмаласу деп құрмалас сөйлем құрамына енген компоненттердің грамматикалық жағынан бір-біріне тәуелді, бағынышты болмай, өзара теңдік қатынаста тұрып, салаласа құрмаласуын айтады. Әрбір салалас сөйлем аяқталған біртұтас интонациямен ғана айтылады. Ал оның әр компонентінен кейін келетін интонация – аяқталмаған, тиянақсыз, санамалы, салаластырушы интонация болады. Мұндай интонация пікірдің аяқталмағанын, тағы бірдемелердің айтылуы керектігін, жалғасы барлығын білдіріп тұрады. Салалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен құрмаластыратын грамматикалық тәсілдер ішіндегі маңыздысы – жай сөйлемдерді жалғаулықтар арқылы құрмаластыру тәсілі. Компоненттердің мағыналык катынасы жағынан алғанда, қазақ тілінде салалас құрмалас сөйлемнің сегіз түрі бар. Олар: 1. Мезгілдес салалас. 2. Себептес салалас. 3. Қарсылас салалас. 4. Талғаулы салалас. 5. Кезектес салалас. 6. Түсіндірмелі салалас. 7. Салыстырмалы салалас. 8 Шартты салалас. Бұлардың алдыңғы үшеуі жалғаулықты да, жалғаулықсыз да болып келеді, 4-5 сандағылар тек жалғаулықты түрде, соңғы үшеуі жалғаулықсыз түрде айтылады.


Сабақтас құрмалас сөйлем.
Құрмалас сөйлем жасаудың екінші түрі – жай сөйлемдерді бір-бірімен сабақтастыра құрмаластыру тәсілі. Бұл тәсіл салаластыра құрмаластырудан кейін және соның негізінде қалыптасқан. Құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеуге арналған әдебиеттердің барлығында да сабақтас сөйлем деп компоненттері грамматикалық жақтан өзара теңдік қатынаста болмай, бірі екіншісіне тәуелді, бағынышты болып келетін құрмалас сөйлемді айтады. 


Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлем құрамына енген жай сөйлемдер, жоғарыда айтылғандардай, өзара әрдайым не бірыңғай салаласа, не болмаса бірыңғай сабақтаса байланысып отырмайды. 
Салалас пен сабақтастың негізгі айырмашылықтары: 

Салалас құрмалас Сабақтас құрмалас 
1.Әрбір сөйлемнің баяндауыштары 1.Бағыныңқы сөйлемнің
тиянақты. баяндауыштары тиянақсыз.

2.Салалас сөйлемдердің 2.Бірі бағыныңқы, бірі
сыңарлары болады. басыңқы келеді.

3.Сыңарларының орналасуы 3.Көбіне бағыныңқы
жылжымалы. сыңарлары алдында орналасады.

4.Салаластың сыңарлары өзара 4.Бағыныңқы сөйлем сыңарлары
теңдік дәрежеде байланысады. алдында орналасады.

5.Баяндауыштарының тиянақты 5.Сөйлемдердің баяндауыштары
болуына сәйкес, олардың айтылу әр түрлі болуына сәйкес, айтылу
интонациясы да тиянақты болады. интонациясы тиянақсыз. 
6.Әрбір сөйлемнің баяндауыштары 6.Тек басыңқы сөйлемдегі бастауыш
өз бастауышымен қиыса байланысады. пен баяндауыш өзара қиыса байлан.

7.Салаластағы сөйлемдер өзара 7.Сабақтас құрмаласты жалғастыру
байланысу үшін негізінде үшін септеулік шылаулар
жалғаулық шылаулар қолданады. қатысты. 
8.Тарихи жағынан алғанда 8.Сабақтас салаласқа қарағанда
сөйлемдер болып саналады. кейін қалыптасқан.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар? 
2. Сабақтас құрмалас сөйлем ерекшеліктері қандай? 
3. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамы қалай байланысады?


Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. –Алматы, 1996 

  1. Айткенова М.Б. Оқушылардың оқу cауаттылығын дамыту бойынша тапcырмалар жинағы. Әдicтемелiк құрал – Қарағанды, 2015. – 32 б.




3.Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. –А,1994
4. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. –Алматы, 1993 
5.Ерғалиев Қ.С. Қазіргі қазақ тілі. Тест тапс. 1-2-кітап. –Павлодар, 2014
6. Мацкевич В., Крупник С. Функциональная грамотность // Всемирная энциклопедия: Философия. – Минск: Харвест, 2001. – 687 с. 


7.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық бiлiм беру мазмұнының кiрiктiрiлуi мен сабақтастығы. Әдiстемелiк құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық бiлiм академиясы, 2013. – 41 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет