1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
№6
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Жасушалық цикл
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 9
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Митоз. Митоз фазалары. Зертханалық жұмыс «Пияз тамыр ұшындағы жасушалардан митозды зерттеу»
|
Сабақ оқу мақсаты:
|
Митоздың кезеңдерін сипаттау
|
Осы сабақта қол
жеткізілетін
мақсаттары:
|
Оқушылар:
Митоз кезеңінің қысқаша сипаттамасын тұжырымдайды;
Митоз кезеңін зерттейді;
Митоздың маңызын түсінеді;
|
Бағалау
критерийлері
|
Оқушылар митоз кезеңін видеоны көру арқылы сипаттамасын тұжырымдайды,митоз кезеңін зерттейді; митоздың маңызын түсіну үшін кесте толтырады; кезеңдердегі сипаттамаларды сурет ретінде салып кестемен сәйкестендіреді
Осы арқылы оқушының қолдану, анализ, жинақтау дағдысы дамиды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика және терминология;
Пәнге тән лексика мен терминология:
ядро, митоз, амитоз,гаплоидті, диплоидті, хромосома, ДНҚ, ген, ұрпақ, еншілес жасушалар, жасушаның бөлінуі
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Митоз деген................, амитоз деген........................,
Митоз мынандай кезеңдерден тұрады............................................,
Митоздың тұқым қуалаушылықтағы маңызы...........................
Жасушаның митозды бөлінуінде............ бастап ..................... дейінгі процестерде негізгі рөлді .................. атқарады.
Ядро, цитоплазма, жасуша жарғақшасы, жасушалық қабырға, вакуоль, хлоропласт және митохондрия, Гольджи жиынтығы, эндоплазмалық тор, рибосома қамти алады
|
Білім беру
құндылықтары
|
Жұппен жұмыс істеу ынтымақтастық, достастық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді. Зерттеу жүргізу уақытында алған білімдерін қолдана отырып, өмір бойы білім алуға үйренеді.Осылай мектеп құндылықтары үнемі сабақ барысында көрініс алады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Қоршаған орта мен тірі ағзаның байланысын біріктіре отырып медецина ғылымдарымен байланысты.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Шағын презентация, бейнебаян көрсету. Оқушыларға белсенді оқыту тақтасымен суреттік тапсырмалармен көрсету. Компьютерге қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы жеке оқушыларға интернет көздерін пайдалана отырып, митоздың маңыздылығын зерттеуге мүмкіндік береді.
|
Бастапқы білім
|
Көбеюдің маңызы - тірі ағзалардың негізгі қасиетінің бірі (6 сынып)
Омыртқалы жануарлардың көбею жүйелері (8.3С бөлімі)
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-5 минут
6- 16 минут
Сабақтың ортасы:
16-27 минут
28-38 минут
Сабақтың аяғы:
39-45 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі: Миға шабуыл ой қозғау.
Қолыңды жарақаттап алдың делік бірнеше күннен кейін жарақат орны жазылады. Сұрақ жаңа жасушалар қалай қалыптасады? Тері қалай қалпына келді? Оқушылардың жауабына қарай неге жаңарады? Қандай жасушаның бөлінуі жүреді? Неге бірнеше күн кетеді? жауап берген оқушылар жасушаның суреті арқылы бағаланады.Миға шабуыл сұрақтары арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты ашылады. Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты және мақсатты жазып алады.
Жасушаның бөлінуі митоз бойынша мәтін жұптарға таратылады. Оқушыларға мәтінді оқуға және мәтін бойынша осы кезеңді сипаттау үшін ермексаз беріледі. Жұптар өз берілген мәтінің оқи отырып ермексазбен сол кезеңді көрсетеді.Тапсырма уақыты 7 минут, қорғау уақыты 3 минут .
Мәтін №1,2,3,4
Жұптық жұмыстың критерийі:
Митоз кезеңін атау;
Митоз кезеңіндегі өтетін үдерісті сипаттау;
Ермексазбен сипаттаманы дұрыс көрсету;
Жұптың жұмысын басқа жұптар бағалайды. Әр жұп дұрыс критерий бойынша жасалған жұмысқа жасушаның суретін береді. Мұғалім ретінде сыныпта дұрыс түсініктемелер қалыптасты ма әлде ауытқулар бар ма? Әр оқушының берген жауабын мұқият қадағалап, дұрыстауға мүмкіндік беру арқылы оқушылардың жауабына кері байланыста мыналар қарастырылады.
Не дұрыс екендігін оларға нақты айту
Оларға бұл неге дұрыс екендігін айту
Оларға жетілдіру үшін нақты тармақтарды ұсыну
Кері байланыс: 1 жұп жарайсыңдар, митоз кезеңін атадыңдар, митоз кезеңіндегі өтетін үдерісті дұрыс сипаттадыңдар, уақытты тиімді пайдаланып жұмыстың критерийі бойынша қарастырдыңдар. Бірақ ермексазбен сипаттама сай емес, сондықтан ермексазбен көрсетуде және сипаттауда бір-біріне сай келуі тиіс. Мәселен; профаза кезіңде екі еселенген хромосомалар жіңішке жіпше пішінге келіп, жуандайды, қысқарады. Осы кезеңді сипаттауда қателік кетті. Ермексазбен безендірілуі жақсы, бірақ әрбір үдерісті нақтылап бейнелеп көрсетсен адам бірден соған көңіл аударатын еді.Берілген кері байланысты оқушы дәптерлеріне түртіп отырады.
Зертханалық жұмыс тақырыбы: «Пияз тамыр ұшындағы жасушалардан митозды зерттеу»
Дайын микропрепарттан микроскоппен митоз кезеңін зерттейді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |