Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3D Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:9
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Адам генетикасы. Адамның тұқымқуалау белгілерін зерттеу әдістері. Адамның генетикалық ауруларының алдын алу.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Адам генетикасын зерттеудің негізгі әдістерін сипаттау
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
Адам генетикасын зерттеудің негізгі әдістерін біледі.(кем дегенде 6)
Көптеген оқушылар:
Генетиканы зерттеудің негізгі әдістерін сипаттай алады.
Кейбір оқушылар:
Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістерін және адамның тұқым қуалайтын ауруларының алдын алу жолдары туралы біледі және ақпараттарды талдайды.
|
Бағалау критерийлері
|
адам генетикасын зерделеу үшін қолданылған әдістер туралы біледі.
осы әдістерді сипаттайды.
адам генетикасын зерделеу үшін қолданылған әдістер туралы ақпараттарды талдайды.
қорытынды жасайды.
Тұқым қуалайтын аурулар туралы презентация құрастырады. Презентацияны топта түсіндіреді, оқушылар өздерін және өзара бағалау жүргізеді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:
... O тобындағы қанымен адам өз қанын берген кезде …
А тобы қанымен адам В тобы қанымен адамнан алған қанды қабылдамайды.
Антигендер қызыл қан түйіршіктері үстінде…
Антиденелер қанның қызыл топтарына шабуылдап жабысуды туындатады
Арнайы пәндік лексика және терминология:
(айтылым және тыңдалым дағдылары)
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
Адам
|
Человек
|
People
|
Әдістер
|
Методы
|
Methods
|
Цитогентика
|
Цитогенетика
|
Cytogenetics
|
Иммунология
|
Иммунология
|
Immunology
|
Биохимия
|
Биохимия
|
Biochemistry
|
Физиология
|
Физиология
|
Physiology
|
|
Құндылықтарды дарыту
|
- ынтымақтастыққа шықыру, еңбек пен шығармашылыққа баулу:
- ақпарат көздерімен өз бетінше жұмыс істеу арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру үшін жағдай жасау;
- салыстыру, сараптау, қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыруға дағдыландыру.
- тұқымқуалайтын аурулармен ауыратын адамдарға төзімділікпен қарау.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Медицина, математика, химия, тарих..
|
Бастапқы білім
|
Генетикалық концепциялар, символдар және терминология (8-9 сынып)
Қанның агглютинациясы, адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан топтарын анықтау механизмін түсіндіру (9-сынып)
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-8 минут
|
І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу.Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
(Ұ) Мұғалім: Отбасын құрудың алдында жастар өздеріне жиі сұрақтар қояды:Бала қалай туылды?
Оның терісінің түсі мен көзінің және шашының түсі қандай болады? Кім туылады - ұл немесе қыз ба? Осындай көптеген қызықты сұрақтарға жауап беретін ғылым саласы ........... деп аталады.
(Адам генетикасы)
(Жж), (ҚБ) Жеке тұлғаны дамыту. Естігенді есте сақтау.
1 минут ішінде 10 сөзді есте сақтау
- Генетика
- Ген
- Өзгергіштік,
- Тұқым қуалаушылық
- Гомозигота
- Фенотип
- Мутация
- Гетерозиогта
- Комплементарлық
- Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау Барлық аталған алғашқы ұғымдар қайталанады.
Сабақтың мақсаттары мен міндеттерін анықтау. Кестедегі «сабақтың басында» деген бағанды толтыруды сұрау.
Сабақтың басында және соңыда «+» немесе «-» белгісін қойыңыз
|
Сабақтың басында
|
Сабақтың соңында
|
Адам генетикасын зеттеудің негізгі әдістерін атай аламын
|
|
|
Адамдағы доминантты және рецесивті белгілерді атай аламын
|
|
|
Адамның тұқым қуалайтын ауруларының сипаты туралы айта аламын
|
|
|
Мен адамның қан топтары мен резус-факторының тұқым қуалау сипаты туралы айта аламын
|
|
|
«Жақын туыстық неке неліктен зиянды болады? деген сұраққа жауап бере аламын
|
|
|
Кестені толтырып болған соң оқушылар сабақтың мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.
|
Қосымша 2
|
Сабақтың ортасы
9-37
|
Оқушыларға проблемалық сұраққа жауап беруді ұсыну.
Проблемалық сұрақтар мысалдары:
1.Адам генетикасында адам зерттеу нысаны бола ала ма?
2.Патологияны анықтау әдістері бар ма?
Мұғалім сұрақты толықтырады. Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан - ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады.
Адамның генетикалық объект ретіндегі ерекшелігі — оның генетикасын зерттеуді қиындататын көптеген қайшылықтар бар. Олар:
- Жыныстық жағынан кеш - пісіп жетілетіндігі;
- Әр отбасынан тарайтын ұрпақ санының аздығы;
- Барлық ұрпақтың тіршілік ортасын теңестірудің мүмкін еместігі;
- Хромосома санының көп болатындығы;
- Адамға тәжірибе жасауға болмайтындығы
және басты бір қайшылық - адамның кейбір тұқым қуалайтын қасиеттерінің мысалы, қабілеті мен мінез - құлқының дамып қалыптасуына кедергі келтіретін ұлтшылдық, нәсілшілдік сияқты әлеуметтік теңсіздіктің болатындығы.
(Т),(ҚБ) Оқушыларға адам генетикасы әдістерімен танысу үшін топпен постер жасап, қорғауды ұсыну.
Мұғалім:
- постар жасайтын ватманды;
- алты нұсқау сызықты;
- 6 бұлт тәрізді үлгіні алдын -ала дайындап қояды. Оқушыларға бұлтты таратып беріп, тақырып бойынша зерттеу әдістерін жазуды ұсынады. Оқушылар жазған зерттеу жұмыстарын үлкен ватманға жапсырады.
Оқушылар зерттеудің түрлі бағыттарын ала алады..
Адам генетикасының әдістері:
Генеалогиялық әдіс
Популяциялық әдіс
Цитогенетикалық әдіс
Биохимиялық әдіс
Молекулалық-биологиялық әдіс
Егіздік әдіс
Бейнебаян көрсету.
|