Сабақтың №14 Сабақтың тақырыбы: Менің әуес ісім-ас дайындау. Фонетиканы қайталау Мақсаты : Білімділік


Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік әдісі



бет2/2
Дата20.07.2020
өлшемі62,5 Kb.
#63359
түріСабақ
1   2
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сөздік әдісі (әңгіме, түсіндіру, кітаппен жұмыс); көрнекілік әдісі (демонстрация), практикалық әдісі (сұрақ- жауап әдісі)

Сабақтағы оқушылардың іс- әрекеті: жеке, топпен, жұппен, іздену, кесте толтыру

Сабақтың құрал- жабдықтары, көрнекілігі: сызбалар, қосымша әдебиеттер, техникалық құралдар, фотосуреттер, презентация

Пәнаралық байланыс:____ еңбекке баулу_______

САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын сұрау

3. Жаңа сабақ

4. Оқулықпен жұмыс

5. Бекіту, Сабақты қорытындылау

6. Үй тапсырмасын беру

7. Бағалау

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин. Сөйлесім.

1.Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

3.Сөйлесу.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Айтылым.

1.Үй тапсырмасын тексеру.

2.Өткен тақырыптарды сұрақ –жауап арқылы қайталау.

«Шынжыр» әдісі

Өткен тақырып бойынша «шынжыр» түрінде келесі сұрақтарға:

Қаламыздағы танымал әнші кім? Ол адам туралы не білесіңдер?

Ол қандай әндерді орындайды? Қаламыздағы өнер орындары бар ма? Олар не үшін керек?

Жауап беруді сұраймын


              1. Қазақ халқында қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата-ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған.


3.«Орнын тап»

Атау септік

Ілік септік

Барыс септік

Табыс септік

Жатыс септік

Шығыс септік

Көмектес септік






















.

Фонетика нені зерттейді?



ІІІ. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

  • 1.Мұғалімнің кіріспе сөзі: сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру:

2. Оқушылардың бұрынғы білімдерін жаңғырту үшін жалпы сұрақтар қою:



«Ой қозғау».Өз ойыңды ортаға сал. Мақалды түсіндіріңдер. (Слайд)

Ерте тұрған еркектің ырысы артық,

Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.

*

Маңдайы терлемегеннің ,


Қазаны қайнамайды. 

*

Сыйлап бергеннің суын іш.



**

Таңғы тамақты өзің іш,

Түскі тамақты досыңмен бөліс,

Кешкі тамақты құшпаныңа бер.

3.Сөздік жұмысы. Оқылым. Айтылым. Жазылым



1.Сөздердің мағыналарын түсіндіру, сөз таптарын ажырату.

тәбет — аппетит

үккіш – терка

еттартқыш - мясорубка

тоңазытқыш - холодильник

тағамның сапасы - качество еды


2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: (мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды, оқушылар сөздерді мұғалімнен кейін дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды:)

3. Жаңа сөздерден сөз тіркесін құрау, сөйлем құрау

4.Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу

4.Мәтін бойынша жұмыс.

1.Мәтінді түсініп оқу.149-бет

2.С ұрақтарға жауап беріңдер.

3.Негізгі ойды білдіретін сөйлемді тауып, көшіріп жазыңдар.



І топ.Үйді жинауға көмектесу

ІІ топ. Ас әзірлеуге көмектесу

ІІІ топ. Тәрбие отбасынан басталады


5.Электронды оқулықпен жұмыс ІІІ ОРТА ДЕҢГЕЙ . 1 БӨЛІМ.3-ҚАДАМ

ҮЙ ТІРШІЛІГІ, ІІ негізгі деңгей 3- қадам. Дәмді және тез.
6.Грамматикамен таныстыру.

«ФОНЕТИКА» еліне саяхат



І топ

ФОНЕТИКА

Тірек сызба


ІІ топ

Дыбыстар жүйесі

Тірек сызба


ІІІ топ

Үндестік заңы

Тірек сызба




    1. тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті еріндік дауыстыларды қойып жазыңдар.

С...зді, ...зіңіз, с...нау, к...рінген, ...қ...ды, қ...лын, ...рман, т...й, ...нер, қ...ғам, ж...ғары, ...лең, к...ше, к...рік, ...қ...шы, т...рт, аққ..., б...гін, ...мір.
1-тапсырма. Әр оқушыға сөздер беріп фонетикалық талдау жасату.

2-тапсырма.Сейлемдерді көшіріп жазып, жуан, жіңішке буынды сөздердің астын сызыңдар..



              1. Қазақ халқында қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата-ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған.

(Н. Мыңжани)

              1. Қазақ баласын үлкенді сыйлауға кішкентайынан үйретеді.

              2. Қарттардың үлкен құрметке ие болатыны сонша - үй ішінде бір мәселе төңірегінде кеңес етсе, бәрі де карттың сөзіне тоқтауға мәжбүр.

(Э. Вульфсон)

V. Жаңа білімді бекіту: Оқылым. Сөйлесім.
1-тапсырма .Мәтінді аяқтаңдар.

Мен анама ас әзірлеуге әрдайым көмектесемін. Пиязды тураймын, картоптың қабығын аршимын, етті ұсақтап кесемін, шайды демдеймін, ьдыс-аяқты жуамын...



2-тапсырма.Берілген кестені толтырыңдар.

Салқын тағамдар

Ыстық тағамдар

Сүт тағамдары

Сусындар












3-тапсырма .Етістердің түрлерін анықтаңдар, жұрнағын ажырат ( Үлестірмелі қағазда, жеке тапсырма)



  • Бөл-ін-бе(өздік етіс), шеш-іл-ді(ырық), айтқызбады,оқыттым, жасалынды, бітір-гізеді, шақырыстым, жиналысты, ойнат-ылмады, таранады

4-тапсырма .Сұхбатты толықтыр



  • Демалыс күні бауырсақ пісірдім. Менің отбасым ыстық бауырсақпен шай ішкенді ұнатады.

  • Сізге бауырсақ ұнайды ма?

  • Үйде бауырсақ пісіресіз бе?

  • Бауырсақ пісіргіңіз келе ме?

  • Сізге бауырсақтың дайындау әдісін ұсынамыз:

 

VІ. Үйге тапсырма. Дең тапсырма 150 бет

VІІ.Бағалау. Екіге жасыңды төккенше, беске теріңді төк». Оқушы білімін бағалау
VІІІ. Қосымша әдебиеттер: Электрондық оқулық ІІІ ОРТА ДЕҢГЕЙ . 1 БӨЛІМ.3-ҚАДАМ

ҮЙ ТІРШІЛІГІ



Аласа ғана бойы бар,

Тоғыз қабат тоны бар.



(Пияз)

 

Жеп көріп ем өзін мен,



Жас шығарды көзімнен.

(Пияз)

 

Ауаға шықса ауырады,



Су ішінде сауығады.

(Балық)

 

Тас дейін десең, тас емес,



Онсыз асың ас емес.

(Тұз)

 

Дос үйіне түстің бе? –



Түгел соның үстінде.

(Дастархан)

 

Кіргенде ініне сыңар-ды,



Ұрпағын ертіп ол шығарды.

(Картоп)

 

Іші жұмсақ, сырты қатты,



Еті қызыл, сүті тәтті.

Соғым үшін сайлап қойдым.

Бордақылап байлап қойдым.

(Қарбыз)

 

Аласа талда



Алуан алма,

Ал қызыл болмай,

Аузыңа салма.

(Помидор)

 

 



Тас дейін десем,

Тәп-тәтті.

(Қант)

 

Қалпағы бар,



Жиегі жоқ.

Аузы бар,

Иегі жоқ.

(Шәйнек)

Сүйегі бар, қаны бар,



Бірақ емес жануар.                         (Балық)







Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет