Жиһаз жасау жабдықтары — жиһаз жасау өндірісінде жалпы жұмыс жасалатын ағаш өңдейтін білдектермен қатар арнайыландырылған жабдықтар қолданылады. Бұған бойлай және көлденең тілетін автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған дөңгелей аралайтын білдектер, форматты аралайтын және пішімдейтін дөңгелей аралайтын білдектер, иетін білдектер, механикалық жоне гидропневматикалық ваймалар, бір қабатты баспақтар, сүргілейтін, жоңғылайтын білдектер, ажарлайтын білдектер, жылтырсыр материалдарды жағатын, кептіретін және әрлейтін жабдықтар жатады.
Бұрғылау-ойғылау агрегатты білдек - жиһаз жасау өндірісінде орындықтардың сырықты тетіктерінде тесіктерді бұрғылау және ойықтарды оюға арналған агрегатты білдек. Өңделетін дайындамалардың өлшемдері: ұзындығы 310...920 мм, ені 20...100 мм, қалыңдығы 15...40 мм.
4. Студенттерге жұмыс істеу және аяқтау барысында сақталатын техника қауіпсіздік ережесіне нұсқау беру
Техника қауіпсіздігі ережесі журналына қол қойдыру
5. Жұмыс орындарын анықтау
III. Ағынды нұсқау (240 мин)
Студенттердің өздік жұмысы
Өзіндік жұмыстарын орындау кезеңі
Шебердің жұмыс орнын аралау мақсаты:
1.тапсырманың дұрыс орындалуын бақылау
2.техника қауіпсіздігінің сақталуын бақылау
3.жұмыс орындарының дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау
жұмысты түсінбегендерге түсіндіру, көмектесу, нұсқау беру
4. Аяқталған жұмыстардыңдұрыс-бұрытығын текеріп, сараптама жасау
5.Жұмыс орнын жинауға нұсқау
IV. Қорытынды нұсқау (45 минут).
Сабақты қорытындылау
Қателіктерді талқылау
Теориялық білімдерін тексеру
Жұмыс орнын жинау
Бағалау Білім алушылардың өздік жұмыстарын тексеріп, салыстырып, журналға бағаларын қою.
Үйге тапсырма Жұмысты аяқтау
Өндірістік оқыту шебері: Ш.А. Абилкаримов
Әдіскер: С.М.Қунапиянова
Достарыңызбен бөлісу: |