1)Білімділік: оқушылардың себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем туралы білімдерін қайталау, Тәуелсіз Қазақстан туралы түсінік беру, Қазақстан тақырыбына тілдесімге үйрету.
2) Дамытушылық: оқушылардың қазақша сауатты жазу, сөйлеу және мәнерлеп оқу дағдыларын бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын молайту.
3) Тәрбиелілік: Отанымызды, тілімізді, дінімізді құрметтеуге, басқа ұлт өкілдерімен ынтымақта болуға баулу.
Әдіс-тәсілдер: модульдік, ойын, деңгейлік оқыту технологияларының элементтері, әңгімелу, сұрақ-жауап, ойландыру, мәнерлеп оқу
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Қазақстан топтастыру
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
АЗАҚСТАН
Қазақстан Республикасы – Еуразия деп аталатын құрлықтар кеңістігінің дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан ел. Жерінің аумағы жөнінен ол бүкіл дүниежүзінде 9-орында тұр. Мұндай жерге Франция сияқты 5 мемлекетті сыйғызып жіберуге болады. 2008 жылғы ресми санақ бойынша Қазақстанда 17 миллион шамасында халық тұрады. Жыл өткен сайын бұл цифр ұлғая түсуде. Елімізде 130-ға өлт өкілдері тату тұрады.
Қазақстан Республикасының астанасы 1998 жылы Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілген. Ел басшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2011 жылы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде сайланған Президент.
Қазақстан Республикасында 14 облыс, 159 аудан, 85 қала, 195 кент, 2150 ауылдық және селолық округтер бар. Азаттық үшін болған екі жарым ғасырдан астам уақыт күрестен кейін қазақ халқы тәуелсіздікке 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол жеткізді. Сондықтан да жыл сайын
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі ретінде ресми аталып өтеді. Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымының тең құқықты мүшесі. Биыл біздің Тәуелсіздігімізге 20 жыл толыр отыр.
Отан
Астана
Тәуелсіз Қазақстан
рәміздер
қазақ тілі табиғат
Сөздерін пайдаланып,шығарма жаз.
Үйге тапсырма
Мазмұндау
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Пәннің аты
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Мемлекеттік рәміздер
Мақсаты
Білімділік: мемлекеттік рәміздерді білуге үйрету, тереңірек білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту. Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: өз Отанын, туған жерін қадірлеуге тәрбиелеу, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
С/әдісі: топпен, жұппен жұмыс, диалогты оқу, жеке жұмыс, рефлексия.
к/құрал: интерактивті тақта, флипчарт, карточка.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Терезеден есiледi,
Қараңғыны көшiредi. (Сәуле)
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
3 топқа тапсырма беру. Мәтінді оқу, мазмұнын ашу, талдау, түсіну, дәлелдеу./кластер жасау/.
1-топ - «Ту» - туралы мәтін
Мемлекеттік Ту.
Мемлекеттік Ту Президент сарайының, Президент әкімшілігінің, Парламенттің, министрліктердің, әкімшіліктердің және Қазақстандағы шетел елшіліктерінің ғимараттарында тұрақты орнатылады.
Мемлекеттік Тудың алдында жауынгерлер Отанға қызмет етуге және оны қорғауға ант қабылдайды.
Мемлекеттік Ту ұлттық мерекелер және басқа іс - шаралар кезінде көтеріледі.
2-топ - «Мемлекеттік елтаңба» - туралы мәтін
Мемлекеттік Елтаңба.
Мемлекеттік Елтаңба мөрге, елтаңба қағазына, металл ақшаларға, мемлекеттік мекемелердің /әкімшілік, сот ғимараты, прокуратура, т. б./, Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінің ғимараттарына салынады. Мемлекеттік Елтаңба бейнесі Республика Президентінің кабинетінде, Парламент жиналысы өтетін залда орнатылады.
Мемлекет шекарасында Мемлекеттік Елтаңба бейнеленген шекаралық бағана тұрады. Жеке басты куәландыратын құжаттарда /жеке бас куәлігі, туу туралы куәлігі, т. б./ Мемлекеттік Елтаңба болады.
3 топ - «Мемлекеттік әнұран» - туралы мәтін.
Мемлекеттік Әнұран.
Қазақ радиосының хабарлары таңсәріден Мемлекеттік Әнұран орындаудан басталады. Әнұран салтанатты жиналыста, ескерткішті ашу кезінде орындалады. Шетелдік қонақтарды қарсы алу және шығарып салу кезінде Мемлекеттік Әнұран орындалады.
Жиында Мемлекеттік Әнұран орындалғанда түрегеп, оң қолыңды жүрек тұсына қойып, қосыла айтып тұру керек. Онымен сен Отаныңа сүйіспеншілігіңді, құрметіңді көрсетесің. Елдің әр азаматы Мемлекеттік Әнұранның мәтінін білуі тиіс.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Сергіту сәті
Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған жауын тырсылын жасайды)
«Білім аукционы» ойыны.
Ту
50 балл
Ту қай жерлерде ілінеді?
40 балл
Мемлекеттік тудың авторлары?
30 балл
Ту қай кезде көтеріледі?
20 балл
Мемлекеттік тудың символикасын түсіндіру?
10 балл
Қыран құс нені білдіреді?
Елтаңба:
50 балл
Мемлекеттік Елтаңба қай жерлерде ілінеді?
40 балл
Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары кім?
30 балл
Мемлекеттік Елтаңба қай құжаттарда бейнеленеді?
20 балл
Мемлекеттік Елтаңбадағы шаңырақ бейнесі нені білдіреді?
10 балл
Қанатты пырақ нені көрсетеді?
Әнұран:
50 балл
Мемлекеттік Әнұран қай кезде орындалады?
40 балл
Мемлекеттік Әнұранның авторлары?
30 балл
Мемлекеттік Әнұранның орындау тәртібі?
20 балл
Мемлекеттік Әнұранның екінші шумағын орындау?
10 балл
Мемлекеттік Әнұранды кімдер білу керек?