Білімділік: Тақырып бойынша алған білімдерін жетілдіру, жаңа сабақ материалдарын өздерінің ізденісі бойынша шығармашылық жұмыстар арқылы меңгерту, мата туралы түсінік беру
Тәрбиелік: оқушылардың көркемдік іс - әрекет дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық көз - қарастарын қалыптастыру
Дамытушылық: мектептегі еңбекке баулу және технология пәндеріндегі мата шығару және өңдеу сабақтары жайлы түсініктеме беру және оқытуда электрондық ақпараттық технологияларды пайдалану әдістерімен таныстыру
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, пікір алмасу,
Көрнекілігі: интерактивті тақта, топтамалар
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Терезеден есiледi,
Қараңғыны көшiредi. (Сәуле)
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Мақта – бір жылдық өсімдік. Мақта өсімдігінің жемісі аппақ ұзын талшықтарға құрамдас қораптан тұрады. Осындай талшықтарды мақта дейді. Мақтаның отаны – Индия, Оңтүстік Америка. Ал бізде Оңтүстік Қазақстанда өсіріледі
Мақтаның жеке талшықтары өте жіңішке болады. Талшықтардың ұзындығы 6 - 52мм - ге жетеді. Табиғи түсі – ақ, сонымен қатар қоңыр сарғыш, жасыл түстері де кездеседі.
Мақтаның гигроскопиялық қасиеті:
Өте жоғары.(гигроскопиялығы – қоршаған ортадағы ылғалды өткізу қасиеті) мақта ылғалды тез өткізіп, тез кебеді.
Зығыр – зығыр талшықтарын беретін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Зығырдың үш түрі бар: салалы, жабайы, бұйра зығыр. Талшықтарды алу үшін салалы зығыр өсіріледі.
Адам үшін зығырдың бәрі пайдалы:
• Дәні (техникалық май),
• сабағы (мата үшін талшық),
• қалдығы (техникалық мақсатқа, кендір).
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Сергіту сәті
Сергіту сәті
Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап жалаңаш өзі безді. (ине)
Екі басты жалмауыз,
Керіп аузын ашады.
Алдына түскен нәрселер,
Өзінен өзі қашады. (қайшы)
Қимылдаса қос шебер
Қыруар істі бітірер (қол)
«Жалғасын тап» ойыны.
Мақал - мәтелдің жалғасын тауып, мәнерлеп айту.
1. Әке көрген оқ жонар...
2. Еңбектің наны тәтті,...
3. Шешеннің сөзі ортақ
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс
Мақта (Cossypіum), қоза–құлқайыр тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл. Мақта б.з. дейін Орта Азия республикаларында,Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика,Перу аймақтарында өсірілген. Қазақстанда 1918 жылы Түркістан жерін суландыруға байланысты қолға алынды. 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаның биіктігі 1–1,5 м. 1–2 негізгі бұтақтан 10–15 жанама бұтақша тарайды, одан кейін осы бұтақшаларға гүл мен қауашағы шығады. Гүлі жеке, ірі сары не ақ. Мақта өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90–130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 3–5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20–40 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі. Мақта – жарық, жылу, ылғалды көп керек етеді. Тұқымы 10–12C-та өне бастайды, 25–30C-та жақсы өседі, 0C-та үсікке шалдығады. Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды көп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары өнім береді. Облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Ордабасы, Отырар аудандарында, Арыс, Түркістан қалалық әкімдік аумақтарында Мақтаның орта талшықты нөмірлері (Қырғыз-3, С-4727, С-6524, 108-Ф) өсіріледі. ОҚО ауа-райына байланысты мақта сәуір-мамыр айларында толықтай егіліп бітеді. Шиті жерге түскеннен кейін жер құнарлылығы жақсы болса 5-10 күннің көлемінде жер бетіне шығады. Ал егер жер бетіне шықпай тұрып, жаңбыр жауған жағдайда, тез арада бетін тырнап шығу қажет. Себебі жердің беті қатып мақта тұншығып қалады. Мақта өсіп жетілемін дегенше, арам шөптерден тазалап, түрлі зиянкестерден қорғайтын химиялық заттар беріліп тұрады. Жылына 2 рет суарады.
Үйге тапсырма
Мазмұндау
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Пәннің аты
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Құрлыс басында
Мақсаты
Оқушыларға құрлыс туралы білімді түсіндіру. Ой белсенділігін дамыту. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта.
Жексенбіде үйде болып дем алдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Сәулетті үйлер мен ғимараттарды кімдер салды деп ойлайсыңдар?
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Сұрақтарға жауап беру.
Шығармашылық жұмыс.
1-топ
«Құрлысшы» топтастыру
2-топ
Мен құрлысшы боламын! Эссе жазу.
Сергіту сәті
Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған жауын тырсылын жасайды)