1.Судың адам өміріндегі маңыздылығын және оны қорғаудың қажеттілігін, табиғаттағы су айналымын ұғындыру.
2.Оқушының сөздік қорын байыта отырып, тілін ұстарту, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3.Адамгершілікке, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
+Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Ата - бабамыз суға байланысты қандай тыйым сөздер қалдырған?
Бұлақ көрсең, көзін аш.
Судың да сұрауы бар.
Су ішкен құдығыңа түкірме.
Сулы жер – нулы жер.
Өзен жағалағанның өзегі талмас.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
. Табиғат пен адам қатар ұғым . Адамсыз табиғат , табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтады . Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау,табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғаттың сырын қазіргі кезге дейін ғалымдар зерттеуде. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады.
тіршілік иелерінің бәріне де қорек, ауа, су, жылу, жарық қажет. Бұл тіршілік қажеттерін олар табиғаттан алады. Осының өзі де адам, өсімдік пенжануар сияқты тірі табиғаттың перзенті екеніне дәлел бола алады. Табиғатқа тау, тас, ауа, жан-жануар, шатырлаған найзағай, жауын-шашын, ақ ұлпа қар сияқты құбылыстарды жатқызуға болады.
Сергіту сәті
Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс
Ойланайық
1 - топ. Жылт - жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (Су)
2 - топ. Өзі судан жаралған,
Бірақ судан қорқады.(Мұз)
3 - топ. Көзге көрінгенімен
Ұстасаң қолға ілінбейді.(Бу)
• Жұмбақтар шешуіне қарап, қандай қорытынды жасаймыз?
Үйге тапсырма
Мазмұндау
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Пәннің аты
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Бұлт.
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
1.іскерлік дағдыларын меңгерту, шашырату әдістерін бекіту. 2.Қоршаған ортадағы әсемдікті сезіне білуге, туған жердің табиғатын сүйіп қастерлеп қорғауға тәрбиелеу.
Психологиялық ахуал
Қане балалар шеңбер құрып тұрайық
Бойымызды, денемізді оятайық.
Сәлем көздер, оянайық
Сәлем құлақтар оянайық
Сәлем қолдар оянайық
Сәлем аяқтар оянайық
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Балалар ұйқыдан оянғанда даладан нені көресіңдер?
- Күнді, күннің нұрын көреміз.
- Күннің нұрын көргенде қалай қуанасыңдар?
- Алақай! - деп қуанамыз.
- Далаға шыққанда жоғарыдан нені көреміз?
- Жоғарыдан аспанды, бұлтты, күнді көреміз.
- Төменнен нені көреміз?
- Ағашты, үйді, жерді көреміз.
Ендеше балалар біз аспанға, жерге, күнге және келген қонақтарға жылы лебізімізбен сәлемдесейік.
Қайырлы таң көк аспан
Қайырлы таң алтын күн
Қайырлы таң асыл жер
Қайырлы таң қонақтар
Қайырлы таң достарым
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламын
Сәлем, сәлем, сәлем!
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс:
Енді балалар бұлттар әлеміне саяхатқа шығайық. Ол үшін орнымыздан тұрып, қолдарымыздан ұстап, көзімізді жұмып елестетейік. Біздер ұшаққа мініп аспанда ұшып келе жатырмыз. Аспанда мақтадай үлпілдеген бұлттар өтіп бара жатыр. Бұлттар әр түрлі пішіндерге қоянға, геометриялық пішіндерге ұқсайды екен. Енді балалар парашютпен жерге секіреміз. Ал астыға қарайықшы астыдан нені көріп тұрсыңдар? – жер, су, ағаштар. Бұл біздің туған жердің байлығы,Табиғат қандай әдемі! Туған жеріміздің табиғатын қастерлеуіміз, қорғауымыз керек.
- Дұрыс –ақ енді парашютпен жерге қондық. Осы сезімді балалар, қағаз бетіне бейнелейік
Бәріміз орнымызға отырайық. Үстел үстінде жұмысқа қажетті құралдар бар. Ақ парақта бұлттың, парашюттің және баланың сұлбалары тұр. Тісті тазалауға арналған щетка арқылы шашырату әдісімен аспан әлемін бейнелейміз. Парақтың барлық жеріне шашыратамыз.