а) Білімділігі. Оқушыларға өсімдіктердің өмір сүру ұзақтылығы біржылдық, екіжылдық, үшжылдық және көп жылдық болатыны туралы түсінік қалыптастыру.
б)Дамытушылығы.Оқушылардың өсімдіктердің адам өмірі үшін маңызын өз бетінше ойлау қабілетін дамыту.
в) Тәрбиелілігі. Оқушыларға өсімдіктердің маңызы, көптүрлілігі жайлй түсіндіріп, олардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.
Дүниетану сабағы. Шеңбер құрып, бір біріне сәттілік тілейді.
Ұйымдастыру.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Біржылдық,екіжылдық ,көпжылдық өсімдіктер туралы не білесіңдер ойымызды айтайық.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Көп жылдық өсімдіктер – екі жылдан астам тіршілік ететін өсімдіктер. Көп жылдық өсімдіктер қоңыржай аймақта көбіне шөптесін, ал тропиктік аймақтарда, көбінесе, ағаш, бұта түрінде өседі. Бұлардың сабағында не тамырында қор жиналатын арнайы органдары (тамыр, тамыр сабақ, түйнек, жуашық) болғандықтан ауа райына, жыл маусымына қарай сабағы қурап қалғанмен тіршілік қабілетін сақтап, келесі жылы қайта өседі. Мәңгі жасыл түрлері де бар. Бір жылдық өсімдіктер – тіршілігі бір жылға ғана созылатын өсімдіктер. Бір жылдық өсімдіктердің екі түрі бар: 1) жаздық Бір жылдық өсімдіктер – тары, жаздық бидай, зығыр, шегіргүл, гүлкекіре, т.б. Жаздық Бір жылдық өсімдіктердің тұқымы көктемде немесе жазда өніп-өсу сатысынан тез өтіп, тіршілік кезеңін бір вегетативтік маусымда (1 – 5 айға дейін) аяқтайды; 2) күздік Бір жылдық өсімдіктер – күздік бидай, күздік қарабидай, т.б. Бұлардың өсіп-өну сатысы ұзағырақ болады әрі оған салқын температура қажет.