Сабақтың атауы
|
Ауаның ластануы . Ауаны қорғау .
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
А)оқушылардың ауа туралы алған білімдерін жүйеге түсіру
Ә) ауаның құрамының тұрақтылығы және оны қамтамасыз ететін жағдайларды меңгерту
Б)Ауаның тіршілік үшін маңызын ұғыну
Міндеттері:
А)Ауа қабаты мен құрлық және адамның іс-әрекетінің арасында байланыс тудырып, біріңғай көзқарас қалыптастыру
Ә)Ауаның ластану көздері және ластануды болдырмау туралы бастапқы көзқарас қалыптастыру
Б)ауаның өзгермелі құрамы туралы түсінік беру
Типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
Әдісі: Сарамандық жұмыс, түсіндіру
Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, оқулық кітабы
|
|
Психологиялық ахуал
|
Құпия шарды жарайық,
Таң - тамаша болайық.
Ішіндегі жұмбақтың,
Шешуін тез табайық.
Ребус: Жауабы: ауаны қорғау
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
|
|
Мағынаны тану
|
Мұғалемнің түсіндірмесі :
2) Бүгін біз сендермен ауаның ластану және оны қорғау жөнінде әңгімелеп, өз ойымызды ортаға саламыз. /тақырыпты түсіндіру/
3) Ауаның ластануы: табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.
4) Сурет бойынша түсіндіру. Түсіндірме сөздік: Жанартау.
Жанартаудан зиянды газ және бу тарап, ауаға араласып, оны ластайды.
5) «Тізбек бойымен әңгімелесу» ойыны
Мақсаты: Оқу материалы бойынша білім деңгейін анықтау, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Шарты: Оқушылар тізбек бойымен отырады. Мәтін үш топқа үш бөлімге бөлініп беріледі.
1. Мәтінді тізбектей мәнерлеп оқу.
2. Бір оқушы түгелімен оқиды.
3. Мұғалім кез-келген ойыншыға нұсқайды. Сол оқушыдан бастап сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді.
Таза ауа – денсаулық кепілі. Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады.
Зиянды заттары бар ауамен тыныс алаған адамның жұмысқа қабілеті кемиді.
Бұл жағдай түрлі ауруға шалдықтырады. Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет.
Айналадағы ауаның тазалығын сақтау үшін оны көгалдандыру қажет.
Оқулық бойынша түсіндіру.
Табиғатта заттар арасында белгілі бір үйлесімділік бар. Әр қабаттағы өзінің белгілі бір мөлшерін сақтайды.Сондықтан ауаның құрамы тұрақты болып шығады.
Өркениет пайда болғалы ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа тек табиғи жолмен ғана ластанатын. Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар , улы газдар араласады. Жел арқылы шаң,тозаңдар ұшып шығады.
Ормандар өртенгенде көп газдар ұшады. Өсімдіктер иен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін газдар да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартып отырады.
Ал адамның ауаны ластауынан ірі қалаларда қала ауасы нашарлайды. Адам да ,жануар да ауа құрамына сәйкес газ қоспасымен тыныс алуға үйренген.Қоспа құрамы өзгергенде ағзаның тыныс алуы бұзылады. Ормандарда 400 жыл өмір сүретін ағаштар қалаларда 50-80 жыл ғана өмір сүреді.
Ауаға тарайтын кездейсоқ заттардың көбеюінен ауа қабаты өзін-өзі тазалай алмайды.Оны қорғау керек.Зауыттарға арнайы тазартқыш қондырғылар орнатылады.Машиналардан шығатын түтін жолына сүзгі қояды.
Ауаны тазартудың ең тиімді жолы—көгалдандыру. Бұл іске өзің де қосыла аласың.
|
|
Сергіту сәті
|
Сол аяқ, оң аяқ,
Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді.
|
|
Ой толғаныс
|
Бейнетаспа мен слайд көрсету.
Оқулықпен жұмыс. Бөлікке бөліп дауыстап оқыту.
|
|
Үйге тапсырма
|
Мазмұндау .
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|