Еңбек
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Қатырма қағаздан қорап жасау
|
Сілтеме
|
Еңбек оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Мақсаты : Оқушыларға қатырма қағаздан қорап жасауды үйрету, білімін, ой-өрісін дамыту, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі : аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: қорап үлгісі
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
|
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
|
Қызығушылықты ояту
|
Қатырма қағаздың жай қағаздан қандай айырмашылығы бар?
Қатырма қағаздың қандай түрлерін білесің?
|
Мағынаны тану
|
а) мұғалімнің түсіндірмесі Қораптар әртүрлі болады. Оларды қағаздан, қатырма қағаздан, тақтайдан, қаңылтырдан, тіпті темірден де жасайды.
- Балалар, қорапты қай жерлерде қолданамыз?
ә) оқулықпен жұмыс. б) қорапты жасау. Жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.
1. Алдымен жұқалау қатырма қағазды дайындаймыз.
2. Қораптың төрт қабырғасын сызғышпен өлшейміз.
3. Қалып үлгіні пайдаланып екінші қабырғаны сызамыз.
4. Үшінші қабырғаны да сызамыз.
5. Төртінші қабырғаны сызып, сызықтардың үстінен қайшы ұшымен із саламыз.
6. Қорап қабырғаларын із салдырған жерден бүктейміз.
7. Қорап қабырғаларын бекітетін бөлікке желім жағамыз.
8. Желім жағылған бөлігімен қабырғаларын бекітеміз.
9. Төрт бұрышты түбі жоқ қорап дайын болды.
|
Сергіту сәті
|
Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
Қағаздар.
Қағаздың 600-ден астам түрі бар. Қағаз 11 топқа бөлінеді:
баспалық қағаз (баспаханалық, офсеттік, иллюстрациялық, картографиялық, т.б.) – тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді, баспа бояуы жақсы жұғылады.Тұсқағаздар мен газеттік қағаздар да осы топқа кіреді.
Жазбалық қағаз (жазуға, конверттік, карточкалық, т.б. поштаға арналған қағаздар) – бетінің жылтырлығымен, жақсы желімделгіштігімен және сия сормайтындығымен ерекшеленеді.
Сызба және сурет салу қағазы (сурет салу, сызба сызу қағаздары, сызбалық мөлдір және калькалық), әдетте толтырғышсыз (немесе аздап қосылған) массадан жасалады. Мөлдір болу үшін кейбір сорттары көбірек суланып, жоғары қысыммен каландрленеді. Электр оқшаулағыш қағаздың (конденсаторлық, кабельдік, телефондық, оқшаулағыш-орамдық, т.б.) механикалық беріктігі жоғары әрі жақсы диэлектрлік қасиеттерімен сипатталады.
Сіңіргіш қағаз (сүзгілік, сорғыштық, т.б.) фибра, жарғақ, санитарлық-гигиеналық бұйымдар, т.б. өндіру үшін қолданылады. Бұлар кеуектеу келеді де, сұйықты жақсы сіңіреді.
Аппараттық қағаз (таспалық, перфокарталық, т.б.) өте жоғары механикалық беріктігімен сипатталады. Жарық сезгіш қағаз фотографиялық және жарықпен көшіруге қажетті, т.б. қағаз жасауға пайдаланылады.
Көшірмелік қағаз арнайы өңделіп дайындалады.
Орамдық қағаз тағамдық және өнеркәсіптік бұйымдарды орауға, бууға, т.б. пайдаланылады. Бұлар берік талшықты материалдардан және өндіріс қалдықтарынан жасалады.
Өнеркәсіптік-техникалық қағаз патрон, зімпара, диффузор жасауға, жіпке қосуға, дыбыс жазуға қолданылады. Қағаз массасын дайындау бірнеше сатыдан өтеді: талшықты материалдарды ұнтақтау, талшық түріне орай құрам дайындау, массаны бояу, желімдік ерітінді және үстемелер даярлау, т.б.
Талшықты материалдарды ұнтақтау – қағаз өндірісіндегі басты операцияның бірі. Ол үздікті не үздіксіз істейтін аппараттармен жүргізіледі. Ұнтақталған талшық суспензиясына қажетті қосымша заттар қосылып, қағаз массасы тиісті мөлшерге дейін сумен сұйытылады да, аппараттарда тазаланып, қағаз машинасына жіберіледі.
|
Үй тапсырмасы
|
Қорапты аяқтау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|
Еңбек
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Қаламсалғыш жасау
|
Сілтеме
|
Еңбек оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Мақсаты: 1. Қатырма қағаздан құстарға жем салатын қорап жасауды үйрету, қалам салғыш құрастыру;
2.Дұрыс сызу, қию, қайшыны ұстауға дағдыландыру.
3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі : аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Көрнекілігі: суреттер
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Гүлдер арқылы топтарға бөлу
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
|
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
|
Қызығушылықты ояту
|
Үлгі ретіндекорсету:
1.Сүттіңқорабын алып
2. Үшқорапты әр түрлі биіктікте түзеу қию қажет. Ал қалған үш қорап болса, қиғашкесіледі.
2. Қораптың сыртынтүрлі- түсті қағазбен қаптап, желімдеу.
Бір- біріне желімдеп, дайын қалам салғышқа қалам, сызғыш,қарындаш, өшіргіш салып қою.
2- бөлім. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес ».
1. Жұмбақ жасыру.
Екі семсер айқасқан
Отқа- текте шайқасқан. ( қайшы )
- Оқушылардың қайшымен жұмыс жасаудың қауіпсіздікережелерін естеріне салу, оны жұмыс барысында қадағалап отыру.
Оқушыларменжұмыс істеу.
1. Сүт қорабыналғызып.
2. Үш қорапты әр түрлібиіктікте түзеу қию қажет.
3. Қалған үш қорап болса,қиғаш кесіледі.
4. Қораптың сыртынтүрлі -түсті қағазбен қаптап, желімдеу.
|
Мағынаны тану
|
а) мұғалімнің түсіндірмесі
Қатырма қағаздан құстарға жем салатын қораптың қабырғасын аласа, ішін кеңдеу етіп жасайды. Қалам салғышқа қалам, қарындаштарымызды саламыз. Сонда олар әр жерде шашылып қалмайды, әрі жоғалмайды. Біз қалам салғышты адам бейнесіне келтіріп құрастырамыз.
Пысықтау:
1. Қораптың қабырғаларын бір-біріне желіммен бекітіп, құрастырамыз. Қораптың түбі мен қабырғаларын бір-біріне бекіту үшін қатырма қағаздың жиегіне желім жағып, оны қабырғаларына жапсырамыз. Қалам салғыш құрастыру үшін қатырма қағаздан 11 см х 12 см етіп қалып үлгі дайындаймыз.
2. Қалып үлгіні қағаздың бетіне қойып, белгі саламыз. Қағаз шетін желім жағу үшін артықтау аламыз.
3. Қатырма қағазды цилиндр пішінді етіп бүктеп, желімдейміз.
4. Қатырма қағаздан бас киімін жасаймыз. Ол үшін бас киім дайындамасын конус тәріздес етіп қиып, екі жағын бір-біріне жалғап жапсырамыз.
5. Түрлі-түсті қарындашпен адам бейнелі қалам салғыштың көзін, аузын салып, киімін көркемдейміз. Одан кейін бас киімін кигіземіз. Қалам салғыштың аяғын желімдеп бекітеміз. ә) оқулықпен жұмыс.
|
Сергіту сәті
|
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосайық
Қатты-қатты соғайық.
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
« Ойлан жауап қайтар».
- Мінебалалар сүт қорабынан қалам салғыш жасадық.
- Ендіжұмбақбай атанын аулына келдік. Ол кісі сендерге жұмбақ дайындапты.
1. Аяғыбіреу, қолы жоқ,
Шиыр- шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам)
2. Өзі- артық, сөзі-әріп. (қарындаш)
3. Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты,
Өзінде құртты. (өшіргіш)
4. Жылмаң- жылмаңетеді,
Жылмаңдап сайдан өтеді.
Із- міз тастап кетеді. (ине)
5. Кішкенеөзі, мың көзі. (оймақ)
6. Жарқылдаған қосқылыш,
Қолға тисе, жоқ тыныш. (қайшы)
|
Үй тапсырмасы
|
Жұмысты аяқтау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|
Еңбек
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Қатырыма қағаз жолақтарынан тоқылатын бұйымдар
|
Сілтеме
|
Еңбек оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Заттарды көлеміне қарай айыра білуге үйрету. Үлкен – кіші, ұқсас, ұқсас емес деген сөздерді қолдана отырып, ойнату арқылы зейінін, есте сақтауын, ойлауын дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: ойын – сабақ, күтпеген сәт, көрсету, түсіндіру, салыстыру, сергіту сәті.
Көрнекіліктер: түрлі түсті жапырақтар, көк, қызыл жолақшалар, түрлі түсті қатырма қағаз жолағы.
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
|
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
|
Қызығушылықты ояту
|
Суреттегі бұйым қалай жасалған деп ойлайсыңдар?
Сендердің қолдарыңнан келе ме?
|
Мағынаны тану
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Сұрақтарға жауап беру.
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
Өнерлі өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
Өнерлі өрге жүзер.
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
Өнерліге өлім жоқ.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөз алтын.
Өнерлі бала сүйкімді.
Өнер білсең-өлмейсің.
Өнерлінің өзегі толмас.
Өнер-таусылмас азық.
Жұтамас байлық .
Бай болмасаң бай болма
Өнер, білімге сай бол,
Өнерлі қол бақытқа жол.
Ілім-іштегі нұр,
Өнер сыртқа салынған түр.
Өнер таусылмас азық,
Сарқылмас байлық.
|
Үй тапсырмасы
|
Жұмысты аяқтау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|
Достарыңызбен бөлісу: |