Сабақтың атауы Білім күні. Бейбітшілік сабағы Мақсаты Мақсаты мен күтілетін нәтижелері



бет87/106
Дата25.01.2017
өлшемі10,01 Mb.
#7710
түріСабақ
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   106



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сөйлем.Геолог.


Мақсаты

а) Сөйлем туралы білімдерін пысықтау.Қаныш Сатпаев

туралы Геолог сөзіне түсінік беру.Өлеңді оқи отырып

білімдерін қалыптастыру.

ә) Оқу дағдысын дамыта отырып, қазба байлықтар туралы

білімдерін қалыптастыру.

б) Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, Қастеев суреті,өмірбаяны

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.



II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.



IV. Мақсат қою кезеңі. Балалар, геолог сөзін бұрын естіп көрдіңдер ма? Ол қандай

мамандық иесі?



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Мұғалім түсіндіруі.

Біздің Отан жеріндей

Жер жоқ , кеннің бірі бар,

Іздеп соны ерінбей,

Геологтар сабылар.

Асыл іздеу азап бұл

Шарлап тау мен даланы.

Ақырында ғашып бір

Кеннің көзін табады.

Дәптермен жұмыс

157-жаттығу. Тиісті тыныс белгісін қойып жазыңдар.

Дала қандай тамаша. Гүлдер неткен әсем. Сен жазғы даланы тамашалап көрдің бе?


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

Басылады


Ой толғаныс

VI.Жаңа материалды пысықтау.

Елімізде қандай қазба байлықтар бар?

Қазба байлықтар не үшін қажет?

Геолог қандай мамандық иесі?



Қаныш Сатпаевты неліктен геолог-ғалым дейміз?

Үйге тапсырма

Геолог өлеңін мәнерлеп оқу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сөйлем.Ғарышқа ұшу

Мақсаты

а) Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы

түсінік бере отырып, «Ғарышқа ұшу» өлеңімен таныстыру

ә)Сөйлеу тілдерін, ой-өрістерін дамыту.

б) Сауатты жазуға, бірін-бірін тыңдауға , сыйлауға, адам

бойындағы жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өсуге

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, Т.Әубәкіров суреті,өмірбаяны

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап, әңгімелеу


Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. «Геолог» өлеңін оқушыларға мәнерлете оқытып,

сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылау

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі. Балалар, қазақтың тұғыш ғарышкері кім? Ол туралы не

білеміз -Т.Әубәкіров


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкеріКеңес Одағының Батыры (1988),Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Ол 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітірген (1979). 1969 — 75 жылдары Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары. 1976 — 1992 жылдары Мәскеудегі Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды. 1988 жылы кеңес одағында алғаш рет әуеде ұшаққа екі мәрте жанармай құйдыру арқылы солтүстік ендікке қонбай ұшуды ерлікпен жүзеге асырды. Реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан “Союз ТМ-13” кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Оқулықпен жұмыс

Жаңа тақырыпты оқушыларға толықтай оқыту

VI.Жаңа материалды пысықтау. Алғаш ғарышқа ұшқан кім?

Қай жылы ұшты?

VII.Бекіту кезеңі. Сөйлем дегеніміз не?

Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгілері қойылады?-



Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?

Үйге тапсырма

159-жаттығу 172 бет


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет