Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Заттың атын білдіретін сөздер. Жазғытұрым
|
Мақсаты
|
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінік
беру.І.Жансүгіровтың өмірбаяны мен өлеңдерімен
таныстыру
ә) Сөйлеу тілдерін дамыту.Сөздік қорын, есте сақтау
қабілеттерін дамыту.
б) Тазалыққа,ұқыптылыққа, әдептілікке , әдемі жазуға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: оқулық, суреттер І.Жангүровтың суреті,
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әнұранды жатқа сұрау
2.Ережелерді жатқа сұрау
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Тест сұрақтары
арқылы білімдерін тексеру.
IV. Мақсат қою кезеңі:Біз бүгін «Заттың атын білдіретін сөздермен» танысамыз.Оларға қандай сұрақтар қойылатынын білеміз.І.Жансүгіров туралы мағлұмат алып, өлеңімен танысамыз.
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
Оқулықпен жұмыс:
V. Жаңа сабақ:Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінік беру -мынау не?
-Парта -Мынау кім?- Мынау не?Заттың атын білдіретін сөздерге кім?не? сұрақтары қойылады.Жанды мысалы: адамдарға кім? Жансыз заттарға не? Деген сұрақтар қойылады.
Дәптермен жұмыс.
82-жаттығу Сөздерді оқу.Әрқайсысына ауызша сұрақ қойғызу.
Аю-не? Бүркіт-не? Сүт-не? Тігінші-кім? Ұшқыш-кім?
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
Басылады
|
Ой толғаныс
|
83-жаттығу Кім?не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді суретке қарап тапқызу.Әр сөзге сұрақ қойғызу.Көп нүктенің орнына заттардың атын жазғызу.
Кім? Не?
Бала, Әсем ит
Асқар күшік , тау
Оқушыларға көктем мезгілі туралы әңгімелеу.Оқушылардың өздеріне әңгімелету.
І.Жансүгіровтың суретін көрсетіп, өмірбаяны туралы мағлұмат беру, мазмұнын түсіндіру.
VI.Жаңа материалды пысықтау:Сөздік диктант. Кім?не? сұрақтары бойынша екі бағанға бөлініп жазғызу.
VII.Бекіту кезеңі:«Кім тез?» ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімін бекіту
|
Үйге тапсырма
|
«Жазғұтырым» өлеңін жаттап келу. 84-жаттығу
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|