Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Заттың атын білдіретін сөздер.Құстарым келіңдер
|
Мақсаты
|
а) Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы
түсініктерін кеңейту.Қ.Ыдырысовтың өлеңімен таныстыру
ә) Ойлау, сөйлеу тілдерін дамыту.Сөздік қорларын молайту.
б) Тазалыққа,ұқыптылыққа, әдептілікке , адамгершілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі : оқулық, суреттер, Қ.Ыдырысовтың суреті,
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, ойын
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:84-жаттығуды тексеру.Заттың атын білдіретін сөздер
туралы сұрау. «Жазғытұрым» өлеңін жатқа сұрау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Үлестірмелі карточкалар таратып, тапсырмаларды орындатып, сұрақтарға жауап беріп білімдерін тексеру.
IV. Мақсат қою кезеңі:Біз бүгін Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерімізді кеңейту мақсатында жаттығулар орындаймыз.Қ.Ыдырысов туралы мағлұмат алып, өлеңімен танысамыз.
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
V. Жаңа сабақ:Кім? Кімдер? Не?Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер адамның , жануарлардың және заттардың атын білдіреді.Айсұлу, қоян, кітап т.б.
Дәптермен жұмыс.
85-жаттығу. Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жаздыру.Не? сұрағына жауап беретін сөздерді табыңдар.
Көрікті көктем келді.Қар ери бастады.Жылы жел соқты.
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
Басылады
|
Ой толғаныс
|
86-жаттығу.Түсініп оқыту.Мамандықты білдіретін сөздерді тауып, оларға сұрақ қойғызу.
Әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс жүргізу .Қ.Ыдырысовтың өлеңін оқып беру, түсіндіру. Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Жұмбақ шештіру, жаттату.
Тал басында,
Түндіксіз отау. (Ұя)
VI.Жаңа материалды пысықтау:Сөздік диктант. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарыбойынша екі бағанға топтап жаздыру.
VII.Бекіту кезеңі.«Гүл теру» ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімін бекіту.
|
Үйге тапсырма
|
Келіңдер құстар өлеңін жаттау
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Сауысқан мен көкек. Жұмбақ.
|
Мақсаты
|
а) Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы
түсініктерін кеңейту мақсатында жаттығулар орындату.
Ертегімен таныстыру.Жұмбақ шеше білуге үйрету.
ә) Оқу жылдамдықтарын арттыру.Сөйлеу тілдерін дамыту,
сөздік қорларын молайту
б) Достыққа, көмек көрсете білуге, қамқорлыққа, әдемі жазуға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: оқулық, сауысқан мен көкектің суреті, кесте.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, ойын
|
Күтілетін нәтиже
|
+Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылықты ояту
|
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің
тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау: 1.«Келіңдер құстар» өлеңін жатқа сұрау.
2.Ережелерді қайталап өту.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Өткен тақырыптар бойынша шағын толықтыру кестесін алу.Мыс: сөйлемдегі нүктелердің орнына қандай заттың атын білдіретінін сөз қоюға болады?
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
IV. Мақсат қою кезеңі:-Біз бүгін сендермен «Ертегі» деген жаңа ұғыммен танысып, «Сауысқан мен көкек» ертегісін оқимыз.Заттың атын білдіретін сөздер тақырыбы бойынша жаттығу жұмыстарын орындаймыз.
V. Жаңа сабақ: Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерін еске түсіре отырып жаттығулар орындау.
87-жаттығу. Сөйлемдерді оқыту.Осы сөйлемдердің ішінен кім? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазғызу. Айжан, Мұрат, Серік, Мақсұт.
Әдеби мәтін тақырыбы бойынша бізге «Сауысқан мен көкек» ертегісі беріліпті.
Ертегі дегеніміз адамдардың ой-қиялынан туған шығарма.
Ертегінің түрлері өте көп.Солардың ішінен бүгін біз құстар туралы ертегімен таныс боламыз.Сауысқан мен көкектің суретін көрсетіп, таныстырамын. Ертегіні мәнерлеп оқып бер, мазмұнын әңгімелеп беру.Ертегіні кезекпен оқыту.Түсінгендерін тексеру.
|
Сергіту сәті
|
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
|
Ой сергітеді,шашағандары
Басылады
|
Ой толғаныс
|
Сауысқанның көкекке ұя салуға ұсыныс жасау себебі не?
Көкектің қандай ойы болды?
Сауысқан ұяны қалай салды?
Көкек қандай құс екен? Сауысқанның ұя салу әдісін ертегіден тауып оқыту.
Ал енді балалар, мына жұмбақтағы сөздер осы құстардың қайсысына ұқсайды екен?
Жұмбақ.
Қайталап атымды Кез келген ұяға.
Ән салып аламын. Жұмыртқа саламын (көкек)
VI.Жаңа материалды пысықтау: Ертегі дегеніміз не? - Біз қандай ертегімен
таныстық? Ертегіден біз не үйрендік
VII.Бекіту кезеңі: «Кім жылдам» ойынын ойнату арқылы оқушылардың білімін
бекіту.
|
Үйге тапсырма
|
88-жаттығу Ертегіні оқу
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
Достарыңызбен бөлісу: |