Сабақтың атауы Әлiппенiң атасы (А. Байтұрсынов жинағынан) Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет44/73
Дата24.02.2020
өлшемі3,65 Mb.
#58916
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73
Байланысты:
Әдебиеттік оқу 3-сынып Атамура




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

М. Дулатов. Қоян

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылар қыс мезгіліндегі аңдардың тіршілігі туралы оқып үйренеді, топтық жұмыстарды орындауға бейімделеді
ә) Өз ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдысы қалыптасады, оқу техникасы жетіледі; 
б)Табиғаттан үйрену арқылы зерделі болуға, бақылағыштыққа тәрбиеленеді. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары; сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік әдістері; АКТ модульі
Көрнекілік және қажетті құралдар: Дидактикалық материалдар, оқулық, дәптер, қалам.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,



Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

 І.Ұйымдастыру кезеңі: 
-Оқушылармен амандасу.
-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
-Мағжан Жұмабаев «Аққала» өлеңінің бір шумағын жатқа мәнерлеп оқу.
-Аққала өлеңінде қыстың қандай бейнесі суреттелген?
-Көңілді.
-Ал сендердің көңіл – күйлерің қандай?
-Көңілді (Орнында отырып смайлик көтеру).
-Олай болса жоғары көңіл күймен үй тапсырманы қаншалықты игергенімізді көрсетейік. Ол үшін біз топтарға бөлініп алайық.
Қызығушылықты арттыру. 
Жұмбақ жасыру. 
1. Секектеп бір тұрмайды,
2. Өреден құрт ұрлайды. (Сауысқан). 
-Өре сөзі бізге таныс па?
2. Сылдырдан қорқады
Шошынып жортады. (Қоян). 
-Қар ұлпаларының артына қоян және сауысқан сөздерін жазып тарату ақылы екі топпен жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызу. (Әр топта 11оқушыдан болады)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: 
«Аққала жасау» ойыны арқылы сұрақ-жауап, әңгімелеу әдісі қамтылады.
1. Қысқы ойын түрлерін айт. (сырғанақ, аққала, коньки, шаңғы тебу, хоккей)
2. Аққала өлеңінің авторы жайлы не білесің?
3. Өлеңде ақын қолданған көркем сөздерді ата. 
(күміс қарға көбіктей, сүңгіп алып сүліктей, күлкілері-меруерт)
4. «Қарды соғып төрт бұрыш» деген жолдан бастап өлеңді жатқа айт.
5. Өлеңде «кесеге» сөзінің мағынасы нені білдіріп тұр? (мұнда: қатқан қардан кесек ойып алу)
6. Қыс айында құстар қалай тіршілік етеді? (отырықшы құстар туралы айту).
7. Аңдар қыста тіршілігін қалай жалғастырады?
ІІІ. Жаңа сабақ. (жалпы 20 минут)
1. «Ойлы бала озар» Көру арқылы есте сақтау қабілетін тексеру. 
Суретке зер салып, бес түрлі айырмашылығын тап. (1 минут) 
(Жауабы:1.Сауысқанның басы жоғары қарап тұр, төмен қарап тұр. 
2. Құйрығы жоғары, жатық. 3. Қоянның құлағы тік, жатық. 
4. Қоянның көзі ашық, жабық. 5. Қоян ағаштың сол жағында, оң жағында)
2. Топтық жұмыс. Суретте көрсетілген аң мен құс туралы не білесіңдер? 
«Топтастыру» стратегиясын қолдану. 3 минут.
Сауысқан тобынан күтілетін жауаптар: тірі табиғат, құстар класына жатады, отырықшы құс, қыстап қалады, өте сақ, ұрлық жасайды, жәндіктер және өсімдік қабығындағы дернәсілдермен қоректенеді. 
Қоян тобынан күтілетін жауаптар: тірі табиғат, аң,өйткені денесін жүн басқан,қоян баласы-көжек, жыл мзгіліне сай киімін згертіп, жауынан қорғанады, өте көбейгіш, үш ай сайн көбейеді, бірақ мейірімсіз, көжегін тастап кетеді. 
3. Сергіту сәті. (1 минут) 
Қоянға тиісті іс-әрекет айтылса, қоян қимылын салу, сауысқанға тиісті іс-әрекет айтылса, сауысқан қимылын салу. 
4. Оқулықпен жұмыс. 168-беттегі мәтінге назар аударайық. «Қоян»
5. Автор тану. М.Дулатов туралы түсінік беру. (слайдпен жұмыс) 3 минут
6. «Өзім үшін» стратегиясы. (СТО) -Тақырып хабарланады «Қоян»;
-Әркім өзі үшін мәтінді іштей оқиды; 
-Әркім өзі үшін қажетті мәліметті түртіп алады;
-Топта сурет салуда қолданады 
-Қорытынды пікірлер сұралады. Постер қорғауда 
қамтылуы керек мәселелер: (слайдтан көру)
-Қоян құлағын түріп не істеді? 
-Келе жатқан кімдер еді? 
-Олар не жайлы әңгімелесті? 
-Қоянның саяхаты немен аяқталды?
ІҮ. Қорыту. Бағалау. 
-Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік?
Енді осы қоянның алты жақты қыры неде екенін сараптайық.
«Кубизм» стратегиясы.
Байланыстырыңыз. (Пайдалы жағын өмірмен байланыстыру) 
Қарс шығыңыз. (Зияндылығы)
Саралаңыз. (Шығу тарихы, неден) 
Салыстырыңыз. (Екінші бір нәрсемен)
Суреттеңіз. (Сипаттау)
Қолданыңыз. (Қоян рөліне ену) 

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет