а\ Сабақты психологиялық дайындық.
Тақпақ:Үкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз,
Жақсылықтан үйреніп,
Жамандықтан жиреніп.
Үлгі алатын жақсыдан,
Боламыз біз жақсы адам.
2\Жаңа сабақты хабарлау.
Балалар, біз бүгін ата-бабалар еліне саяхатқа шығамыз.Кез-келген адам саяхатқа барғанда сол жердің елімен, жерімен, салт-дәстүрімен танысады.Біздің ата- бабаларымыздың болашақ ұрпағына асыл мұра етіп қалдырған тілі, салт- дәстүрі, әдет-ғұрыптары, бірлікті ту еткен. Болашақ Ұрпағының білімді,өнерлі, тәрбиелі болғанын армандаған.
Біз, қазіргі кезеңде «Өткен өмірден» атты тараумен жұмыс жасаудамыз.Бұл тарауда қазақтың елге танымал болған тұлғалары туралы мәтіндерді оқып, танысып жатырмыз. Ал бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Дарынды суретші». Яғни қазақтың дана адамдары туралы айтамыз.
Ендеше саяхатқа мына автобусқа мініп барамыз. Автобусқа міну үшін не керек? /билет\.
Қызығушылығын ояту.
Бүгінгі сабақта біз билетті ақшаға емес, өз білімімізге сатып аламыз.
Жұмбақтар шешу арқылы:
1\Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем. \кітап\
2\ Өзі арық, сөзі –әріп.\қалам\
3\Тұмсығымен қозғалар,
Соңынан аппақ із қалар.\Бор\
1- Ауыл «Өнер» ауылы- үй тапсырмасын тексеру
-Өнер ауылына келдік. Үй тапсырмасын тексеру.Бұл ауылдың тұрғындары «Көкпар» ойынын ойнап жатыр екен. Біздің өткен сабағымызды сынамақ:
1/Мәтін неге «Жезтаңдай әнші» деп аталған.
2/Манарбек Ержанов қашан дүниеге келді, қай жерде?
3/Алматыға келіп, кіммен кездеседі?
4/Манарбек қандай халық әндерін орындаған?
5/ Қандай әндерді халық әндері дейміз?
Ендеше: Тоғжанова Аяжан бір халық әнін орындайды.. «Ахау, айым-ай»
Мұғалім:Манарбек Ержанов- әнмен қатар күй де жазған компазитор. Әншінің өнерге сіңірген еңбегін бағалаған Қазақстан үкіметі 1936 жылы Республиканың Еңбек сіңірген әртісі, кейін Халық әртісі деген құрметті өнер атағын берді.
2004 жылы «Асыл-Мұра» жобасы бойынша «Манарбек Ержанов» деген атпен автордың орындауында әндер жинағы жариялады.
Мұғалім: Ән айту, сурет салу қазақ халқының бойына берген дарыны.Қазір, мына өлеңді жалғастырып көрейік:
Шіркін сурет сабағы,
Ауылды еске салады,
-----------------------------,
-----------------------------.Ендеше біздің автобус «Білім» ауылына келіп тоқтады.
Ой қозғау.
Алматыда 1976 жылы музей ашылды.Ал 1984 жылы музейге қазақтың халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.Музей өте бай қорға ие. Ендеше Әбілхан Қастеевтің салған суреттеріне саяхат.
Слайд.
Сабақтың тақырыбы: «Дарынды суретші»
а\Қазақтың бейналау өнерінің негізін салушылардың бірі Әлілхан Қастеев 1904 жылы қаңтарда Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі ауылды мекенде дүниеге келген.Кішкентайынан «көзінде айнасы бар бала атанған»
Бұл өнерді қайдан, кіммен үйрендің? деген ұстазының сауалына Әбілхан: «Таудың бұлағынан, қойдың құлағынан.Апамның киізінен , ешкінің мүйізінен- деп жауап берген екен.
Әбілхан Қастеевтің қай туындысын алып қарасаң қазақ халқының тыныс тіршілігі мен болмыс бітімі айқын көрініс табады.Оның шығармасынан табиғаттың аса көркемдігін, керемет шеберлігін көруге болады. 2004 жылы Әбілхан Қастеевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
б\Оқулықпен жұмыс:беті тақырыбы: «Дарынды суретші»
Тізбектей оқу.
Сөздік жұмысы:Басқұр-уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастыра байлайтын өрнекті жалпақ.....
Сұрақтарға жауап беру:
1\Ә.Қастеев кім, қандай суреттерін білесің?
2\Ә Қастеев суретші болуына кімнің әсері тиді?
3\ Суретші қайда оқыды?
4\Өзің сурет салуды ұнатасың ба?
5\Қандай өлеңін білесіңдер?
Суретші ата-Қастеев. Жатқа айту.
Оқушылардың ізденуі бойынша әңгімелесу.
Мінекей, балалар «Білім» ауылында осындай тамаша суретші атамызбен таныстық.Енді келесі ауылға аттанайық.
«Болашақ» ауылының тұрғындары сендерге мынадай тапсырмалар беріп отыр.
Бекіту:1\Әңгімені басқаша қалай айтуға болады?
2\ Осы мәтінге сәйкес келетін мақал-мәтелдер.
Дәптермен жұмыс.Мақал жазу.
а\ Өнелінің өрісі кең.
ә\ Өнерді үйрен де жирен.
Қызының айтқан әңгімесіне сүйене отырып Әбілхан атаға мінездеме беру.
«Әбілхан білімді, әр нәрсені білуге құштар,өнерлі, жақсылық тілейтін, ілтипатты, әдепті тұлға ретінде көреміз»
Сөз жұмбақ шешу:
Әбілханның қызы кім? Гүлнәзия
2\Еңбек жолын қандай темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады? Түрксіб
3\Қандай көрмелерге қатысты? Көшпелі.
4\Итінің аты:Жолбарыс
5\ Қандай суретші?Халық суретшісі
6\ Анасының аты:Айғанша
7\Әбілхан Қастеев 100 жылдық мерей тойы қандай көлемде тойланды?
«ЮНЕСКО» көлемінде тойланды.
Тігінен шыққан қарамен жазылған сөзді оқимыз-Әбілхан.
Бұл есім бүгінгі сабағымызда арқау болған ұлы есім.
Қорытындылау:
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
Қастеев
График-суретші бейнелеу өнерінің негізін салушы.
|
Әбілхан туған жердің табиғатын салған.
|
Алматыға барып Әбілхан атамыздың муражайын көргім келеді
|
Оқып үйрен ғалым бол,
Ең керегі адам бол.
|